Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
«көктем» қабыкен мұқышев
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта
мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі Байменова Гүлзира Сағынбайқызы.
Күні: 18.02.2005ж
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Көктем» Қабыкен Мұқышев
Мақсаты: 1)Білімділігі: Қ.Мұқышев өмірі мен шығармаларына шолу жасай
отырып, өлеңнің негізгі идеясы мен мазмұнын ұғындыру. Көктем мезгілінің
көрікті келбеті туралы ұғым беру.
2) Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, ой - өрісін, шығармашылық
қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу, дағдысын
қалыптастыру.
3) Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған
жер табиғатын аялай, қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көктем суреті
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап
Түрі: дәстүрлі сабақ
Типі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ә) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Көктем сәні» ертегісінің мазмұнын сұрау
«Кубизм» әдісі бойынша өткен сабақты бекіту
- Қасым Аманжолов кім?
- Қасым Аманжоловтың қандай шығармаларын білесіңдер?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
III. Жаңа сабақ түсіндіру
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
2. Сарғыш түсті дөңгелек
Ортасында дәні бар
Көрсең егер оны жеп,
Балдай тәтті дәмі бар. (Өрік)
3. Екі бала қатар тұрса да,
Бірін – бірі көрмейді. (Көз)
4. Өзі айлакер, өзі қу.
Жүрген жері айқай шу. (Түлкі)
5. Басында таяға бар,
Төрт аяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
(Ешкі)
6. От басына құмған,
Екі көзін жұмған.
(Мысық)
- Көктем
- Көктем сөзіне топтастыру жүргізу.
Күн ұзарады түн қысқарады
[pic]Бүгін біз Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңін оқып, танысамыз.
Қабыкен Мұқышев 1920 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданында туған. Ұзтаздық
қызмет атқарған. Шығармалары: «Алтын алқа», «Жақанның арманы», «Орман »
кітаптары бар.
IY. Оқулықпен жұмыс
1. Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау
2. Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз
Біз ортаға шығамыз
Күн боламыз ашыламыз
Гүл боламыз жайқаламыз,
Құс боламыз, ұшамыз.
Ұшып, ұшып аламыз,
Орнымызға қонамыз.
I қатарға.
«Бес жолды» өлең.
1. Көктем
2. шуақты, жаңбырлы
3. ериді, жылынады, жауады
4. Көктемде ағаштар бүршік жарады
5. Мезгіл
II қатар.
«Көктем» тақырыбына мәтін құрастыру.
III қатар. «Көктем» мезгіліне сурет салу
Y. Сабақты бекіту
1. Бүгін сабақта не үйрендік?
2. Қ. Мұқышев кім?
3. Көктем өлеңінде не туралы айтылған?
4. көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
YI. Үйге: Өлеңді мәнерлеп оқу. Қалаған шумағыңды жаттап ал
YII. Оқушыларды бағалау
А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектеп
[pic]
Тақырыбы: Қ. Мұқышев «Көктем»
Сыныбы: 3 «Б»
Орындаған: Байменова Г
2014 – 2015 оқу жылы
[pic]
[pic][pic]
-----------------------
Көктем
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz