7-сынып биологиясы: Көпжасушалы жасыл, қоңыр және қызыл балдырлардың құрылысы, тіршілік ерекшелігі және көбею түрлері

Биология пәнінен сабақ жоспары

Сынып:7

Сабақ тақырыбы : Балдырлар . Көп жасушалы жасыл балдырлар.

Сабақ мақсаты: Балдырлар, олардың әртүрлілігі. көпжасушалы және біржасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру

Сабақ міндеті:

Білімділік: Көп жасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар және олардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызымен таныстыру әрекетін ұйымдастыру

Дамытушылық: Алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және қорытындылай білу икемдігін дамытуға ықпал жасау

Тәрбиелілік: Көп жасушалы балдырлардың адам өміріндегі маңызымен таныстыра отырып, оларды тиімді пайдалануға баулу

Құрал-жабдықтар: тақта, маркер, суреттер, үлестірмелер, тірек-сызбалар.

Сабақ барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу, даярлығын қадағалау

Сабаққа назарын аудару

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Балдырлар туралы білімдерін топтау әдісін пайдаланып, тексеру.

Теңіз, өзен, көл Бір, көп жасушалы

Хроматофор

Бір, көп ядролы Таллом

Хлорелла мен хламидомонаданы салыстыра отырып, венн диаграмасын сызу.

Хламидомонада Хлорелла

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:

Спирогира - жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасушалы балдыр. Таспа пішінді хроматофоры жасушада оралма тәрізді орналасқан. Атауы осы қасиетіне негізделген. Ол өсімді және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею спирогира жіпшесі бірнеше бөлшекке немесе жеке жасушаларының бөлінуі арқылы жүреді. Әр бөлшегінің жасушасынан қайтадан спирогира жіпшесі пайда болады. Жынысты көбею жіптеріндегі екі жасушасының цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекінеді. Су түбіндегі қайыр - балшықтың бетін жауып жатады. Ол бірқатар қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді болады, төсемікке бекініп өседі. Спирогирадан айырмашылығы әрбір жасушасындағы жасыл түсті хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді . Жыныссыз көбейгенде кез келген жасыл жасушаларында екі, төрт талшықты зооспоралар түзіледі. Олар қозғалып, төсемікке бекінеді. Талшығын жойып, жаңа жасушалар түзе бастайды. Біртіндеп улотрикс жіпшесі пайда болады. Жынысты көбейгенде кез келген жасушасы бөлшектерге бөлінеді. Зооспоралардан кіші екі талшықты гаметалар түзеді. Олар екі-екіден қосылып, зигота пайда болады.

Түрлі түсті қағаз, қатты қағаз, файл, жіптер көмегімен жасалған балдырдың спора, зооспора, зоогамета мен зиготаның түзілу жолдарын түсіндіру. (Жынысты, жыныссыз көбейу)

Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған - қоңыр және қызыл балдырлар жатады. Қоңыр балдырға ламинария , саргассум және т. б. жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты қамтып, 20-30 метр тереңдікте өседі. Теңіздің терең түбінде (270 м) көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Талломы (денесі) - таспа, тақташа, жіп тәрізді, кейде жіптері тарамдалған.

ІҮ. Бекіту кезеңі:

І. Сұрақ-жауап

І топқа тест сұрақтары беріледі.

1. Хламидомонада қайда тіршілік етеді?

а) тоқтау суларда; б) өзенде;

ә) теңізде; в) көлде.

2. Жыныс жасушаларының аталуы:

а) зигота; б) спорофит;

ә) гамета; в) гаметофит.

3. Біржасушалы жасыл балдырлар қашан пайда болған?

а) 2 млрд. жыл бұрын; б) 3 млрд. жыл бұрын;

ә) 1, 5 млрд. жыл бұрын; в) 1 млрд. жыл бұрын.

4. Топырақта, ағаш діңінде өсетін балдыр?

а) хламидомонада; б) хлорококк;

ә) хлорелла; в) улотрикс.

5. Хлорококк балдырлары қалай көбейеді?

а) жынысты; б) жыныссыз және жынысты;

ә) жыныссыз; в) бөліну арқылы.

ІІ топқа тікелей сұрақтар беріліп, жауап алынады.

1. Балдырлар қайда тіршілік етеді?

2. Таллом деп нені айтады?

3. Хроматофор дегеніміз не?

4. Балдырлар қалай көбейеді?

5. Хлорелла балдырын ғалымдар не себептен жан-жақты зерттеуде?

6. Суда тіршілік ететін жасыл балдырлардың қандай маңызы бар?

Қорытындылау:

Оқушы аты-жөні

Үй жұмысы
Сандық тест
Қосымша
Қорытынды

«5»

0-1 қате

«4»

2-қате

«3»

3-қате

«5»

0-3қате

«4»

4-қате

«3»

5-қате

Үй жұмысы:
Сандық тест:
Қосымша:
Қорытынды:

ІІ Сандық тест

Берілген балдырдың бір түрі үшін дұрыс жауапты тауып, жауап кодын кестеге түсіріңіз.

1. Балдыр атаулары (түрі) :

1. хламидомонада; 3. улотрикс; 5. порфира.

2. хлорелла; 4. ламинария;

2. Балдырлар бөлімі:

2. 1. қоңыр балдыр;

2. 2. қызыл балдыр;

2. 3. жасыл балдыр.

3. Балдырдың сипаттамасы:

3. 1. шоғырланған организмдер;

3. 2. біржасушалы организм;

3. 3. көпжасушалы организм.

4. Сыртқы құрылысы:

4. 1. денесі жұқа, жіп тәрізді қаптама;

4. 2. денесі шар тәрізді, сілемейлі, торлы, талшықты жасушалардан тұрады;

4. 3. денесі сопақша пішінді, ұшы үшкірлеу, жағында екі талшығы бар;

4. 4. денесі кең жалпақ қаптама;

4. 5. денесі шар тәрізді, талшығы жоқ;

4. 6. денесі ұзын, таспа тәрізді қаптама.

5. Тіршілік формасы:

5. 1. субстратқа ризиоды арқылы бекіп тұрады;

5. 2. талшық арқылы қозғалып тіршілік етеді;

5. 3. су ағысымен пассивті қозғалады.

6. Тіршілік ету ортасы:

6. 1. тұщы суда тіршілік етеді;

6. 2. теңіз, мұхиттарда тіршілік етеді.

7. Хроматофорының немесе хлоропласының құрылыс ерекшелігі:

7. 1. хроматофор жұлдыз тәрізді, жасыл, қызыл пигменті бар;

7. 2. хроматофор сопақша тәрізді, жасыл пигменті бар;


Ұқсас жұмыстар
7-сынып биологиясы: Көпжасушалы жасыл балдырлар - сабақ жоспары
6-сынып биологиясы: Балдырлар бөлімі - біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы (№17 зертханалық жұмыс)
6-сынып биологиясы: Балдырлардың көптүрлігі және олардың табиғат пен халық шаруашылығындағы маңызы
7-сынып биологиясы: сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы мен тіршілік әрекеті
Бунақденелілер: дене құрылысы, көбею түрлері және табиғаттағы маңызы
7-сынып биологиясы: Құстардың тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылысы, ұшуға бейімділігі - сабақ жоспары
7-сынып биологиясы: Құстар - жалпы сипаттама, тіршілік ортасы және №9 зертханалық жұмыс (сыртқы құрылысы)
6-сынып биологиясы: сабақтың түрлері, құрылысы және қызметі
Жорғалаушылар класы: құрылысы, тіршілік әрекеті және Қазақстандағы түрлері
Желілілер типі және қандауырша: құрылыс, тіршілік ортасы және көбею ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz