Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері. жоғары жүйке қызметінің топтары


Биология пәнінен сабақ жоспары
Сынып:8
Мұғалім:Жакенова Ж.Ж.
Сабақ тақырыбы: . Адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері. Жоғары
жүйке қызметінің топтары.
Сабақ мақсаты: Адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Жоғары жүйке қызметінің топтары туралы түсінік беру.
Сабақ міндеті:
1.Білімділік: Адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктерімен таныстыруды
қамтамасыз ету. Жоғары жүйке қызметінің топтары туралы түсінік беру
әрекетін ұйымдастыру.

2.Дамытушылық: Оқулық мәтінімен, сызбанұсқалармен және кестелермен жұмыс
істеу икемдігін дамыту. Алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және
салыстыра пайдаланып, икемдікті дамыту.

3. Тәрбиелілік: Адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері туралы
ойларын сипаттай білуге үйрету. Жоғары жүйке қызметінің топтары-мен
таныстыра отырып, жүйке жүйесінің гигиенасын сақтай білуге баулу.
Құрал-жабдықтар:тақта,маркер,үлестірмелер,суреттер.
Сабақ барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу,даярлығын қадағалау
Сабаққа назарын аудару
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
А,В,С-тапсырмалары,оқулық-272-273,276-277 беттер.(Әлімқұлова Р.А.)
ІІІ .Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:
Презентация арқылы келесі түсініктерді түсіндіру:
1. Жоғарғы жүйке жүйесі
2. Сана
3. Ойлау
4. Сөйлеу
5. Зейін
6. Есте сақтау
Ойын:Комплимент
Презентация арқылы келесі түсініктерді түсіндіру:
1. Мінез
2. Темперамент
3. Сангвиник
4. Флегматик
5. Холерик
6. Меланхолик
Тренинг: Тренинг «Өзінді және басқаларды тану»

1. «Бағалайтын қолшатыр»

-Ашылған қолшатыр сүретін салыңыз, әр сымына өзіңізді сипаттайтын сөзді
жазыңыз.Неше сым сонша өз болу керек.

2. «Саған айтарым…»

Арқаға қағаз жабыстырылады. Көршілес отырған бала қағазға саған айтарым
деп сипаттма сөздерді жазады.

3. «Мен кімін»

Тест «Оң–сол»

Саусақтарыңызды құлыпқа жинаңыз

Сол қолдың үлкен саусағы жоғарыда болса– сіз эмоционалды адамсыз.

Оң қолдың үлкен саусағы жоғарыда болса –анализдеуші ой қабілетіңіз жақсы
жетілген (ойлау, пәлсапаны жақсы көресіз)

• Қалам не қарындаш алыңыз,бір затты нысанға алыңыз. Екі
көзбен нысанаға қалам ұшы арқылы қарау.Кезек-кезек
көздерді жұмыңыз.Егер сол көзді жұмып ,нысана басқа жаққа
ауып кетсе,ондағы оң көз басты болады және керісінше..
Оң көз байсалды,жігерлі мінез,сол көз-жеңіл,жұмсақ мінез.

• Кеудеге қолыңызды жинаңыз.
Жоғарыда оң қол болса-сіз қарапайым,жұмсақ адамсыз.Сол қол– коңіл күйіңіз
жеңіл,көтеріңкі.

• Шапалақтау,Оң қолпен шапалақтау- жігерлі мінез,; сол қол-
уайымшыл,шешімге келе алмайтын адам.

Тест:Темпераментті анықтау
Сіз:
1. Бір жерде тыныш отыра алмауымен ерекшеленсіз.
2. Тез ренжігіш және қызу келеді.
3. Жиі шыдамсыз.
4. Шешімді тез қабылдайды және ұйымдастырғыш болып келеді.
5. Алға жүреді, қырсық.
6. Ұрыстарда тез бағыт алады, тапқыш.
7. Сіздің іскерлігіңіздің ырғағы бір қалыпты емес, секірмелі.
8. Күтпеген жағдайларды жақсы көресіздер.
9. Реніштерді тез арада кешіресіздер.
10. Сіздің сөйлеуіңіз жылдам және қызу.
11. Өзіңізді ұстай алмағандықтан жиі зардап шегесіз.
12. Кемшіліктерді жақтырмайсыз.
13. Сізді барлық жаңалықтар еліктіреді.
14. Көңіл-күйіңіз жиі ауысады.
15. Сіз өмір сүйгіш және үнемі күлімсіреп жүретін адамсыз.
16. Сіз әрдайым жинаөысыз, энергия сізден сыртқа шығып тұрады.
17. Бастаған жұмысыңызды жиі аяқтамай ортасында қалдырып кетесіз.
18. Өз күшіңізді бағалай алмайсыз.
19. Сіздің қызығушылықтарыңыз жиі өзгеріп отырады.
20. Өзгерген жоспарлар мен жаңа жағдайларға тез үйреніп кетесіз.
21. Сізге өз жұмысыңыздан қол ұзу қиын емес, басқаның мәселесін сіз тез
арада шешіп бересіз.
22. Ұсақ-түйек жұмыстар мен істер сіз үшін емес.
23. Сіз қарым-қатынасты жақсы көресіз, көмекке келуге дайынсыз.
24. Сіздің сөйлеуіңіз анық және қатты.
25. Сіз қиын жағдайда да басты түсірмейсіздер, өзіңізді ұстай аласыз.
26. Жеңіл ұйқыға кетесіз және тез оянасыз.
27. сіз ойларыңызды қиын бағыттайсыз, жан-жақты шешім қабылдау сіз үшін
қиын.
28. Сіздің назарыңыз жоқ.
29. Сіз қатты және салқын қанды адамсыз.
30. Өзіңіздің сөздеріңіз бен істеріңізде сіз жүйелісіз.
31. Сіз өте абай және ақылдысыз.
32. Шыдамды, күте аласыз.
33. Көп сөйлемейсіз, жай сөзді жақтырмайсыз.
34. Сіздің сөйлеуіңіз баяу, тыныш.
35. Сіз өз күшіңізді дұрыс пайдаланасыз, артық күш жұмсамайсыз.
36. Сізде нақты күнтізбе бар, сіз өзіңіздің жұмысыңызды жоспарлайсыз.
37. Сынақты жақсы қабылдайсыз, төмендеткенді жақтырмайсыз.
38. Сізге бір жұмыс барысында басқа жұмысқа ауысу қиын.
39. Басқа адамдармен біркелкі, жақсы қарым-қатынастасыз.
40. Ұсақ-түйекке назар аударасыз, өте ұқыптысыз
41. Өзгерген жоспарлар мен жаңа жерге өте қиын бейімделесіз.
42. Сіз қозғалысты жақсы көрмейсіз, баяусыз.
43. Сіз ұялшақ адамсыз.
44. Жаңа жерде сіз сасқалақтай бересіз.
45. Сіз өзіңізге, өз күшіңізге сенімсізсіз.
46. Жалғыздық сіз үшін жаман емес.
47. Кері жағдайлар мен қиындықтар сізге кері әсерін тигізеді.
48. Өмірдің қиын кезеңдерінде сіз өзімен өзіңіз жүресіз.
49. Сіз шыдамыңыз нашар, тез шаршайсыз.
50. Сіздің сөйлеуіңіз ақырын, түсініксіз.
51. Сіз қасыңыздағы адамның мінез-қылықтары мен сөйлеу әдетін тез
қабылдайсыз.
52. Сенгіш және тез әсер аласыз.
53. Сіз перфекционистсіз, айналадағы адамдар мен өзіңізге деген
сұранымыңыз өте жоғары.
54. Кейбір күмәндігіңіз бен сенгіштігіңіз бар.
55. Сізді ренжіту өте тез.
56. Айналадағылар сізді аяған кезде сізге жақсы әсер етеді.
Ал енді тест нәтижелерін қорытындылайық. Тестте сұрақтардың 4 тобы бар,
әрбір топта 14 бекітулер бар. Алғашқы 14 (1-шіден 14-ші бекітуге дейін)
холерик темпераментін сипаттайды. Екінші топ 15-шіден 28-ші бекіту
сангвиникті сипаттайды. Үшінші топ 29-дан 42-ге дейін темпераменттің
флегматик типін сипаттайды. Және соңғы топ, 43-тен 56-ға дейін меланхолик
типін ажыратады.
Егер қандай да бір топтан сіз 10 плюстан көп алсаңыз, онда бұл темперамент
түрі сізде күштірек. Егер плюс мөлшері 5-9 болса, онда бұл белгілер сізде
аз мөлшерде бар. Және оң жауаптар одан да аз болса, бұл темперамент
қасиеттері әлсіз көрінген.

ІҮ.Сабақты бекіту кезеңі:
А,В,С тапсырмалары (Әлімқұлова Р.А.) оқулық
Ү.Қорытындылау және бағаларды жариялау кезеңі:
ҮІ. Үй тапсырмасын беру:
(оқу,мазмұны)


Ұқсас жұмыстар
Жоғары жүйке қызметінің топтары
Жоғары жүйке қызметінің топтарымен танысу
Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері
Ойлау жұп
Темекі шегуді тоқтату
Қатыспаған оқушылар саны
Ми бөліктері
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайлы ақпарат
Жүйке жасушасының өсіндісі
Жүректің құрылысы
Пәндер