2-сынып әдебиеттік оқу: Е. Ерботиннің Даңғой мысалы бойынша оқу-тәрбиелік сабақ жоспары

Әдебиеттік оқу. 2 сынып. Сабақтың тақырыбы: Даңғой. Е. Ерботин.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Дамытушылық: мысалдағы қалтарыс, кәде, даңғой, желөкпелік қырсығы т. б. сөздерді пайдаланып, оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын, мәнерлеп оқу және танымдық білімін арттыру, ой-өрісін жетілдіру.
Тәрбиелік:мақтаншақтықтың зиянын білгізіп, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
Көрнекілігі: сюжетті сурет, парақша, слайдтар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:мағынаны таныту, әңгімелеу, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап.
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі : ІІ. Мағынаны таныту . Кіріспе әңгіме Ұқыпсыздық, салақтық, ұрлықтан аулақ болу керек. Ондай жаман әдеттің бірі - даңғойлық яғни ретсіз мақтаншақтық. . Бүгінгі оқитын мысал осы жөнінде. Оның авторы Есентай Ерботин балалар ақыны.
. Мысалды оқып, сюжетті сурет бойынша мазмұнын түсіндіру.
1 слайд : Қиярдың суреті
Қияр туралы оқушыларға мәліметтер беру.
Қияр шөптекті, бақшада өсетін дақыл. Асқабақ тұқымдас көкөніс түрі. Қиярдың 30 жуық түрі бар. Жемісі қабақ, тағамға пайдаланады. . Жылу сүйгіш, топырақ жылынып, таңғы суық қайтып, күн әбден жылынғанда себіледі.
IІІ. Сергіту сәті . Қияр сөзін дене мүшелерімен жазу. 2 слайд : Ой бөлісу :
1. Шығарма неліктен мысалға жатады?
2. Қияр нені қиялдады?
3. Сол үшін не істеді?
4. Уақыт жеткенде қияр қандай күйге ұшырады?
5. Мысалда ақын қандай тұжырым жасайды? ІV. Кітаппен жұмыс:
. Мысалдан қиярдың сөзін тауып оқы.
Өлең сөздеріне сүйене отырып, «мақтаншақ» деген мағынаны білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы. Мысалдан «үлкен» деген мағынаны білдіріп тұрған сөзді тауып оқы. (үлкен, нән, алып, дәу) .
V. Дәптермен жұмыс:

3 слайд : Мақтаншақ, даңғой, желөкпе.

Венн диаграмма. ( Салыстыру. )

VI. Шығармашылық тапсырма:
4 слайд : Мысалдың соңғы шумағына көңіл бөліп, оның неге жататынын анықта: - мақал-мәтел, -нақыл сөз.
Қалтарыс, кәде, даңғой сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
VII. Ой толғаныс :
Өзіңді, досыңды, мақтап айт.
. Өзгені мақтаған немесе өзіңді мақтаған оңай ма? ұнай ма?

VIII. Ой түйіндеу :
5слайд : парақшада берілген сөздермен тілек айту.
Талап Өсек Отан
Еңбек Өтірік Ел
Рақым Мақтаншақ Халық
Терең ой Еріншек Ата-ана
Қанағат Қызғаншақ Мектеп
Білім Ұқыпсыз Туған жер
IX. Рефлексия:
-Адамға қажетті жақсы әдеттер: Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым т. б.
-Адамға жат әдеттер: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, жалқаулық, ұйқышылдық.
Ерботиннің мысалында қандай жаман әдет айтылған? Мақтаншақтық бұл жат қылықтардан аулақ болыңдар.

X. Үйге тапсырма: Мысалды мәнерлеп оқу. Мазмұнын жазу.
XI. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып әдебиеттік оқу сабағы: Есентай Ерботиннің Даңғой мысалы - мақтаншақтықтан аулақ болуға тәрбиелеу
2-сынып әдебиеттік оқу: Шона Смаханұлының Бұлбұл мен Тоқылдақ мысалы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
3-сынып: Шегіртке мен құмырсқа мысалы бойынша әдебиеттік оқу сабақ жоспары
3-сынып әдебиеттік оқу: Көжек ертегісі бойынша мәнерлеп оқу және тәрбиелік-дамытушылық сабақ жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу: Әнуарбек Дүйсенбиевтің Атай өлеңі бойынша сабақ жоспары
Өтебай Тұрманжановтың Қаңбақ пен Жантақ мысалы бойынша бастауыш сынып әдебиеттік оқу сабағының жоспары
2-сынып ана тілі сабағы: Тәкаппар мысалы негізіндегі оқу, дамыту және тәрбие сабақ жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу: Мұхтар Әуезовтың Әбілмансұр әңгімесі бойынша сабақ жоспары
2-сынып Әдебиеттік оқу: Қ. Рысбекұлының Бекзат мәтіні бойынша сабақ жоспары
3-сынып әдебиеттік оқу: И. Крыловтың (Абай Құнанбаев аудармасы) Шегіртке мен құмырсқа мысалы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz