Бірінші деңгей бағдарламасы идеясы

БІРІНШІ ДЕҢГЕЙ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫМЕН МЕКТЕПТЕ
ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Искакова Айгерім Жарқынбекқызы
№123 Т. Жүргенов атындағы орта
мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жалағаш ауданы
«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі,
оған жаңалық ашуға көмектескен жөн»
Г. Галилей
Әлемде қай сала болмасын он жылда бір реформа жасалып тұрады екен. Қарқынды бет алған білім саласындағы өзгерістер десаясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды, оларға нені оқыту керек?» деген сауал өзінен-өзі туындайды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Құзырлы мұғалімдердің қасиеттері, икемдіктері және олардың жұмыс тәртібі туралы зерттеулерден білуге болады. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі көңілге сай оқыту тұрады. (Frost, 2011) . Мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған бас, қол, жүрек сияқты қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Бұл дана Абай философиясындағы адамға үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек дегенге саятын секілді, менің ойымша. Яғни, ыстық қайрат дегені қол, нұрлы ақыл дегені бас, жылы жүрек болса да түсінікті. Бағдарлама идеясымен жұмыс жүргізгенде ұқлы ақынның айтып кеткен ғибрат сөздерін еске түсіріп, ата-бабаларымыздың жаңашылдықты әуел бастан-ақ болжағанына қайран қаламын.
Алдымен ата-ана, оқушы, әріптестер сауалнамасы нәтижесімен, мектеп әкімшілігімен ақылдаса отырып, №123 Т. Жүргенов атындағы орта мектептің даму жоспарына сындарлы оқытудың теориясына негізделген әдістерін енгізудің жоспарын жасап алдық. Мақсаты:
- Мұғалімдердің сабақ беру әдістемесіне сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс-тәсілдерін енгізу, дамыту;
- Әріптестерге сын тұрғысынан ойлауды дамыту модулін сабақ үдерісінде нәтижеге бағыттай қолдануды игерту, іс-тәжірибелерінде пайдалануға қолдау көрсету, бағыт-бағдар беру;
- СТО әдіс-тәсілдерін мұғалімдердің тәжірибелеріне кірістіру арқылы оқушылар өз пікірін еркін жеткізуге, сыни ойлауға үйренеді;
- Оқушылар алған білім, дағдыларын практика жүзінде пайдалануға дағдыланады.
Нәтиже және табыс критерийлері:
- Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс-тәсілдерін өз сабақтарында қолданады;
- Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, ынтасы жоғарылайды;
- Оқушылардың және мұғалімдердің сыни ойлау дағдылары дамиды;
- Білім берудің мазмұны жаңашылдыққа қарай бейімделеді;
- Оқушылар мектепте меңгерген білімдерін практикада жүзеге асыратын тұлға болып дамиды.
Өзгеріс
енгізудің мақсаты
Нені жетілдіру
қажет?
Жетілдіру үшін
жасалатын
әрекеттер
Уақыт
шегі
Күтілетін
нәтижелер
Тренингтер өткізу, сұхбат,
сауалнамалар алу алу (мұғалімдер,
оқушылар,
ата-аналар), алу, әңгімелесу (сұхбат) .
Коучинг пен
тәлімгерлік.
Сабақтарға қатысу,
талдау, талқылау
дәлелдеме жинау,
мониторинг,
рефлексия.
2013-2014
оқу
жылы
Мектеп
мұғалімдері
сын тұрғысынан
ойлау модулінің
әдіс-тәсілдерін
меңгереді және
сабақтарына
енгізеді.
І деңгей
мұғалімдері
С. Құлманқұлова
Л. Рысбаева
Ғ. Нұрмахатов
М. Есаханова
Г. Қанатбаева
А. Искакова
Іс-шаралар
(атқарылатын жұмыстар)
Ресурстар/
біліктілікті жетілдіру
Күтілетін
нәтиже
Ескерту/
қосымшалар
І кезең
Ұйымдастыру кезеңі
Мектеп дирекциясы
І деңгей
мұғалімдері
С. Құлманқұлова
Л. Рысбаева
Ғ. Нұрмахатов
М. Есаханова
Г. Қанатбаева
А. Искакова
ІІ деңгей мұғалімі
Д. Ілиясов
Мұғалімдер
ІІ кезең
Практикалық кезең
Мектеп әкімшілігі
І деңгей
мұғалімдері
С. Құлманқұлова
Л. Рысбаева
Ғ. Нұрмахатов
Ж. Манасбаева
Д. Ілиясов
М. Есаханова
Г. Қанатбаева
А. Искакова Мұғалімдер
ІІІ кезең
Қорытындылау кезеңі
Мектеп әкімшілігі
І деңгей
мұғалімдері
С. Құлманқұлова
Л. Рысбаева
Ғ. Нұрмахатов
Ж. Манасбаева
М. Есаханова
Г. Қанатбаева
А. Искакова
IIдеңгейлі мұғалім Д. Ілиясов
Мұғалімдер
Іс-әрекеттегі зерттеуді мектептің даму жоспарына енгізген басымдығымызға байланысты «Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім сапасын қалай арттыруға болады?» деген зерттеу сұрағын қойып алып, өзім жетекшілік ететін 8 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәні бойынша зерттеу жүргіздім.
Мәселе: Ағылшын тілінде ауызекі сөйлегісі келеді, бірақ грамматикасын толық меңгермегендіктен, әдіс-тәсілдер, ойындар арқылы қызықтырып, білім сапасын арттыру. Берілген материалды меңгертуден басқа грамматиканы үйретуге уақыт жеткіліксіз. Сондықтан мен проблеманы грамматикалық тапсырмалар қамтылған ойындар өткізу арқылы шешуге тырысамын.
Теориялық алғышарттар (негізгі идеялар) :
-Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін жүргізу арқылы оқушылардың оқуға қызығушылығы артады;
- Өз сыныптастарымен жақсы ынтымақтастық қарым-қатынаста болады;
-Ойын барысында грамматикалық тапсырма орындау арқылы ойланып, сұрақтың шешімін табуға деген құлышынысы артады. Соның нәтижесінде бір тәсіл арқылы бірнеше грамматикалық материалды ұғынуға мүмкіншілік туады.
Пән мұғалімдерімен (әсіресе орыс тілі пәнінің мұғалімі) пікірлесе отырып, сыныпқа психологиялық-педагогикалық сипаттама
Оқушылар саны: 16
Сыныптың құрамы: ер балалар-4, қыз балалар-12
Сынып жетекші А. Искакова 4 жылдан бері жұмыс жасаудамын. Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы. Бір-біріне қиын тұста жәрдем береді. Сынып ұжымы аудан, мектеп көлеміндегі іс-шараларға, қоғамдық еңбекке белсенді түрде араласады.
Сыныпта оқуға ынталандыру: оқушылар ағылшын тілінде оқуы жоғары деңгейде, сұрақтарға жауап беріп, ойларын жеңіл сөздермен жеткізе алады. Сабақта алған білімдерін өмірде көрсетіп жүр. Соның нәтижесінде көптеген жоба, сайыстардың жеңімпаздары.
Үлгерімі: Сыныпта 5 «үздік», 6 «жақсы», 5 «қанағаттанарлық» деңгейдегі оқушылар бар.
Тәртіп: сынып ұйымшыл, көпшіл, тәртіпті. Бірақ кері тартатын оқушылар кездеседі. Шыдамсыздық танытады. Түскен топтарының құрамына қарап, жақтырмаушылық сезімдері ішінара көрініп жатады. Тартыс көп.
Оқуға көзқарасы: Сынып оқушылары жаратылыстану пәндерінен гөрі гуманитарлық пәндерге бейім, әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі
Қызығушылықтары: Сынып оқушыларының бір тобы ән салып, би билегенді ұнатса, екінші бір тобы өлең шығаруға дағдыланған. Ал кейбіреулері компьютерде презентация жасап, сабақ өтуде алдына жан салмайды. Бос уақыттарында спортпен шұғылданады.
Сыныптағы қарым-қатынас: Сынып ұжымынан шеткері қалып қоятын оқушы жоқ. Тұйық мінезді Б. есімді қыз баланы достары өз орталарына тартып, үнемі қолдау көрсетіп отырады.
Оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілген өзгерістер:
-Сабақтың кезеңдеріне сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін қамтып отыру;
-Тапсырманы орындау барысына оқушылардың түгелдей қатысып отыруын қадағалау;
-Ойын барысында тапсырмаларды дұрыс орындады ма, жоқ па? Сөйлемнің грамматикалық құрылымы дұрыс па, жоқ па? Сұрақ қоюда сұрақ түрлері ескерілді ма? Барлығын назарда ұстап, қателіктерін сыныптастары тарапынан жөндеп отыруға ықпал жасаймын.
-Оқушылардың бір-бірін бағалауды формативті бағалау арқылы енгізу.
Деректерді жинау әдістері:
-Оқушылар арасында сауалнама жүргізу;
-Мониторинг;
-Кері байланыс парақтары (жазбаша) ;
-Фотосуреттер;
-Видеоматериал;
-Оқушы жұмыстары.
Негізгі қорытындылар:
-Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы анағұрлым артқан;
-Грамматиканы меңгеруде біршама қолжетімділік байқалады.
Қиындықтар және шектеуші факторлар:
-Сынып ішінде шу көбейіп кетті;
-Әр әдісті жүргізгенде, шарты бойынша орындап, орналасуда бейтараптық болды;
-Баға әділетсіздігі туындады;
-Сынып бөлмесінің қолайсыздығы.
Іс-әрекеттегі зерттеудің екінші сатысын жүргізу үшін қажетті нәрселер:
-Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдері грамматиканы меңгертуде қаншалықты тиімді болғаны туралы ойлану;
-Осы тәсілге сай болатындай етіп грамматикалық тапсырмалар ұйымдастыру;
-Осы тәсілді қолдана отырып болашақта басқа да сыныптарда жүргізіп көру.
Жылдың басында алынған сауалнамамен салыстырғанда, оқушылардың жауаптарында әлдеқайда алшақтықтың барын байқадым:
Айтылған үдерістің барлығын тәлім алушым қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ажар Қалдыбаевамен бірге жүргізіп отырдым. Оның да сабақтарында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін кірістіріп, сол арқылы білім сапасының жоғарылуына, оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығының артуына ықпалын тигізді. Осы орайда, тәлімгерлік жоспарын жасап, тәлім алушымның кәсіби шыңдалуына титтей болса да септігімді тигіздім. Мысалы, жоспардың наурыз айы бойынша атқарған жұмыстар төмендегідей:
Табыс критерийлері
Сіз қалай анықтадыңыз?
Сабақ біткеннен кейін талдау жасау. Оқу үдерісінің сапасын арттыруда тәлім алушының оқыту әдістемесіндегі сын тұрғысынан ойлау әдісін қалай пайдаланғанын, нәтижесін анализдеу. Оқу үдерісіндегі үлгерім динамикасын бақылау. Оқушылардың кері байланыстарын бейнежазбадан көру.
Қысқаша сараптамалық есеп
Жұмысының жетістігі, нәтижесінің болғанынан стимул қалыптасады, одан әрі тәжірибесін үздіксіз жетілдіреді,
дамытады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz