Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұстаз деген ұлағатқа бас идік!
1-оқушы: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңші. Ұлағатты ой
иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам
қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз. Алғаш әліппенің бетін ашып,
әріп танытқан, өмірдің қырын-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең
түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке
баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан
сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп,
өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып ұшырады. Сол үшін бойындағы асыл
қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға,-деп айтуында терең мағына жатыр. Егер әр адамның
жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол-мұғалімнің еңбегі. Сол нұрлы
жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңші. Дүниеде адамды
тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!
2-оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын
да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып
терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан,
ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
3-оқушы: Қымбатты біздің ұстаздар! Алтын күздің саясында жарқыраған
жүздерің бізбен бірге мәңгілікке қалмақ. Сіздер секілді мәуелі
бәйтеректерден тамырланып, мектеп бітірер сәтте сан тарапқа қанат қағамыз.
Бірақ аяулы мектебімізде білімнің қайнар көзіндей қалған мұғалімдерімізді
еш уақытта ұмытпаймыз. Суретші болсақ, ең әсем бейнені ұстазға арнаймыз,
сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстазға саламыз, жүрек күйін тербетер
сазгер болсақ, асыл әнді ұстазға шырқаймыз, сезімді бойлайтын ақын болсақ,
нұрлы жырлардың әр тармағын аяулы ұстаздарымызға арнаймыз.
4-оқушы: Ұстаз жүгі-ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп
сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік
сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Олай болса, қадірлі
ұстаздар сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің
шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, жас буынға дұрыс бағыт-
бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс,
отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін дей отырып, сіздерге
№221 Аққұм мектебінің оқушылары дайындаған шағын концертімізді тарту
етеміз. Олай болса сіздерге арналған әсем ән-шашуымызды қабыл алыңыздар.
Ән: «Құтты болсын мереке» орындайтын: Пернебай Анар
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар! Қазан айының алғашқы аптасында
республика көлемінде тойланатын ерекше мереке-ұстаздар мерекесі құтты
болсын!
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,-дей отырып «Ұстаз деген ұлағатқа бас
идік!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Соңдарыңнан еріп жүрген түлекпіз,
Бас иеміз әрқашанда тірекпіз
Армысыздар, жиналған қауым ұстаз,
Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас
Құтты болсын мереке баршамызға,
Жүріңіздер үнемі сіздер алда
Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер
Жемісті жерге екпеген, елге еккендер
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,
Зердесін болашақтың зерлеткендер.
1-жүргізуші: Күз мезгілінің алтын шуағымен бүкіл елімізде салтанатты түрде
Ұстаз күні аталып өтеді. Бұл мереке біздер шәкірттер үшін ерекше күн.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, тоғыз жыл бойы бізді білімнің
кәусар бұлағынан сусындататын асыл жандар-аяулы ұстаздарымыз. Қадірлі
ұстаздар! Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен
құттықтаймыз. Сіздерге айтар тілегіміз:
Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсіз жиып.
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
Асыл қасиет жас жүрекке сенсеңіз,
Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз
Мектептің абыройын биік ұстап,
Еліңізге адал қызмет еттіңіз
Үстем болып әрқашан мерейіңіз,
Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз.
2-жүргізуші: Мұғалім-зор тұлға. Мен ұстаздарымды күннің құдіретті сәулесіне
теңеймін. Мұғалім-әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, әдепті,
кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне
ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Ендеше ортада:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз,-дей отырып ұстаздарға деген ақ тілегін
білдіру үшін құттықтау сөзді мектеп директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға
береміз.
1-жүргізуші: Құтты болсын, ұстаздарым, мерекең,
Артсын сенің абыройың, берекең,
Осы күні ұлы тойды тойлайық,
Қуанышты, ұзақ болсын мерекең!
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне
Әуелеген әсем ән жолданады. Алдарыңызда әнші қыздарыңыз Аятбек Аружанның
орындауындағы «Ұстазым менің» атты ән сіздерге арналады. Қол соғып
қошеметтеп қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Ұстазым-екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін деп
Күнде ерте құшақ жая шықты алдан. Қадірменді ұстаздар мектеп оқушыларының
сіздерге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.
1-оқушы:Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдім асқарыңа
Біз дегенде ұмытып бас қамын да,
Қас қағымқа қасыңнан тастадың ба?
Ертіп кеттің елемей қиындықты,
Асқарына ғылымның бастадың да.
Қолым жетіп шын бақыт ұшпағына,
Аялы алақаныңнан үшқанымда
Кім боп, қайда жүрсем де қасымдасың,
Адал еңбек алғысым ұстазыма!
2-оқушы: Күмбірлейді туған жердің бел, өрі,
Күмбірлейді қайың, шырша, терегі.
Балбұлақ та қоңырау боп кеткендей,
Бүгінгі күн-
Ұстаз күні себебі.
Желпіндіріп,
Желіктірген күш қандай?
Балғындар шат,
Шаттық нұрын құшқандай
Бүгінгі күн-Ұстаз күні
Содан ба,
Алтын күн де күлімдейді ұстаздай.
3-оқушы:Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!
Бақ орданың жүрегі
Ертеңімнің тірегі
Ұрпақтардың өмірі
Нұрлы болсын тілегі.
Тек ізгілік тілегі
Әсем жүзі, гүл өңі
Ұлағатты ұстаздар
Мәңгі ғұмыр сүреді.
Ұлық тұлға-өр екен
Таси түссін берекең
Келген осы айтулы
Құтты болсын мерекең.
4-оқушы: Ұстаз деген ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры
Ұстаз деген шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі
Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
Қимағандар ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә мың
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.
1-жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бүкіл бір ұлттың көсемдері, ұлт
ұстаздары болып саналады. Мысалы: Абай, Шоқан, Ыбырай, Алаш көсемдері-
Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин,
Бейімбет Майлин, 20 ғасырдағы заңғар ойшылдар-Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев.
Әрине, бұлардың бәрі заманалық биіктіктен өз орнын иемденген ұлғаттылық
иелері. Осы кезде Шәкәрім Құдайбердиевтың нақыл сөздері еске түседі.
Еңбекпенен, өрнекпенен өнер ойға тоқылса,
Қайнар өмір, жайнар көңіл, ар ілімі оқылса.
2-жүргізуші: Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі
ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона
бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс
пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін
айтылмаса керек. Ендеше, келесі кезекті:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады,-дей отырып алдарыңызда Пернебай Сәнияның
орындаундағы «Мейірбан ұстаздар» атты әнді қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Қазақта: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
«Ұстазға қарап шәкірт өседі», «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат
таныр», «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» деген нақыл сөздер бар. Олай болса
шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
5-оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
6-оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
7-оқушы: Мейлі жас, мейлі кәрі бол,
Дана деп сені, пана деп сені ұғамын.
Көктемсің нұры, нәрі мол,
Диқансың және, кеншісің және мұғалім.
Қалыпшы деп те айта алам,
Құрыштай құйып, шыңдалған балғын жас жанды.
Мектептен түлеп майталман,
Батырдың жолы, бақыттың жолы басталды.
Өзіңсің өрен зергер де,
Алмастың қырын, болаттың жүзін жандырған
Қарыздар саған елдер де, қарыздар ғарыш та жаңғырған.
Анадай бесік тербеткен
Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің!
Суарып білім-шәрбатпен,
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
Мың рахмет, ұстаз-мұғалім!
8-оқушы: Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
1-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да,
жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі
соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік,
сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
2-жүргізуші: Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың
бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай
мектебіміздегі 1-9 сынып оқушыларының ұстаздарға арналған жүректен шыққан
ақ тілектерін тыңдасақ.
1-жүргізуші: Қасым Аманжолов: «Мектеп – кеме, білім-теңіз деп тектен-текке
айтпаған-ау сірә?» Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі
болса, ол-мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп,
жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңші! Адамды тәрбиелеп, оны
азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе? Сондықтан да ұстаздардың
еңбегі-ұлы еңбек.
2-жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін. Ән «Ұстазым» орындайтын Аятбек Аружан
1-жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз,
ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін
«Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп,
маңдайынан сипайтын адам.
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.
2-жүргізуші: Ұстаз деген асыл жан,
Табылар әр кез қасымнан
Білім берер жалықпай,
Сусындаймын жасымай. Қадірлі ұстаздар біз оқушылар арасында мына
номинациялар бойынша сауалнама жүргізген болатынбыз. Сол сауалнаманың
қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер.
Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп
Бишілердің билерін көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер,- мың бұралған бишілерге кезек берейік.
9-оқушы: Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!
10-оқушы:Ақыл, білім, көп бердің,
Анамдайсың, мектебім,
Сенде өсіп, көктедім,
Сенсің-өмір, көктемім
Көзге ыстық партасы,
Оқулығы, картасы,
Оқу қызық болғаны
Мұғалімнің арқасы.
1-жүргізуші: Сіздерден бастау алар бізге ілім,
Ізденіспен өтеді әрбір күнің
Осы ән сіздерге арналады
Аяулы да ардақты ұстаздарым. Әуелеген әсем ән сіздердің құрметтеріңізге
құрметті ұстаздар. Малтабар Айзаттың орындауындағы «Мұғалім- ол біздің»
атты әні.
1-жүргізуші: Ұстазы жақсының ұстамы жақсы. Жақсы мұраптың артынан су ереді,
Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді. Ұстаз мәртебесі-ел мерейі. Ұстазыңды
ұлы әкеңдей сыйла. Ұстаз болу жүректің асылдығы. Ұстаз-ұрпақ мақтанышы.
Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді, білімді жан тас қамалды күйретеді.
2-жүргізуші: « Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады». Абай Бұйырмас
білім тоқымай, ұстаздық қылма оқымай. Жарасады сыпайылық балаға, ұстазыңа
одырайып қарама. Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады. Ұстаз-
ұлағатты, салмақты, танымал, ардақты, зиялы адам.
1-жүргізуші: Мектеп – үйім, ұстаздарым-ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған
Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға дегім келеді. Себебі ұлттың
болашағы-ұрпағыңда болса, ұрпақтың тәрбиесі-ұстаз қолында.
Алтын бесік – отбасы,
Алтын ұя – мектеп!
Бұл екеуі де алтыннан қастерлі, неліктен? Өйткені, отбасы адамды дүниеге
әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдірсе, мектеп ақылы мен білімі
адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан – жақты жетілген, өз бетімен өмір
сүруге бейім, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Ал мектептегі басты
тұлға – ұстаз! Ұстаздарға мың алғыс! Ендеше, құттықтау сөзді мектебіміздің
оқу ісі жөніндегі орынбасары Жоланов Батырхан ағаймен тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Шораева Нәзігай апайға береміз.
1-жүргізуші: Құрметті біздің сүйікті ұстаздарымыз! Сіздердің әрқайсыларыңыз
біздерге қымбатсыздар! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор
денсаулық, еңбектеріңіз шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық
тілейміз.
«Мектеп-білім тірегі, ұстаз-оның жүрегі» демекші, ұстаздық жолындағы
еңбектеріңіз лаулап жана берсін!
2-жүргізуші: Ұстаздар қартаймасын, қажымасын,
Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын,
Немере, шөберенің бетін сүйіп,
Тәңірім бақтансізді айырмасын
Жақсылық атаулыға жақсы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар
Баланы сусындатып өсіруге
Білімнің бұлақ көзін аршығандар Құрметті оқушылар ұстаздарымызды әрқашанда
құрметтеп, сыйлап олардан алған білімімізді іске жарата білуіміз керек.
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсын мерекеміз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осыменен аяқталды мерекеміз. Қош сау болыңыздар.
«Талдырмай жүріп қанатын
Жүрекке жол табатын» ұстаздар
(сауалнама)
|р\с |Берілген номинациялар |Мұғалімдердің аты-жөні |
|1 |Ең ақылды ұстаз |1. |
| | |2. |
| | |3. |
|2 |Ең сүйікті ұстаз |1. |
| | |2. |
| | |3. |
|3 |Ең мейірімді ұстаз |1. |
| | |2. |
| | |3. |
|4 |Ең қамқор ұстаз |1. |
| | |2. |
| | |3. |
|5 |Ең сұлу ұстаз |1. |
| | |2. |
| | |3. |
|6 |Ең белсенді ұстаз |1. |
| | |2. |
| | |3. |
|7 |Ең білімді ұстаз |1. |
| | |2. |
| | |3. |
|8 |Ең сабырлы ұстаз |1. |
| | |2. |
| | |3. |
|9 |Ең іскер ұстаз |1. |
| | |2. |
| | |3. |
|10 |Ең ардақты ұстаз |1. |
| | |2. |
| | |3. |
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz