6-сынып биологиясы: омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі

Биология пәнінен сабақ жоспары

Сынып:6

Мұғалім: Жакенова Ж. Ж.

Күні:

Сабақ тақырыбы : Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі

Сабақ міндеті:

Білімділік: Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы туралы түсінік беруді қамтамасыз ету

Дамытушылық: Оқулықпен, кестелер-мен, сызбанұсқалармен жұмыс істей білу біліктігін дамытуға көмектесу

Тәрбиелілік: Жануарлардың жоғары сатысымен, олардың ағзасында өтіп жатқан түрлі физиологиялық құбылыстармен таныстыра отырып, оларға ерекше ықыласпен қарауға шақыру

Құрал-жабдықтар: тақта, маркер, суреттер, үлестірмелер, тірек-сызбалар

Сабақ барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу, даярлығын қадағалау

Сабаққа назарын аудару

ІІ. Үй жұмысын сұрау кезеңі:

Әңгімелеу, мазмұндау.

  1. Қан
  2. Қан құрамы.
  3. Антидене.
  4. Фагоцит.
  5. Иммунитет.
  6. Қанайналым жүйесі.
  7. Жүрек.
  8. Қан тамырлар.
  9. Тасымалдау жүйесі.

ІІІ . Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:

Мұғалімнің іс-әрекеті: тақырыпты түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс істеу, тақтада тірек-сызба жасау.

Оқушылардың іс-әрекеті: мұғалімнің түсіндіргенің тыңдау, сызбаны және анықтамаларды көшіру.

Омыртқалы жануарларға жатады: балық, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер.

Олардың қанайналым жүйесін қарастырмастан бұрын, вена, артерия, капилляр(тамырлар түрлері) , жүрек бөліктері мен салқынқанды, жылықанды не екенің түсіндіру керек.

Көмірқышқыл газына байыққан қан вена қаны деп аталады, ал осы қанды өткізетін тамырды вена тамыры немесе көктамыр дейді.

Оттегіне бай қанды артерия қаны деп, ал осы қанды өткізетін тамырды артерия немесе салатамыр дейді.

Салатамыр мен көктамырды байланыстыратын ұсақ тамырлар капилярлар немесе қылтамырлар деп аталады.

Жануарлар салқынқанды және жылықанды деп бөлінеді. Дене температурасы тұрақсыз ауа райына тәуелді болатын жануарлар салқынқанды деп аталынады. Ал дене температурасы тұрақты, қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес жануарлар жылықанды болады. Салқынқанды жануарлар:балық, қосмекенділер, жорғалаушылар. Жылықанды жануарлар:құстар, сүтқоректілер.

Жүрек бөлімдері(қуыстар) :қарынша, құлақша.

Балық:жүрегі екі қуысты, бір қарынша және бір құлақша.

Қосмекенді:Жүрегі үш қуысты, екі құлақша бір қарынша.

Жорғалаушы:екі құлақша, бір қарынша(қарыншада жартылай перде бар)

Құстар мен сүтқоректілерде:екі қарынша екі құлақша (төрт бөлімді)

Қанайналым шеңбері:үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.

Қанды жүректен бүкіл денеге тарататын артерия қантамырлары мен денеден жүрекке оралатын вена қан тамырын үлкен қанайналым шеңбері деп атайды. Қанның өкпе мен теріге баратын, одан жүрекке қайта келетін тармағы-кіші қан айналым шеңбері деп атайды.

Енді суреттер бойынша жануарлардың қанайналым мен жүректерін салыстырамыз.

Бекіту кезеңі: 1) В тапсырмасы, оқулық 146 бет, жазбаша.

2) Қиықшалармен жұмыс

Қорытынды: Сонымен, көпжасушалы жануарларда шұбалшаңнан бастап қанайналым жүйесі болады. Қанайналым жүйесінің құрылысы жануарлардың әртүрлі топтарында түрліше және даму деңгейіне қарай біртіндеп күрделенеді.

Үйге тапсырма беру:

§43 оқу және мазмұндау


Ұқсас жұмыстар
Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың құрылыс ерекшеліктері (7-сынып)
Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ас қорыту жүйесін салыстыру және пысықтау
Қанайналым жүйесі: мүшелері, қантамырлары және үлкен мен кіші қанайналым шеңберлері
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың зәр шығару жүйелерінің құрылысын салыстыруға арналған сабақ жоспары
Қанайналым жүйесі: үлкен және кіші шеңберлері
6-сынып: Көп жасушалы жануарлардың құрылысы мен тіршілігі (омыртқасыз жәндіктердің асқорыту жүйесі)
Қанайналым жүйесі: үлкен және кіші шеңберлерінің анатомиясы мен функциясы
8-сыныпқа арналған биология сабағы: Қанайналым жүйесі мен жүрек құрылысы
Қанайналым жүйесі мен жүрек: оқу сабақ жоспары және әдістемелік тапсырмалар
8-сынып биологиясы: Тірек-қимыл жүйесі - құрылымы, қызметі және алдын алу шаралары (6 сағат)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz