Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Кітап - рухани қазына
Сәтбаев қаласы әкімдігінің «№ 16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
[pic]
Бағдарламаны құрастырушы: мектеп кітапханашысы
Жунусова А.С.
Садакбаева М.У.
Түсінік хат
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр-мәдениеттің, ғылым мен
білімнің ғасыры.Бар білімнің қайнар көзі - кітапхана» деп айтқан.
Еліміздің болашағы–білімді де,білікті ізденімпаз жастар.Олай болса
оқушы оқырмандарға құнды қазына-әдеби туындылармен және жаңа ақпаратпен
қаруландыра отырып,еш уақытта маңызы жойылмайтын кітапты насихаттау.
Кітапханалық- библиографиялық ілімнің негізімен барлық мектеп
жасындағы балаларды күнделікті жұмыс барысында жүйелі түрде,арнайы
«кітапхана сабақтарында» таныстырыу.
«Кітап-рухани қазына»бағдарламасы оқушы оқырмандарға
арналған.Оқушыларды кітаптың оқырманның қолына жеткенге дейінгі шығу
тарихымен,кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстыру.Оқушыларды кітап
әлемімен танысып,кітапты дұрыс оқу мәдениетіне,пайдалануға және өздігінен
кітап таңдай білуге қызығушылығын арттыру үшін маңызы зор.
Өзектілігі багдарламаны игеу барысында оқушылардың шығармашылық
белсенділігін дамыту,олардың кітап оқуға деген қызығушылығын аттыру.алған
білімдерін күнелікті қолдана білу. Қазіргі заман талабына сай оқушының жан-
жақты болып қалыптасып,білім алуды жалғастыруға,практикалық тұрғыда
пайдалануға мүмкіндік береді.
Формалары,әдіс тәсілдері, жұппен,шағын топпен жұмыс,іскерлік ойындар,эссе
жұмыстары,бағалау.
Жаңашылдық дәрежесі қазіргі заманғы білімді меңгеру үшін оқушыға нәтижелі
бағдарламаны тиімді оқыту.Басты бағыт оқырман оқушыға кітаптан алған
білімінің өмір бойы азық болатынын түсіндіру.
Мақсаты:Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру,кітап оқуға
құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын,ой-өрісінің дамуын,рухани
байлығын, қызығушылығын арттыру.Оқушы оқырман баланың жан-жақты болуына
жағдай жасау.Теорияны тәжірибемен ұштастыру.
Міндеттері: - Ақпараттық мәдениетінің деңгейін көтеру,оқырман ретінде
дамуына ықпал
ету;
- Қызығушылығын аттыру;
- Ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- Кітапхана қорын кітап көрмесі арқылы насихаттау;
- Электронды оқулықтарды пайдалану және меңгеру;
- Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу;
Болжамы; Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылыммен білімнің пайдасы меңгеріп
шықса,ой-өрісі кемел қабілеті мол іскер білімді тұлға даярланады.
Объектісі:Оқушының танымдық іс-әрекеті.
Курыстың өту барысында оқушылар білу керек:бағдарлама негізінде кітап
өмірлік серік екенін,жаңалықтарды өз бетімен меңгеріп,кітапхана ережесін
сақтау.
Біліктілік:Оқушы оқырманның ойлау қабілеттерін,кітап оқуға деген
қызығушылықтарын арттыруға,кітапты қадірлей білуге қалыптастыру.
Дағдылық: Өздігінен ізденуге қалыптастыру,танымдық қабілеттерін дамыту
арқылы белсенділіктерін арттыру: ақпараттық мәдениетін көтеру.
Күтілетін нәтиже: Осы бағдарламалық курсты меңгеріп шығатын болса,онда
кітапхана мүмкіншілігін пайдалану арқылы тұлғаның жан-жақты үздіксіз дамуын
қалыптастырамыз.Ақпараттық мәдениет- кітапқа,кітап оқуға деген
ынтасы,сүйспеншілігі оянады,түрлі ақпараттық дерек көздерімен жұмыс жасай
біледі және оларды тиімді пайдалануға,өздік білім алуға уйренеді;
Алған білімді өз бетімен қортындылай алады;
Бүгінгі оқушы,ертеңгі елін,жерін сүйетін,тайсалмай,мүдірмей сөз бастайтын
тұлға қалыптасады.
«Кітап- рухани қазына» бағдараламасы мен жұмыс дәптерінің
баяндалуы жайлы
«...кітапхана - әр тараптан жыл құсындай қуаныш жетелеп келетін
кітаптардың патшалығы»
Әкім Тарази
Тәуелсіз Қазақстанның келешегі – жас ұрпақты тәрбиелейтін мектеп дейтін
болсақ,сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті бірге
атқарады.Мектеп кітапханасы – мектептің бір бөлігі. Жаңа заман компьютер
дәуірі болғанымен,рухани азық іздеген, көзі ашық,көкірегі ояу, әрбір
адамның келер шаңырағы – кітапхана.
Бүгінгі таңда алда тұрған мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу.Олай
болса,біздің барлық іс - әрекетіміз, осы бағытта болу керек.Ұрпақ білімді
қайдан алады? Әрине кітаптан.Өйткені тәрбие мен білім – егіз ұғым
десек,тәрбие мен білім берудің,жаңа жолын кітапханадан табамыз. Біздің
ұсынып отырған кітапханалық сабағымыздың жылдық жоспарымен жұмыс
дәптерінде оқушыларға кітап туралы,кітапты қалай пайдалану, кітапханадағы
салалық әдебиеттерді қалай пайдалануға болатыны жайлы мәліметтер беріледі.
Кітапханада-библиографиялық білім беру, оқу мәдениетін дамыту
және ақпараттық сауаттылықты жетілдіру үшін жұмыстың әр түрлі
формаларын пайдалануға болады. Мысалы: жеке және топтық кеңес, сыныптан тыс
жұмыстар,кітапханаға экскурсия, сонымен бірге кітапханалық оқуларды атап
айтуға болады.
Кітапханалық оқу- оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мен
балалардың ақпарат құралдарымен өздігінен жұмыс істеулеріне көмек
беру
- мектеп кітапханасының негізгі қызметтерінің бірі болып
табылады.Кітапханалық оқуларды өткізу барысында негізгі талаптардың
сақталуына назар аударылады,
олар:
- сабақтағы оқушыларға берілетін мағлұматтың көп болуына қарамай-
ақ,жүйелі принципті болуы шарт.Олай болмаған күнде берілетін білім
шашыраңқы болады:
- жалғастырушылық принципі:
- сабақ материалдарын түсіндіруде сатылай күрделендіру:
- белгілі жас ерекшілігі мен мектептің негізгі бағытына сай болуы:
Ұсынылған материал мектеп кітапханашыларына кітапханалық сабақ өткізуге
және оқушылардың ақпараттық мәдениетті болуына,сонымен бірге пән
мұғалімдерімен кіріктірілген сабақтар өткізуге пайдалануға болады. Әр
сабақтың үштағандығына сай болуы керек: білімділік,тәрбиелік,жетілдіру.
Кітапханалық оқуларды өткізудің бірнеше түрлері бар. Көбіне оқулардың
классикалық түрін пайдалануға болады.Сабақты викториналық және
интеллектуалдық сайыс,библиографиялық күндер және ролдік ойын,әдеби
кеш,топтық саяхаттар, библиографиялық құлақтандырулар,көрме-шоулар
т.б.жұмыстар түрін өткізуге болады.
Оқырмандарға кітап,кітапхана туралы тереңірек мағлұматтар
беріп,сауаттандыру.
Кітап- рухани қазына таңдау курс бағдарламасында оқырмандарға
кітап,кітапхана туралы терең мағлұматтар беріп,сауаттандыру. Кітап – зерде
құралы,кітапхана – тұрағы атты бөлімде оқушыларға кітаптың шығу
тарихы,жасалу жолдары,кітапты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға
баулу,білімге деген құштарлығын арттыру.Ақыл,ой-өрісін дамыту, еңбекті
бағалай білуге тәрбиелеу. Мектеп кітапханасы қалалық орталық және балалар
кітапханасымен байланыс жасау, саяхат жасау – оқырмандарды кең көлемде
әдебиеттермен қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады.Әр бөлімнің соңында
оқушылармен өткен кітапханалық сабақтарды қортындылап «Мен болашақ
оқырманмын»атты білгірлер сайысы өтеді.
Оқырмандарға қызмет көрсету ұйымдастыру бөлімінде оқушыларға оқу
мәдениеті,кітапхана мен оқырмандардың ережесі мен құқықтарын оқырмандарға
таныстырып,оқырманның кітапқа деген қызығушылығын артыру.Кітапханалық
қызмет көрсету-пайдаланушының білімділік,ақпараттық,қанағаттандыру
мақсатында кітапхананың құжаттар және ақпараттарды,басқа да кітапхана
қызметін ұсыну.Мектеп кітапханасында оқырман-оқушылардың ақпарат
сұраныстарын аса толығымен және сапалы қанағаттандыру. Кітапхана абонементі
-оқырмандарға жеке және топтық қызмет көрсету нысаны, абонементтерге
белгілі бір мерзімге кітапханадан тыс пайдалануға құжаттар беруді
қамтамасыз етеді.Оқу залы – кітапхана қабырғасында құжаттармен жұмыс істеу
үшін жабдықталған бөлме.Осы мақсатта кітапханада ай сайын сабақтар
жоспарланып, кезең- кезеңмен өтуде және оқушылардың кітапханалық сабаққа
деген оң көзқарастары қалыптасады.
Ақпараттық ресурстардың пайда болуы бөлімінде – кітапханашылар алдында
тұрған мақсаты – ХХІ ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында
жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету,ақпараттық қоғам
тіршілігіне әзірлеу.
Кітап көрмесі-белгілі бір мақсатта арнайы іріктеліп,жүйеленіп
оқырмандардың оқып танысуы үшін ұсынылатын әдебиеттер жиынтығы.
Көрме- оқырманға ақпаратты жеткізу құралы. Көрме – жауапкершілігі мол
шығармашылық жұмыс.
Көрме кітапханашы мен оқырмандарды байланыстырады және өзіңе,айналаңа
сүйіспеншілікпен қарауға үйретеді.
Көрмелер:
Стастусына қарай:
- дербес немесе белгілі бір шараға байланысты ұйымдастырылады.
Мазмұнына қарай:
- әмбебап (универсал),салалық көрмелер.
Қызмет ету уақытына қарай:
- тұрақты,қысқа мерзімді,белгілі бір уақытқа қарай өз маңызын
жоймайтын көрмелер туралы оқырман оқушыларға мәліметтер береді.
Балаларға арналған мерзімдік басылымдар:
Кітапхана-адамның білім көкжиегін кеңейтеді десек, ал Жүсіп
Баласағұнның сөзімен айтқанда: «Білім – адам баласының ортақ
қазынасы».Сондықтан да кітапханаға келіп, әдеби көркем шығармаларды,түрлі
газет – журналдарды оқыған адамның мерейі өсіп,рухани азық алып,
дөңгеленген дүниеден хабардар болады.
Баспасөз дегеніміз - мезгіл-мезгіл басылып шығатын газет-
журналдар.Оқушылардың газет-журналдар оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын
арттыру,төл басылымдарға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыруға ықпал
жасау,ақпараттық мәдениетін өрістету.
Балалар басылымдары жас ұрпақтың ақылшы досы,айнымас серігі,дем берушісі
дүниені танып білуге көмектеседі,ой-арман,қиял-мұраттарына,мақсат
парыздарына жетелейтін ақпарттық құрал.Кітапханалық сабақта ақпараттық
басылымдар туралы сұрақ-жауап арқылы балаларға жеткізеді.
Библиографиалық – анықтамалық ақпараттар бөлімінде
оқушылардың кітапханалық – библиографиялық білімдерін
тереңдету,сөздіктерді,энциклопедияларды дұрыс пайдалана білуге
үйрету,олардың алуан түрлерін көрсету,сөздіктерді пайдалану негізінде
дағдыларымен шеберліктерін қалыптастыру сабақтың мақсаты етіп алынады.
Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз.Ө ткен
замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да,әдебиетті де,басқа
ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз.Талай оқиғалардың куәсі,талай
жаңалықтың көзі – осы кітаптар.
Ұстаздар мен оқушылардың ақпаратқа деген сұраныстарын қанағаттандыруда
кітапхана орны ерекше,сондықтан да кітапхана ісіндегі басты бағыттардың
бірі-жарнама қызметі оқу мен ағартуға деген ынтаны арттыруда зор ықпалын
тигізіп,оң нәтиже беріп отыр.
Мақсаты:
• Оқушының танымдық және шығармашылық әрекетке өзін-өзі дамытуын,
өзін-өзі танытуын ұйымдастыруда кешенді шаралар жасауды
қамтамасыз ету және оқырмандық даму деңгейін анықтап, білімге
құштарлыққа , еңбек сүйгіштікке баулу.
• Ұлттық рухты бойына сіңіре отырып, тұлға дамыту;
• Тұлғалық қасиеттерді бойына сіңіру;
• Теорияны тәжірибемен ұштастыру.
Міндеттері:
• Ақпараттық мәдениетінің деңгейін көтеру, оқырман ретінде
дамуына ықпал ету;
• Қызығушылығын арттыру ;
• Ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру ;
• Кітапхана қорын насихаттау арқылы кітап көрмесі ;
• Электронды оқулықтарды пайдалану және меңгеру ;
• Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу ;
Күтілетін нәтижесі:
Оқушылар осы бағдарламалық курсты меңгеріп шығатын болса, онда
кітапхана мүмкіншілігін пайдалану арқылы тұлғаның жан-жақты
үздіксіз дамуын қалыптастырамыз.
Ақпараттық мәдениет-кітапқа, кітап оқуға деген ынтасы,
сүйіспеншілігі оянады , түрлі ақпараттық дерек көздерімен жұмыс
жасай біледі және оларды тиімді пайдалануға, өз бетімен білімін
алуға үйренеді .
Электронды оқулықтармен жұмыс жасауды үйренеді ;
Алған білімді өз бетімен қорытындылай алады;
Бүгінгі оқушы, ертеңгі елін, жерін сүйетін,тайсалмай, мүдірмей сөз
бастайтын тұлға қалыптасады.
«Кітап – рухани қазына » таңдау курс бағдарламасының
оқу жоспары
( аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
|№ | |Сағат |Білім өнімі |Өту формасы|
| |мазмұны |саны | | |
|I | Кітап - зерде құралы , кітапхана - тұрағы |
|1 | Кітап – білім құралы |1 |шолу |топпен |
|2 | Кітаптың шығу тарихы |1 |шолу |топпен |
|3 | Кітапхана туралы не білеміз? |2 |сұрақ-жауап |топпен |
|4 |Қалалық балалар кітапханасына |1 |саяхат |топпен |
| |саяхат | | | |
|5 |Қағаз жасау,жазба кітаптар |1 |лекция |жеке |
|6 |Көне және орта ғасырдағы кітап |1 |іздену |жұппен |
|7 | Кітап - сенің досың, жан серігің |1 |әңгіме, тренинг |жеке,жұппен|
|ІІ | Оқырмандарға қызмет көрсету ұйымдастыру |
|1 |ҚР кітапхана туралы түсінік |1 |шолу |жұптық |
|2 |Кітапхана құрылымы (абонамент, оқу |1 |саяхат |топпен |
| |залы) | | | |
|3 |Мектеп кітапханасының пайдалану |1 |алтын ереже |жұппен |
| |ережесі | | | |
|4 |Оқырмандарға қызмет көрсету түрлері|2 |сайыс |жұппен |
|5 |Кітап әлемі - кітапхана |1 |көрме |топпен |
|ІІІ | Ақпараттық ресурстардың пайда болуы |
|1 |Ақпараттық құралдармен жұмыс жасау|2 |insert |топпен |
|2 |Кітап көрмесінің түрлері |2 |жоба қорғау |жеке |
|3 |Кітап – ақылды қуаттандыратын |1 |пікір алысу |жұппен |
| |құрал | | | |
|4 |Әдебиет білгірлері |1 |интел.-таным. |топпен |
| | | |ойын | |
|5 |Менің сүйікті кітабым |1 |пікір,әңгіме,дисп|топпен |
| | | |ут | |
|6 |Кітапхана-интернет кеңістігінде |1 |ізденіс |жеке |
|7 |Электронды оқулықпен жұмыс |1 |ізденіс |жеке |
|ІV | Балаларға арналған мерзімдік басылымдар |
|1 |Мерзімдік басылымдар туралы |1 |топтастыру |жұппен |
|2 |Газет пен журнал ерекшеліктері |1 |венн диагр. | |
|3 |Балаларға арналған ҚР шығатын |1 |шолу |топпен |
| |газет-журналдар | | | |
|4 |Оқушылар қаламынан (балалар |2 |мақала жариялау |Жеке,жұппен|
| |шығармашылығы) | | | |
|5 |Мен таңдаған мамандық |1 |эссе жазу |жеке |
|V | Библиографиялық - анықтамалық ақпарат |
|1 |Бұл кітаптарды бәрі біледі, қалай |1 |зерттеу жұм. |топпен |
| |қолданамыз (библиографиялық | | | |
| |анықтамалар) | | | |
|2 |Энциклопедия түрлері,онымен жұмыс |1 |галлереяға саяхат|топпен |
| |істеу | | | |
|3 |Анықтама түрлері,онымен жұмыс істеу |1 |топтастыру |жұппен |
|4 |Сөздіктер түрлері,онымен жұмыс істеу |1 |картотека толтыру|жеке |
|5 |Тест |1 |білімді |жұппен |
| | | |тияқнақтау | |
КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
( аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
І. Кітап -зерде құралы , кітапхана- тұрағы ( 8 сағ)
Кітап- біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен
замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де , басқа
ғылым кереметтерін де кітапханадан аламыз.
Кітапхана- оқырманмен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал кітап
пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін ұлттық құндылықтар мен
оқырмандар арасын жалғастырушы- кітапханашылар.
Мектеп кітапханасы- мектептің жүрегі,бір бөлігі.Жаңа заман компьютер
дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір
адамның келер шаңырағы- кітапхана.
ІІ. Оқырмандарға қызмет көрсету ұйымдастыру ( 6 сағ)
Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың
бірі- мектеп кітапханасы. Кітапхана білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-
ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа
технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал
жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы бола бермек.
Мектепте оқушылар тұңғыш рет кітап әлемімен танысып, кітапты құрметтеуді,
онымен жұмыс жасауды үйренеді.
ІІІ. Ақпараттық ресурстардың пайда болуы ( 9 сағ)
Соңғы жылдары мектеп кітапханаларында көптеген өзгерістер болып жатыр.
Қазіргі кітапханалар – ақпараттық, мәдени-ағартушылық ғылыми зерттеушілік
мекеме. Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет – ХХІ ғасыр
азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз
игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу. ХХ
ғасырдың сонында адамдар жаңа технологиялық тасқынның куәгері болды.
Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдары, қызмет көрсетулердің жаңа
түрлері, ғылыми жаңалықтар, соның бәрі оқушылардың ойына әсер етеді.
Сондықтан кітапханаға білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман
талабына сай мәдени орталық ретінде қарау керек.
ІV. Балаларға арналған мерзімдік басылымдар ( 6 сағ)
Балаларға арналған мерзімдік басылымдар түрімен таныстыру.
ХХІ ғасырдағы балалардың ой-сана, қызығушылық, талап- талпынысы толық
ескерілетін танымдылық газет, журналдармен таныстыру.
V. Библиографиялық-анықтамалық аппарат ( 5 сағ)
Анықтама әдебиетімен танысу. Баспаның құрылымы және сипаты.Берілген
тапсырма бойынша анықтамалық баспалардан ақпарат табу. «Библиография»,
«Библиографиялық ақпарат» ұғымдарымен танысу. Құжаттың библиографиялық
сипаттама негізгі ұғымдар. Библиографиялық ақпаратты практика жүзінде
қолдану (оқушылар үшін библиографиялық басылымдар). Оқуға арналған кітаптар
тізімін дайындау.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Библиотечно- библиографические знания- школьникам: - М.: изд-во
«Кн. палата», 1989.-216 с.
2. К.Ө. Қонақова және т.б. Қазақстан Республикасы мектептерінде
бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар.
Алматы. 2006. 32-б.
3 .К.У. Кунакова. Алматы. Профильное обучение в
общеобразовательной школе. Учебно- методическое пособие.
Алматы.
КАО, 2007. с. 49.
4. Мектептегі кітапхана № 5, 2009
5.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №1,2010
6. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі
әдістемелік қызмет.- Алматы: РИПК СО, 2009.-290с.- қазақша, орысша.
7. Профильное обучение в школе: опыт, проблемы, перспективы (
Материалы республиканского семинара-совещаниея 5 мая 2005 года).
// Под ред. М.Ж.Джадриной. Алматы. КАО, 2005. С. 68.
8.Профильное обучение: нормативно- организационное обеспечение
(Материалы республиканского свеминара- тренинга 12-13 декабря 2005
года) . // Под ред. А.К. Кусаинова. Алматы. КАО, 2006. с.90.
9. Справочник библиотекаря.- М.: Книга, 1985.- 303 с.
ПІКІР
Пікір мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай кітапханалық сабаққа
«Кітап –рухани қазына» таңдау курстық бағдарламасына беріледі.
Білім беру мекемесі: Сәтбаев қаласы әкімдігінің «№ 16 жалпы орта білім
беретін мектебі» КММ
Авторы: кітапханашылар Жунусова А.С., Садакбаева М.У.
Тақырыбы: Мектеп оқушыларына арналған «Кітап-рухани қазына» курс
бағдарламасы
Өзектілігі: Ұсынылып отырған бағадарлама оқушылардың кітап, кітапхана жайлы
білімдерін кеңейту кітапхананың библиографиялық-анықтама ақпарат жайлы
негізгі білімдерін бекіту.Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сай оқушылардың жалпы
білімдік дайындығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік
кешеннің құрама бөліктеріне жатады.
Ғылыми-әдістемелік деңгейі: Ақпаратты іздеудегі дәлдігі.Ақпарат іздеу
дағдысын қалыптастыру.Ақпаратты іздеу дәйектілігі.Оқушылардың ғылым-
танымдылық,оқу барысында ақпаратты пайдалану нәтижесі.Құжаттарды өздігінен
іздеуге оқыту,танымдылық қызығушылықтарын және логикалық ойларын дамыту.
Жаңашылдық дәрежесі: Білім беру үрдісінде оқушылардың ақпарттық мәдениетін
қалыптастырудың бастапқы сатысы ретіндегі маңызды роль кітапханалық-
библиографиялық білімге тиесілі.Оқушылардың интернет жүйесімен байланыста
болуы жаңалығын дәлелдейді.
Ғылымилығы: «Кітап-рухани қазына» бағдарламасы оқушылардың
білімге,кітапқа,ақпаратқа деген ізденуге деген қызығушылықтарын арттырады.
Методологиялық негізігі сипатамасы және ішкі тұтастығын бағалау:Бағдарлама
бойынша дайындалған тапсырмалар мен материалдардың табиғилығына мән
берілген.
Практикалық маңыздылығы: Ұсынылып отырған бағдарлама өзіндік іс-
әрекетті,стиль қалыптастыруға арналған.Оқушының жеке,топпен,жұппен қарым-
қатынаста болу формаларын жүзеге асырып,басқа пәндермен байланыс орнатуын
қамтамасыз етеді.
«Кітап-рухани қазына» бағдарламасы мынандай міндеттерді іске асырады:
1.Өз бетімен ізденуге,өзіндік көзқарасын қалыптастыруға үйренеді.
2.Теорияны тәжірибеде қолдана алады.
3.Ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады.
Пайдалануға ұсыныс:
«Кітап-рухани қазына» бағдарламасы мектеп оқушыларына кітапханалық сабақ
өткізуге ұсынылады.
Пікір жазған: №16 жалпы білім беретін орта
мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалім ,1 санатты
маман,директордың әдістеме
ісі жөніндегі
орынбасары Жолдыбаева Д.С.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz