Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі ел қорғаны

Тақырыбы: «Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі ел қорғаны» атты әскери-патриоттық байқауы
Мақсаты және міндеті:
- Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу.
- Оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру.
- Оқушылар арасында достықты нығайту.
- Оқушыларды әскери оқу орындарына түсуге баулу.
- Оқушылардың дене даярлығын спорттық шеберліктерін арттыру.
Өткізілетін орны мен мерзімі: Спорт зал
Көрнекіліктер:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимн.
2. Әскери-патриоттық музыкалар
4. Сайысқа қажетті құралдар-жабдықтар
Жарыстың өтілу барысы:
(Әскери-патриоттық әуен)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар, оқушылар!!!
Сен - қазақсың!
Қазақ деген ел бөлек.
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Сен - қазақсың!
Алғызбайтын барыссың,
Ар-ожданның асқағысың, намыссың!
деп, 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай өткізілгелі отырған «Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі ел қорғаны» атты сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші: Алдымен сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1. Топтардың өздерін таныстыруы.
2. «Әуеде ән қалықтап». Бір орында адымдап, әскери-патриоттық әндер шырқау.
3. «Білімді мыңды жығар». Сұрақ-жауап сайысы.
4. «Ептілігіңді таныт». Автоматты толық емес бөлшектеу және жинау.
5. «Кім жылдам?» ОЗК-ны уақытқа кию.
6. «Батырлар - ер қорғаны». Дабыл кезіндегі сарбаздың шұғыл әрекеті.
7. «Өнерлі ұландар». Сарбаздың жаға тігу өнері.
8. «Күш - білекте емес, жүректе». Жорғалап жатып жүру сайысы.
9. «Батыр жауда сыналады». «Жаралыларды тасу» ойыны.
Сайыстың кезеңдерімен таныс болдық, енді әділ баға беретін әділ қазылар алқаларымен таныс болыңыздар:
1/
2/
3/
Алдында көк тіреген алып бір шың,
От болып, алау болып жанып тұрсың.
Сайыстың ең алғашқы шартыменен
Бөлімшелер өздерін таныстырсын.
Алғашқы бөлім топтардың өздерін таныстыруына сөз берелік.
(1-кезең бойынша әділқазылардан сайыскерлердің бағасын көрсету сұралады)
Бойыңды үйрет, сарбаздар, жас шағыңнан,
Алға қарай қадам бас, дәл қазірден,
Рух берер әрдайым сарбаздарға
Асқақтата айтылған «Саптағы ән»
2-кезең - «Әуеде ән қалықтап». Бір орында адымдап, әскери-патриоттық әндер шырқау.
(2-кезең бойынша әділқазылардан сайыскерлердің бағасын көрсету сұралады)
Сарбаздар, сыналатын кезің келді.
Тайсалмай жауап берсін бүгін енді.
Жекпе-жек, сұрақ-жауап сайысында
Көрсетсін оқушылар білімдерін.
3-кезең - «Білімді мыңды жығар» атты сұрақ-жауап сайысын бастаймыз.
(3-кезең бойынша әділқазылардан сайыскерлердің бағасын көрсету сұралады)
Ереуіл атқа ер салмай
Егеулі найза қолға алмай
Еңку-еңку жер шалмай
Ерлердің ісі бітер ме?
- деп Махамбет батыр жырлағандай 4-кезеңімізді бастайық! «Ептілігіңді таныт» сайысы. Автоматты толық емес бөлшектеп жинау. Уақыты - 1мин.
(4-кезең бойынша әділқазылардан сайыскерлердің бағасын көрсету сұралады. )
Сен жігіт болсаң кең тұлғалы
Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы
Сан сынға шыдай біл,
Тек төзе көрме
Жала сөз айтса біреу ел туралы!
-Ендеше, жігіттеріміздің нағыз сыналар шағы да келді. «Кім жылдам?» ОЗК-ны уақытқа кию сайысы. Уақыты: 3мин.
(5-кезең бойынша әділқазылардан сайыскерлердің бағасын көрсету сұралады. )
Отаныңа қызмет ет, қызмет ет Отанға!
Балам, саған осы менің бұйрығым да, батам да.
Қатардағы солдат болу - жүру емес қатарда,
Қатарды құр көбейткеннің қатарынан атанба!
деп, дабыл кезіндегі сарбаздың шұғыл әрекетін тамашалайық. Уақыты - 45секунд.
(6-кезең бойынша әділқазылардан сайыскерлердің бағасын көрсету сұралады. )
Өмірге биік сенеміз,
Думанға қызық келеміз.
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
«Өнерлі ұландар» атты бөлімді бастаймыз. Бұнда сарбаздың жаға тігу өнеріне тәнті боласыздар. Уақыты: 2 минут.
(7-кезең бойынша әділқазылардан сайыскерлердің бағасын көрсету сұралады. )
Күшің барда, жігіттер, көкпарға түс,
Ел алдынды мақтаншы, көрсетіп күш.
Құр бекерге көкірек неге керек?
Ал бастайық, сайысты, бір, екі, үш!
Бұл кезеңнің атауы - «Күш - білекте емес, жүректе». Сайыскерлер жорғалап жатып жүру арқылы күш сынасады.
(8-кезең бойынша әділқазылардан сайыскерлердің бағасын көрсету сұралады. )
Сарбаздарға осы сәт - бақ сынар күн
Белдесу, күресуді жатсынар кім?
«Жігітке жеті өнер де аз екен» деп,
Көтерген көкке жайсаң, жақсыларын.
Сайысымыздың соңғы кезеңі - «Батыр жауда сыналады» деп аталады. Бұл кезеңде ойыншылар «Жаралыларды тасу» ойыны бойынша шапшаңдықтарын көрсетеді.
(9-кезең бойынша әділқазылардан сайыскерлердің бағасын көрсету және қорытынды ұпай сандарын есептеп сайыстың жеңімпазын жариялау сұралады )
Ән: «Атамекен»
Отан - ордаң, ыстық тауы, орманы,
Күні кеше - егемен ел болғаны.
Отан қорғау қасиетті борышың,
Бүгінгі ұрпақ, ертең ел қорғаны боларсың!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz