Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

М.дулатов «қош келдің, наурыз!»


Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта
мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі Байменова Гүлзира Сағынбайқызы.

Күні: 20.02.2015ж
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: М.Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Мақсаты: 1) Білімділігі: М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы
тереңірек таныстыру. «Қош келдің, Наурыз!» мәтінін мәнерлеп оқып, негізгі
идеясын ашу,талдауға үйрету.
2) Дамытушылығы: Сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру. Ой – қиял
ұшқырлығын күшейту, дүниетанымын дамыту.
3) Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған
жер табиғатын аялай, қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: М. Дулатов, Наурыз суреттері
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап
Түрі: дәстүрлі сабақ
Типі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ә) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын сұрау
Қ. Мұқышевтің «Көктем» өлеңін жатқа сұрау.

«Кубизм» әдісі бойынша өткен сабақты бекіту

1. Қ. Мұқышев кім?
2. Қ. Мұқышевтің қандай шығармаларын білесіңдер?
3. Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

III. Жаңа сабақ түсіндіру
Қызығушылығын ояту
Суретпен жұмыс
1. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
2. Адамдар қайда жиналды деп ойлайсыңдар?
3. Оны қайдан білдіңдер?
4. Наурыз тойында тағы қандай ерекшеліктер болады?

«Қыз бен жігіт» айтысы
Көкпар ойыны
«Наурыз көже» пісіреді

- Өткен сабақта табиғатты түлетіп, Жер – Ананы идіретін жыл мезгілі
көрікті көктем туралы айтқан болатынбыз. Ал бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы Міржақып Дулатовтың «Қош келдің, Наурыз» мәтінімен
танысамыз.
- М. Дулатов 1885 жылы Қостанай облысы, Жанкелдин ауданына қарасты
Қызбел ауылында туған. Әкесінің есімі Дулат, шешесінің есімі Дәмеш. М.
Дулатов қазақтың аса көрнекті ақаны, қоғам қайраткері, жазушы.
Шығармалары: «Қоян», «Қырдан келген жас қазақ.»
- Халқымыз Наурыз айын жыл басы деп құрметтесе, Наурыз мерекесін
ұлыстың ұлы күні деп ерекше дәріптеген. Ұлыстың ұлы күні қазақ
халқының тұрмыс тіршілігінде, әдет – ғұрпында ерекше орын алатын
мейрам. «Наурыз» парсы сөзі қысқаша айтқанда – жаңа күн деген сөз.
Ұлыстың ұлы күнінде мал төлдеп, жер көктеп дүние жаңарады. Халқымызға
құт қонып, ел ішінде береке орнайды.

Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып талдау
Оқушыларға тізбектей оқыту.

Сөздікпен жұмыс.
Байлаулы – байланысты
Деуге сыяды – деуге болады
Тіршіліктің арқауы – тіршіліктің негізі
Шаруа кенеледі – мал тойынады

«Наурыз – ұлттық мейрам» тақырыбында жоспар құру.
1. Наурыз – ұлттық мейрам
2. Тіршілік арқауы – тамақ
3. Малсыз қазақтың күні жоқ
4. Дағдарған қазақ елі
5. Жыл басы – Наурыз.

«Видеоролик»
Сергіту сәті

Шығармашылық тапсырма
I қатар:
Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері
II қатар:
«Наурыз- ұлттық мейрам» мәтін құрастыру
III қатар:
«Наурыз» сурет салу

Y. Сабақты бекіту
«Наурыз» сөзіне топтастыру арқылы сабақты бекіту
YI. Үйге: оқып түсінігін айту
YII. Оқушыларды бағалау

А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектеп

[pic]

Сыныбы: 3 «Б»
Тақырыбы: М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Орындаған: Байменова Г

2014 – 2015 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
М. дулатовтың "қош келдің - наурыз! "
Қош келдің,наурыз Ұлт мейрамы
Көктем өлеңін бірнеше оқушыдан сұрау
Наурыз-жыл басы. Қош келдің, наурыз
Жаз келер
Қош келдің, наурыз Қазақ халық дәстүрін дамыту
Армысың, әз наурыз Мектепішілік наурыз мерекесінің сценарийі
Наурыз қызбын
Ұлыстың ұлы күні қош келдің - әз наурыз
Құтты болсын Наурыз - той, Құтты болсын Жаңа жыл
Пәндер