Тарих пәні: Қазақ хандығының құрылуы - сабақ жоспары

Алматы облысы,
Ұйғыр ауданы,
Долайты орта мектебінің тарих пәні мұғалімі: Аширова Лена Касимовна
Сабақ тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылуы»
Сабақтың мақсаты:
Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру.
Қазақ, алаш атаулары жөніндегі пікірлер мен болжамдармен таныстыра отырып, оқушы-лардың танымдық кабілеттерін дамыту.
Қазақ мемлекетін құрған қазақ хандарының іс-әрекеттері негізінде оқушылардың ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу. .
Сабақтың түрі
: аралас
Әдісі:
интерактивті
Пәнаралық байланыс
: география, әдебиет.
Көрнекілік:
слайдтар, портреттер, карта.
Сабақ барысы
. I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды билермен хандар суреттері арқылы топқа бөлу
ІI. Үй тапсырмасы.
І-топ
ХҮ-ғасырда қазақ жерінде өмір сүрген хандықтар, тайпалар туралы айтып бер?
Моғол хандығы
Ноғай ордасы
Әбілқайыр хандығы
ІІ-топ
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті.
Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды
Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар.
Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Хандықтың негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей
- Алғашқы қазақ хандығының аумағы
- Халқының этникалық құрамы
- Көрші елдер мен қарым-қатынас
І-топ
І-тапсырма. Жәнібек ханның өмірбаяны туралы айту.
2-тапсырма. Алғашқы қазақ хандығының аумағы (карта мен жұмыс)
ІІ-топ
І-тапсырма. Керей ханның өмірбаяны туралы айту.
2-тапсырма. Халқының этникалық құрамы
Көрші елдер мен қарым-қатынас
Сабақты бекіту:
І-топқа сәйкестендіру тесті.
ІІ-топқа ашық түрдегі тест беріледі.
Қортынды:
550-жыл Қазақ хандығының құрылуына, ассамблеяға 20 жыл, Ұлы Жеңіске 70 жыл туралы баяндау
Бағалау:
Үйге тапсырма: 36-параграфты окып келу. Қазақ хандығы пайда болған аумакты контур картаға түсіру.