Д.исабеков. ата үміті

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:27. 04. 2013ж.
Әдебиет
6-сынып
Күні:27. 04. 2013ж.: Сабақтың тақырыбы:
Әдебиет: Д. Исабеков «Ата үміті» 1-сағаты
Күні:27. 04. 2013ж.: Жалпы мақсат:
Әдебиет: Дулат Исабековтің шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру. «Ата үміті» шығармасын түсіну, талдау.
Күні:27. 04. 2013ж.: Сілтеме:
Әдебиет:

1. МАН

2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Б. Әpiнoва, А. Аққұлова

3. 6-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы. Авторлары:К. Icламжанұлы, C. Тiлешoва, Б. Әpiнoва, P. Баттал

Күні:27. 04. 2013ж.: Күтілетін нәтиже:
Әдебиет: «Ата үміті» шығармасының мазмұнын біледі. Әңгіме мазмұны бойынша жоспар құрады, тарихи кезеңін анықтайды.
Күні:27. 04. 2013ж.: Негізгі идеялар:
Әдебиет: Шығарма мазмұнымен таныса отырып, ұрлықтан, арамдықтың жақсылыққа жеткізбейтінін біледі. Қазақ даласында болған оқиғаларға тарихи тұрғыдан көз жібереді. Адалдық -ардың ісі екенін түсінеді.
Күні:27. 04. 2013ж.: Сабақта қолданылатын материалдар:
Әдебиет:

1. Үлестірмелі материалдар

Дулат Исабеков өмірі мен шығармашылығы туралы үлестірмелі материалдар

2. Постер, маркер

Күні:27. 04. 2013ж.: Оқыту әдістері:
Әдебиет:

Оқытудағы жаңа әдістер

АКТ

СТО

Дарынды және талантты балалармен жұмыс

Көшбасшылық

Жас ерекшелігіне сай оқыту

6-сынып:

1. Диалогтік оқыту

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

Күні:27. 04. 2013ж.: Дереккөздер:
Әдебиет: Ғаламтор материалдары «Рефераттар сайты», «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Күні:27. 04. 2013ж.: Тапсырмалар:
Әдебиет:
  1. Ой шақыру үшін берілген тапсырма:

а/ ашық сұрақтар

ә/ Дулат Исабеков шығармашылығы туралы қосымша мәліметтер

  1. Тақырыпты ашу мақсатына берілетін тапсырма:

а/ шығарма мазмұнын бөлімдер бойынша оқу;

ә/ топтық жұмыс арқылы әңгімелеу;

б/ композияциялық құрылымына талдау

  1. Ойды қорытындылау үшін берілетін тапсырма:

а/ «Адамгершілік» сөзіне ассоциация құру.

ә/ ашық сұрақтар.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
: І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті: Адамгершілік тақырыбында жазылған мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.
Оқушының іс-әрекеті: Топқа бөлінеді, әр топ өз мақалының мағынасын ашады.
: ІІ. Қызығушылықты ояту (7мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Ой шақыру үшін берілген тапсырма.

Ашық сұрақтар

1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?

2. Өмірде адамгершіл болудың маңызы бар ма? Неге?

3. Сенің бойыңда қандай адами қасиеттер бар деп ойлайсың?

Осылай тақырып анықталғаннан кейін әңгіме авторы туралы үлестірме кәртішкелер беріліп, қосымша мәліметтермен таныстыру, слайд көрсету.

Оқушының іс-әрекеті:

Берілген сұраққа жеке жауап береді.

Материалды топта оқып танысады, қорғайды.

: ІІІ. Мағынаны тану (20мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Жеке жұмыс

Әр топқа әңгімеден үзінділер бөліп беру, әр оқушы мазмұнымен танысады.

2. Топтық жұмыс

Топ болып оқығандарын ортаға салады. Топтағы бір адам басқа топтарға әңгімелеп береді.

3. Барлық топ пікірі тыңдалғаннан кейін композициялық құрылымын анықтайды.

Оқушының іс-әрекеті:

Сәйкесінше, шығарма мазмұнын оқу, топта әңгімелеу.

Композициялық құрылымын айтады.

: ІV. Қорытындылау (5мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. «Адамгершілік» сөзіне әр топ ассоциация жасау.

2. Ашық сұрақтар:

- Әңгіме неліктен «Ата үміті» деп аталған?

-Омаш кім? Неге?

-Атасы неліктен Омашпен бірлесіп жұмыс жасауға көнді?

Оқушының іс-әрекеті:

Топ мүшелері ақылдасып, ортада өз пікірлерін қорғайды.

Сұрақтарға жеке жауап береді.

: V. Үйге тапсырма (2мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Шығарманың көркемдік тіліне талдау жасауға дайындалу.

2. «Дермене» шөбі туралы қосымша мәліметтер іздеу, слайд жасау.

Оқушының іс-әрекеті: Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.
: VІ. Бағалау (5мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті: 1/ Топтық бағалау
Оқушының іс-әрекеті: Бағалау парағындағы ұпай саны бойынша бағаланады.
: VІІ. Рефлексия (3мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикерлер тарату
Оқушының іс-әрекеті: Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні: 2. 05. 2013ж.
Әдебиет
6-сынып
Күні: 2. 05. 2013ж.: Сабақтың тақырыбы:
Әдебиет: Д. Исабеков «Ата үміті» 2-сағаты
Күні: 2. 05. 2013ж.: Жалпы мақсат:
Әдебиет: «Ата үміті» шығармасының көркемдік тіліне талдау жасау. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беру.
Күні: 2. 05. 2013ж.: Сілтеме:
Әдебиет:

1. МАН

2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Б. Әpiнoва, А. Аққұлова

3. 6-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы. Авторлары:К. Icламжанұлы, C. Тiлешoва, Б. Әpiнoва, P. Баттал

Күні: 2. 05. 2013ж.: Күтілетін нәтиже:
Әдебиет: «Ата үміті» шығармасының көркемдік тіліне талдау жасайды. Әңгіме мазмұны бойынша кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалайды, өз көзқарасын айтады.
Күні: 2. 05. 2013ж.: Негізгі идеялар:
Әдебиет: Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді салыстырады. Жағымсыз қылықтардан, қорлық, жамандық тілеуден аулақ болады. Өз ойын еркін айтуға үйренеді. Өмірде адамгершіл тұлға болады.
Күні: 2. 05. 2013ж.: Сабақта қолданылатын материалдар:
Әдебиет: 1. Постер, маркер
Күні: 2. 05. 2013ж.: Оқыту әдістері:
Әдебиет:

Оқытудағы жаңа әдістер

АКТ

СТО

Дарынды және талантты балалармен жұмыс

Көшбасшылық

Жас ерекшелігіне байланысты оқыту

6-сынып:

1. Диалогтік оқыту

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

Күні: 2. 05. 2013ж.: Дереккөздер:
Әдебиет: Ғаламтор материалдары «уаndex», «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Күні: 2. 05. 2013ж.: Тапсырмалар:
Әдебиет:
  1. Ой шақыру үшін берілген тапсырма:

а/ жабық сұрақтар

б/ ашық сұрақтар

в/ Дермене туралы жасаған слайдтарын қорғау.

  1. Тақырыпты ашу мақсатына берілетін тапсырма:

а/ шығарма көркемдік тіліне талдау

  1. Ойды қорытындылау үшін берілетін тапсырма:

а/ Семантикалық кесте толтыру, қорғау.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
: І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Кірпі биі арқылы сергіту сәтін өткізу.

Оқушыларды адам бойындағы жақсы қасиеттер (сыпайылық, адалдық, шындық, бауырмалдық) жазылған сөздер арқылы топқа бөлу.

Оқушының іс-әрекеті: Топқа бөлінеді, әр топ өз сөзіне қатысты мақал-мәтелдер айтады.
: ІІ. Қызығушылықты ояту (10мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Ой шақыру үшін берілген тапсырма.

а/ Жабық сұрақтар

1. Шығармадағы Омаш қандай тұлға?

2. Қарт Омаштан неге қорықты?

б/ Ашық сұрақтар

1. Әңгіменің қай тұсы сені толқытты? Неге?

2. Өзіңді Тоқаңның орнына қойып, оның көңіл-күйін сезіне аласың ба? Қалай?

3. Дермене туралы жасаған топтық жұмыстарын қорғайды.

Оқушының іс-әрекеті:

Берілген сұраққа жеке жауап береді.

Слайдтарын қорғайды.

: ІІІ. Мағынаны тану (15мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Шығарманың көркемдік тіліне талдау жасау.

а/ Теңеулерді табу (кем дегенде 5-еу)

ә/ Пейзаж суреттелген тұсты тауып оқу

б/ Диалог пен монологтарды табу (1-2 үзінді оқу)

Оқушының іс-әрекеті: Оқулықпен жұмыс жасайды. Топта ақылдасады, пікірлерін қорғайды.
: ІV. Қорытындылау (10мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Топ болып кейіпкерге мінездеме беру, оны дәлелдеу

1-топқа Омаш

2-топқа Тоқаң

3-топқа Еркешбай

4-топқа Еркешбайдың әжесі

Оқушының іс-әрекеті: Топ мүшелері ақылдасып, кейіпкерлер мінезін ашады. Ортада қорғайды.
: V. Үйге тапсырма (1мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті: Шығарманы жан-жақты талқылауға дайындалу (Эдвард Де Бононың 6 ойлау қалпағы)
Оқушының іс-әрекеті: Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.
: VІ. Бағалау (5мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті: Топтық бағалау
Оқушының іс-әрекеті: Қай топтың жауабы, жұмысы жақсы болғанын айтады.
: VІІ. Рефлексия (1мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикерлер тарату
Оқушының іс-әрекеті: Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұқсас жұмыстар
Оқыту үшін бағалау
Дулат исабековтың "ата үміті" әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі
ХХ ғасыр әдебиеті. Дулат Исабеков Ата үміті . Дермене хикаятынан үзінді
Топтарға бөлу. Оқушының әрекеті
Әңгіме құрылысына талдау
Аян қай шығарманың кейіпкері
Негізгі кейіпкер
Шығарманың идеясы жанры
Ауа серпімді
Ыбырай атамызға хат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz