Анам және мен: бастауыш сыныптардағы тәрбие сағаты мен сайыс бағдарламасы (А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп, 2014-2015 оқу жылы)

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі Байменова Гүлзира Сағынбайқызы.

Күні: 17. 09. 2014 жыл

Тақырыбы: Анам және мен

Мақсаты: 1) Білімділігі: Оқушыларды ата- ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, бір - біріне деген сүйіспеншілігін нығайту.

2) Дамытушылығы: оқушылардың дүниетаным шеберін кеңейту, логикалық ойлауын қалыптастыру, ізденіс, зерттеушілік қабілеттерін шыңдау.

3) Тәрбиелігі : Оқушыларға ата - аналарын сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шарлар, гүлдер, суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, т. б.

Әдісі: сайыс- сабақ

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, ата- аналар және оқушылар. Бүгінгі «Анам және мен» тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

Ана- бала, бала - ана бір ұғым,

Бір - бірінсіз жоқ олардын бақыты.

Омыртқаның үзбеу үшін жұлының,

Екеуінің өтсін бірге уақыты.

Ана - бала көздің ақ пен қарасы,

Бір - бірінсіз таусылмайтын шарасы.

Әр ананы арманыма жеткізер,

Әр баланың ақылы, ары, санасы, - дегендей, бүгінгі сайысымызға оқушыларымыз аналарымен келіпті.

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де,

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,

Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.

  • Ендеше, отбасыларымызды ортаға шақырайық.

1 - жұп:

Қуантады білімімен нұрила қыз,

Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.

Сайыйқа анасымен келіп отыр,

Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз .

2- жұп:

Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді,

Оларға де берейік бүгін төрді.

Жеңімпаз болармын деп келіп тұрған,

Анасы мен Ерасылға кезек келді.

3- жұп:

Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәрі де арманына қолын созар.

Анасы мен келіп тұр ақниет қыз,

Бұйырса бақыт құсы соған қонар.

4- жұп:

Көңіл бөлші, қазір шығар ортаға,

Қош келдіңіз сіз де біздін ортаға.

Анасымен келіп тұрған сайысқа,

Қарсы алайық кезек келді Мақсатқа.

5- жұп:

Мінезі жарқын күн дер ем,

Мен дегенді білмеген,

Білімге құмар талпынған

Жайраңдаған жарқын жан

Азамат деген есімді

Жігіт екен төзімді!

Сайыс жүру барысы:

  1. Таныстыру
  2. Өз өнері
  3. Сұрақ - жауап
  4. Ас мәзірі
  5. Мақал сөздің мәйегі
  6. Сән үлгісі.

Ақ көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалықпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділ қазы алқасын,

Сайлап алсақ жөн болар.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Бакирова, Бастауыш сынып бірлестігі мұғалімі Г. Жүрментаева, бастауыш сынып мұғалімі А. Бекбаева.

I бөлім:

Сәлемдесу- игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда,

Жолданад сайыскерлер сәлемі.

Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.

II бөлім:

Мерекеде ұландар,

Аянбайды қараңдар.

Өнерлерін көрсетсін,

Ән, би, өлең арнаған, - дей келе ұл- қыздарымыздың өнерлерін қол соғып тамашалайық

III бөлім:

Қайсысы білгір, білімді,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық.

«Сұрақ - жауапқа» кезек берелік.

  1. Еліміздің мемлекеттік рәміздерін ата.
  2. Елбасымыз кім?
  3. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?
  4. Үш биді ата
  5. 9 мамыр қандай мереке?
  6. ҚР- ның тұңғыш ғарышкері?

IY бөлім: «Ас мәзірі» отбасының мерекелерде дайындайтын сүйікті асын сіздерге тарту етеді.

Өлең:

Y бөлім:

Мақал - мәтел- сөз мәйегі,

Әр сандарда асыл сөздің тірегі.

Қарапайым қазақ тілі- өз тілім,

Өз тілімде бұлқынады жүрегім.

1. Ырыс алды - . . . (ынтымақ)

2 . Ақыл -дос, ашу- . . . (дұшпан)

3 . Сумен ойнама, батарсың,

Отпен ойнама, . . . (күйерсің)

4 . Ақыл- тозбайтын тон,

Білім - таусылмайтын . . . (кен)

5. Өнер алды- . . . (қызыл тіл )

YI бөлім:

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата- баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айталық төрелігін соңынан.

Мұғалім сөзі:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күресжеткізе ме мұратың.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын

Кезекті әділ қазылар алқасына береміз. (Марапаттау)

Қорытынды:

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз, неге дейміз.

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа еге дейміз.

Қош дейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектебі

Тақырыбы:

Сыныбы: 3 «Б»

Орындаған: Байменова Г

2014 - 2015 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Ахметжан Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің 2015-2016 оқу жылы Зейінділер мен зерделілер математикалық интеллектуалдық сайысы
Ахметжан Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейіндегі 6-сынып оқушыларына арналған Дарындылар додасы: математикалық сайыс сценарийі
2015-2016 оқу жылының 8 Ә сыныбының жылдық тәрбие жоспары (Жансүгіров атындағы орта мектеп)
№1 Жамбыл атындағы орта мектеп кітапханасының 2014-2015 оқу жылындағы шығармашылық есебі
6-сынып қазақ тілі: үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары мен тапсырмалары (Ә. Молдағұлова атындағы №28 орта мектеп, Тараз, 2014-2015 оқу жылы)
Тәрбие сағаты: Ана тілі - білімнің кілті (Қарабұйрат орта мектеп-бақша, 2015-2016 оқу жылы)
Күз ханзадасымен ханшайымы: 7-сыныпқа арналған сайыс сабағының бағдарламасы (Қ. Топаев атындағы орта мектеп, 2015-2016 оқу жылы)
Әкем, анам және мен - Отбасымыз оқырман: мектеп кітапханасындағы тәрбие сағаты мен сайыс жоспары
А.Иманов атындағы лицей-мектептің 5-сыныпқа арналған Астрофизика факультативті курс бағдарламасы (2014-2015 оқу жылы)
Айманов атындағы қазақ гимназиясы 1-б сыныбының Ана - біздің күніміз тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты (А. А. Оралбаева, 2013-2014 оқу жылы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz