Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Оңтүстік америка материгінің табиғат зоналары

54800584455Астана қаласы
Райымбек батыр атындағы
№50 <<Қазғарыш>> мектеп-лицейінің
тарих және география пәндерінің мұғалімі
Жатканова Нурлыгул Габдужапаровна

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналары
Сабақтың мақсаты:
* Білімділігі: Оқушыларды қоңыржай белдеудің субтропиктік дала және шөлейт зоналарымен таныстыру, "Андының биіктік белдеулері" деген ұғымды қалыптастыру.
* Тәрбиелілігі: Оқушыларға Оңтүстік Американың қайталанбас тіршілік дүниесін қорғау және сақтау шараларын түсіндіру барысында экологиялық тәрбие беру.
* Дамытушылығы: СТО әдісі арқылы ой-танымын дамыту, оқулықпен, дәптермен, картамен жұмыс жасау дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: СТО (Жигсо І), сұрақ-жауап, картамен, терминдермен жұмыс.
Сабақтың барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі. (1 минут)
* Өткен сабақты сұрау кезеңі.
* Тест тапсырмалары.
1. Оңтүстік Америка географиялық орны мен климаттық жағдайларына сәйкес кең таралған табиғат компоненті:
а) ормандар ә) қыраттар б) шөл
2. Гилея деген не?
а) ауыспалы ылғалды ормандар
ә) сирек ормандар
б) ылғалды экваторлық ормандар
3. Амазония ормандарын не себепті ғаламшардың <<өкпесі>> деп атайды?
а) ылғалдылығына ә) таулы өлкесіне б) ну ормандарына
4. Қандай орманда ағаштардың биіктігі 80 м жетеді, ағаш тәрізді папоротниктер мен орхидеялар кездеседі?
а) гилея ә) сельвас б) саванналар
5. Аса бағалы ағаш түрі:
а) гевея ә) папоротник б) кебрачо
6. Әлемдегі ең кішкентай құс:
а) тукан ә) колибри б) гаоцин
7. Қылқан жапырақты араукария ағашы мен парагвай шайы Оңтүстік Американың қай бөлігінде өседі?
а) Анд тауларында
ә) Мексика таулы қыраттарында
б) Бразилияның шығыс жағалауында
8. Ориноко саваннасы қалай аталады?
а) льянос ә) кампос б) муссон
9. Бөтелке ағаштары қай табиғат зонасында кездеседі?
а) гилея ә) саванна б) ауыспалы ылғалды ормандар
10. Тікенекті кактус, мимоза, сүттіген бұталары өсетін саванналар:
а) льянос ә) кампос б) муссон
1. а) 2. б) 3. б) 4. ә) 5. а) 6. ә) 7.б) 8.а) 9.ә) 10.

* Терминдермен жұмыс:
Гилея - ылғалды экваторлық ормандар
Амазония - Оңтүстік Америкадағы ну ормандар
Селвас - Амазониядағы ну орманды жергілікті халық осылай атайды
Гевея - табиғи каучук алынатын бағалы ағаш
Хина - дәрілік шикізат беретін ағаш
Капибара - ең ірі су шошқасы
Колибри - ең кішкентай құс
Анаконда - ұзындығы 12 метрге жететін ең ұзын жылан
Араукария - Бразилияның шығыс жағалауындағы ауыспалы ылғалды ормандардағы қылқан жапырақты ағаш
Саванна - ағаштары сирек, шоғыр болып орналасқан шөптесінді табиғат зонасы
Льянос - солтүстік жарты шар саваннасы
Кампос - оңтүстік жарты шар саваннасы
Кебчаро - Бразилия таулы үстіртінде өсетін бұтағы өте қатты, қабығынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын ағаш

* Картамен жұмыс:
* Табиғат зоналарын картадан көрсету.
* Амазония ормандары
* Бразилия қыраттары, үстірттері

* Жаңа сабақты игеру кезеңі.
Жаңа тақырыпты СТО әдісінің Жигсо І технологиясымен топтық жұсыта оқушылар мұғалімнің бағыт беруімен топтық жұмыста игереді. Сынып санына байланысты 4 топқа бөліп, әр топқа номер беріледі. Әр топ мүшесі 1,2,3,4,5 сан тізбегімен белгіленген. Осы сандық тізбек бойынша топтағы әр оқушыға жалпы тақырыптан тақырыпшалар беріледі. Өз тақырыпшасын толық меңгерген оқушы өз тобына (жанұясына) өз тақырыпшасын түсіндіреді. Бұл міндетті топтағы әр оқушы атқарады. Нәтижесінде Сыныптағы барлық оқушылар өз бетімен тақырыпты игереді. Әр топ жұмыс барысында міндетті түрде дәптермен жұмыс, картамен жұмыс, терминдермен жұмыс жасайды. Қорытындысында, бекіту сұрақтарын әр топ 5 сұрақтан ақылдаса отырып дайындап, қарсыластырана сұрақтар қояды. Тақырыпты меңгеруін немесе түсінбегенін түсіндіру мақсатында мұғалім терминдермен, картамен жұмыс жасатып тексереді.
Сабақты бастамас бұрын жаңа тақырып бойынша қысқаша түсінікті мұғалім беріп өтеді.
Әр топ мүшелерінің тақырыпшалары:
№1. Субтропиктік дала зонасы Ла-Плата жазығын алып жатыр.Құнарлы шымды қызғылт топрақты таралған бұл зонаны жергілікті халық пампа деп атайды.Ол жазық дала деген ұғымды білдіреді.Жазы ыстық,қыста оңтүстіктен ауа температурасын төмендететін желдер соғып тұрады.Зона бойынша жылдық жауын-шашынның мөлшері әркелкі таралады.Жаңбыр жыл бойы жауатын щығыс бөлікте биік әрі бітік астық тұқымдас пампа шөбі,коңырбас өседі.Ойпаттар мен өзен жағаларында қамысты батпақтар кездеседі.Батыс пен оңтүстікке қарай жауын-шашынның азаюына байланысты өсімдігі тапшылау қуаң далаға айысады.Жануарлардан кішігірім пампа бұғысы,пампа мысығы,пампа түлкісі,оцелот,кеміргіштер өте көп.Өзен жағаларында теңіз шошқасы мен терісі бағалы саз құндызы мекендейді.Құнарлы қызғылт-кара топырақ алып жатқан Пампа жері түгелге жуық жыртылып,материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған ауданына айналған.Ал құрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады.Табиғи өсімдіктері мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған.
№2. Шөлейт зонасы материктің қиыр оңүстігіндегі Патагония жерін қамтиды.Қоңыржай континенттік климат жағдайында шөлейттін сұр және қоныр топырақтары таралған.Мұнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар алмасып отырады.Кейбір бөліктерінде аласа және қатты,жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз өсіп,киіздей тұтасқан жамылғы құрайды.Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерліген бұл зонада жануарлар дуниесі біршама жақсы сақталған.Сауыттылардың бірнеше түрі,кемірушілермен қатар,пампа бұғысы мен пампа мысығы,магеллан түлкісі және ірі құстар мекендейді.Ірі жануарлардан гуанако ламасы мен пума кездеседі.
Материктің Тынық мұхит жағалауындағы жіңішке алқапта экватор маңында ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы орналаса,экватордан 300 о.е. дейінгі аралықты тропиктік шөл зонасы,субтропиктік жағалық бөлікті қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы,ал қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті оңтүстік жалпақ жапырақты ормандар зонасы алып жатыр.Осы табиғат зоналарының барлығы Анд тау жүйесінің өздері сәйкес келетін бөліктеріндегі биіктік белдеулеріне бастама болады.
№3. Ал Анд тауларындағы биіктік белдеулердің алмасуын Орталык Андының батыс беткейі мысалында қарастырайық.Таудың ең төменгі бөлігінде әйгілі Аткама жағалық шөлі орналасқан.Мұнда ауа температурасы тәулік ішінде 25[0]-30[0]С-қа ауытқиды,соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, "соқыр" тұмандарды-гаруаны қалыптастырады.Түнге қарай тұман шыққа айналады.Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және туйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Осы бөліктегі мұхит суы тіршілекке бай болғандықтан,климатының қолайсыздығына қарамастан Атакама шөлінің жағалауы құс базарына айналады.Құс саңғырықтарынан-қалындығы 30 м-лік гуано деп аталатын аса бағалы азотты тыңайтқыш жиналады.Бұл-Чилидің басқа елдерге сататын өнімдерінің бірі.
№4. Батыс Кордильера жотасының 2500 м биіктігінде жағалық шөл кактус пен опунциядан тұратын тікінекті ксерофитті бұталар белдеуіне айналады.Ал 3500-3900 м биіктікте жауын-шашын мөлшерінің көбеюіне байланысты биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады.Бұл белдеуде аласа Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар,селеу,бетеге,ерекше әсем өсімдік-Раймонд пуйясы өседі. Пуна Орталық Андының таулы үстірттері арқылы Шығыс Кордильера жотасына ұласады. Бұл аймақ үндістердің жоғары дәрежеде дамыған ежелгі мемлекеттерінің орталығы болған. Бай мәдени мұраларымен адамзаты қазірге дейін таңдандыратын бұл өркениетті Андылық немесе Инктер өркениеті деп атайды. Пуна ежелден-ақ биік тау өңіріндегі егіншілік ауданы болып табылады. Қазірдің өзінде 3500 м биіктікте картоп және астық дақылдары өсіріледі. Сондықтан Пунаның табиғи өсімдік жамылғысы күшті өзгеріске ұшырап, ойдым - ойдым өсімдіксіз жалаңаш жерлер қалыптасқан.
№5. Анд тауларының жануарлар дүниесі эндемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі- викунья және гуанко мекендейді. Қазіргі кезде жергілікті халық ламаның екі түрін- альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.
Анд тауларында тау тапиры,көзілдірікті аю,пума,терісі өте бағалы кеміргіш - шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс - кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады.Кондордың салмағы 9-12 кг, ал қанаты жайылғандағы ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Таудың онтүстігінде магеллан пингвині кездеседі.
Анд таулары мен оның солтүстігіндегі Орталығы Кордильера тауларында қазіргі кезде дүние жүзіне тарап кеткен мәдении өсімдіктердің қалыптасу орталығы орналасқан. Олар: картоп, тәтті картоп - батат, мақта, жүгері (маис), үрме бұрщақ, бұрыш, асқабақ, күнбағыс, қызанақ (томат) , темекі, какао. Андының қайталанбас әсем табиғатын қорғау мақсатында қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастрылған . Олар ғылыми - зертеу жұмыстары жүргізілетің орталық болумен қатар, туристік мақсатта да пайдаланады
Бекіту сұрақтары:
Әр топ 5 сұрақтан ақылдаса отырып дайындап, қарсыластырына сұрақтар қоюы қажет.
Қосымша сұрақтар:
* Субторпикті дала зонасы орналасқан жазық.
* Дала зонасының өсімдіктер дүниесінің таралуы
* Пампаға тән топырақты ата
* Шөлейт зонасы материктің қай бөлігін қамтиды?
* Шөлейт зонасының ірі жануарлары
* Экватордан 30[0] с.е дейінгі аралықты қандай зона алып жатыр?
* Анд тауларының биіктік белдеулі ауысуы
* Қазіргі кезде дүние жүзіне тарап кеткен мәдени өсімдіктердің қалыптасқан орталығын ата.
* Оңтүстік Америка материгінің қайталанбас табиғи ерекшеліктері қаншалықы зардап шегіп отыр, оны қорғау мен қалпына келтіруде адамзат баласы қанадай әрекет жасауда?
* Біздің елімізде осындай проблемалар барма?
Терминдермен жұмыс:
Пампа - субтропиктік дала зонасын жергілікті халықтың атауы, <<жазық дала>> деген ұғым.
Гуано - құс саңдырықтарнан қалыңдығы 30 метрлік аса бағалы азотты тыңайтқыш
Картамен жұмыс:
* Табиғат зоналары
* Ла-Плата жазығы
* Патагония
* Атакама жағалық шөлі
Қорытынды:
* Жаңа тақырып бойынша оқушылар критериалды жүйемен өзін-өзі бағалайды
* Өткен тақырып бойынша бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Африка материгі-10 сағат
Оңтүстік Американың табиғат зоналары. Материктер мен мұхиттар географиясы
Солтүстік америка материгі
Африка материгі. 7-сынып
Солтүстік Америка материгіне саяхат
Оңтүстік жарты шар материктеріне сипаттама бер
Тіршіліктің пайда болу географиясы
Солтүстік Америка материгінің жер көлемі
Сабақ жоспарлары. 7 сынып
Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады
Пәндер