Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Өзін-өзі тану "махаббат пен шығармашылық педагогикасы"
Босаға жалпы орта білім беру мектебінің
<<ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ:МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ>>
атты іс-шара туралы мәлімет
2014-2015 оқу жылының 2-12 ақпан аралығында 1-10 сынып оқушыларының қатысуымен <<Өзін-өзі тану>> пәнінің <<махаббат пен шығармашылық педагогикасы>> атты тақырыбында онкүндік өткізіліп жатыр.
Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, пән мұғалімдерінің өзара іс-тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
2 ақпан күні 1-11сыныптар арасында онкүндіктің ашылуына орай саптүзеу өткізілді.
Ашық сабақтар әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған, оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері қамтылып жатыр.
3 ақпан <<Мейірім төгетін ана>> тақырыбына кітапханашы К.Джакупова көрме ұйымдастырды.
Осы күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Есимгалиева С.Е 8 сыныпта <<Табиғат- бесігің, аялай біл>> тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету. Ашық сабақ адам өмірінің, құндылықтарын мәнін және оның қоршаған ортадағы орнын түсінуге бағытталған.
4 ақпан 5 сыныпта өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Еркебекова Б.Т <<Мейірімділік асыл қасиет>> тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: мейірімділіктің адам өміріндегі маныздылығын түсіндіру, өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, мейірбандыққа тәрбиелеу.
Сынып оқушылары сабаққа белсене қатысып, өз ойларын ашық айта білді.
Апта бойы <<Ана>>, <<Бейбітшілік>>, <<Достық>>, <<Мейірімділік>> тақырыбында технология пәнінің мұғалімдері сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастыруда.
7 ақпан 8-10 cыныптар аралығында <<Жаны саудың-тәні сау>> тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: өзін-өзі тану пәнінен өмір, денсаулық, үйлесімділік, басқа да құндылықтарды оқып, үйренуге басымдық бер
9 ақпан <<Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл>> атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Оқушылардың демалыстарын көңілді өткізу, оларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға және ұлттық ойындарымызды насихаттауға тәрбиелеу.
Осы күні <<Әң көңілдің ажары>> атты музыкалық кеш өтті.
Мақсаты: Оқушылардың музыка сабағынан алған білімдерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының ән - би, күйлерін бойларына сіңіру, қазіргі таңдағы өнерге деген көзқарастарын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
10 ақпан күні <<Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен>> деген тақырыпта 1 сынып ашық тәрбие сағатын өткізді. Өткізген сынып жетекшісі Букирова Анар Жанұзаққызы.
Мақсаты: балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге. бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
11 Ақпан күні 1-4 сынып аралығында <<Анама рақмет>> атты тақырыбында эссе жазу сайысы өтті. Жауапты Тіл бірлестігі.
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
12 ақпан күні Шығармашылық сайыс <<Өзін-өзі тану: махаббат, жылулық, адамгершілік>> атты қорытынды кеш ұйымдастырылып өткізілді.Қорытынды кешке 7-8-9-10 сынып оқушылары белсеңе қатысты. Жауапты өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Есимгалиева С.Е, Еркебекова Б.Т, Букирова А.Ж.
Сонымен қатар осы күні апталықтың жабылу салтанаты болып, жақсы суреттер, эсселер, сабақтарға белсене қатысқан оқушылар аталып өтілді.
Апталықта жоспарланған іс-шараның барлығы өткізілді. Сабақ барысында мұғалімдер қосымша материалдар, слайдтар қолданып, сабақтар өте жақсы дәрежеде өтті.Барлық мұғалімдер жаңа технологияның (интерактивті тақта) бар мүмкіншілігін молынан пайдаланды. Мұғалімдер де, оқушылар да апталық барысында белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс жасады.
Орын. Еркебекова М.А
Тел:60-2-56
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz