Мұқағали Мақатаев поэзиясы: 6-сынып әдебиет сабағының жоспары

Шығыс Қазақстан Облысы, Семей қаласы, №13 жалпы орта білім беретін мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмабекова Сауле Жұмабекқызы
Әдебиет 6 сынып
Тақыбыры: Мұқағали поэзиясы
Мақсаты: 1. Ақын шығармасын сезіне оқу, жаттау. Есте сақтау, мәнерлеп оқу
қабілеттерін жетілдіру.
2. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту . Өлең құрылысын талдауға
жаттықтыру.
3. Ақын шығармаларын оқи отырып, туған елді, жерді сүюге тәрбиелеу.
Лириканы, поэзияны сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Іздену.
Көрнекілігі: Мұқағали портреті, Мұқағалидың шығармалар жинағы, үн таспа, қақпалар
суреті.
Эпиграф: «Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын».
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе
Мұғалім: Ойың, қырың, Отаның түрленгенде,
Жан-жағыңды жақұттай гүл көмгенде,
Жар салмайсың, неге сен, қарсы алмайсың?
Анда-санда аулыңа бір келгенде, - деп бүгін бізге қонаққа арманшыл ақын, сыршыл ақын, өмірді, елін, жерін сүйген ақын- Мұқағали Мақатаев келіпті. Азамат жөнін сұрау- салтымыз, ендеше ақын аға анкета толтырсын. «Менің анкетам» рөлмен орындалады.
- Жақсы, рахмет!
Ендеше ақынға «Қош келіпсіз!» демекпіз.
Біз өткен сабақта М. Мақатаев өмірі жайлы білген едік, жаңа өздерін де куә болдындар. Олай болса, Мұқағали кім? (ассоциация жасау) .
Балалар, бізді «Мұқағали әлемі» шақырады. Ол әлемге кірмес бұрын мына қақпалар есігін ашу керек. Әр қақпа тапсырмасын орындағанда ғана бізге жол ашылады. (сөздердің лексикалық мағынасын анықтау) .
1. Тас қақпа сұрағы : «Күпі деген не?»
2. Темір қақпа сұрағы: «Көген деген не?»
3. Күміс қақпа сұрағы: «Желі деген не?»
4. Алтын қақпа сұрағы: «Шәйі деген не?»
(сөздер ақын өлеңінен алынған) .
Қақпалар біртіндеп ашылып болғанда, астында «Мұқағали әлемі» деген сөз қалады.
Көрдіңдер ме, бізді «Мұқағали әлемі» тосып отыр.
1тапсырма: (үй тапсырмасы. өлеңді мәнерлеп жатқа айту) .
1-топ: «Қайырлы түн»
2- топ : «Қара өлен»
3 -топ: «Елім барда»
4- топ: « Аспан - мынау, мынау- бақ»
2 тапсырма: Осы өлендері бойынша дайындалып келген тапсырмаларын қорғау.
1-топ: «Тілегіміз- бейбітшілік» тақырыбына шығарма.
2-топ: «Өнер алды- қызыл тіл» мақал-мәтел.
3-топ: «Туған ел, Отан» туралы сөзжұмбақ.
4-топ: «Табиғат-алтын бесік» сурет салу.
3 тапсырма: Әр топ өз өлендерін құрылысына талдау (неше шумақ, неше тармақ, неше буын, қандай ұйқас) .
4 тапсырма: Өлеңнен айшықты сөздерді табу. (Теңеу, метафора, эпитет, кейіптеу) .
Иә, балалар, сендер Мұқағали ақын жанын түсініп, шығармасын талдап жатырсыңдар. Ақын ешқашан өзінің осындай ақын екеніне мақтанбайды, ол өнерді кімнен үйреніп, кімнен алдым дейді? (эпиграфқа оралу) . Сол себепті бабаларына алғыс айтып өткен ғой.
«Бабаларым, рахмет сендерге!» (үнтаспадан тыңдату) .
Енді бүгін ақын-қонаққа арнап бес жол өлең құрастырайық.
Кім?
Кімнің?
Қандай?
Не істеді?
Түйін.
Сабақты бекіту, бағалау.
Үйге тапсырма: «Мен Мұқағалиды жасқы көремін» эссе.