Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушыларды кітапханалық-библиографиялық білім негіздеріне үйрету
«Оқушыларды кітапханалық-библиографиялық білім негіздеріне үйрету»
Орындаған:Садакбаева М.У.
Сәтбаев қаласы №16 жалпыға орта
білім беретін мектеп,
мектеп кітапхана
“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығында қысқа мерзімді
курсында өз білімізді кеңейтіп,көптеген өзімізге қажетті мағлұматтар ала
отырып,”кітапхана іс-әрекетінің мақсаты – білім беру үдерісін жетілдіруге
ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуге әрекет ету”, “кітапхана қорын
қалыптастыру жолдарымен білім беру үдерісін жаңаша ғылыми-әдістемелік және
оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету;ақпарат ауқымын тиімді қалыптастыру
мақсатымен ақпараттық талаптарын танып білуге,кітапхананың кітап қорын
қалыптастыруды үйрендік.
Әр
адамның ең жақын досы,..
өмір
досы кітап болуға тиіс.
М.Әуезов
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектепте балалардың тиянақты білім
алуында шығармашылықты мақсат ете отырып, олардың өз бетінше білімдерін
толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін
теориялық және практикалық мәселерді шешуге саналы түрде қолдана білу
сияқты ақыл – ой белсенділігін және жазушылық шығармашылығын дамыту қажет.
Бүгінгі танда кітапханашы жеке тұлғасы, білімі, өз ісіне және бала мен
оқырмандар арасындағы қатынасы, әдістемелік шеберлігі–баланың, оқырманның
білімге және шығармашылыққа деген ынтасын арттырудың кепілі. Сондықтан
баланың, оқырманның жан–жақты мүмкіндіктерін ашуда кітапханашының шеберлігі
үлкен рөл атқарады.
Бала қабілетіне дұрыс көзқараспен қарау, баланың өз бетінше жұмыс жасауына
жағдай жасау шығармашылық–тәрбие ісінде оң жетістіктер береді.
Шығармашылық процесінің барлық бағыттарында танымдық қызметтің артуына
байланысты жаңа ойлау жүйесі қалыптасып отырады. Ал жаңа ойлаумен
библиографиялық білім негізі жетіледі. Балалардың алғаш алған қарапайым
білім қоры оны күрделі ғылым салаларын оқып және зерттеушілікке, жазушылық
өнеріне – үйренуге жетелейді. Міне, осы аралықта әр кітаптардың алған білім
заңдылықтарын біріктіре қорытындылай білетін бала зор табысқа жетеді.
Шығармашылыққа баулу және жазушылық өнер білімін жетілдіру балалардың:
саналылығы, белсенділігі, өз беттілігі, білім мен біліктерінің
беріктілігі, ұқынықтылығы, әрекеттілігі талаптарын қамтиды. Бұл
талаптардың орындалуы балалардың оқыған шығармаларды түсінуге, өткенді
жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған
білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерін дәлелдеуге
ұмтылысынан көрінеді.
Жаңа ғасыр табалдырығын аттап, болашақ ұрпағымызда білімді де, тәрбиелі
болу үшін мақсатты түрде өзекті мәселелердің маңыздылығын дер кезінде қолға
алғанымыз абзал. Ендігі жерде кітапқа баулу жүйесінен шығармашыл, ақыл-ойы
дамыған адамдарды даярлау талап етіледі. Сондықтан кітап оқу үрдісін
жетілдіру баланың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға
негізделген.
Кітап оқу–танымдық қызметі барысында, балалар қажетті көлемдегі білімді
игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауды да
дамытады. Балалардың танымдық мүмкіншіліктерін арттыруда кітапханашы басты
рөл атқаратындығын сөзсіз. Балалардың өзіндік танымдық жұмыстарын
ұйымдастыру, өздігінен оқып ой-өрісін тереңдетуге баулу арқылы ғылыми
ізденіске, жазбашылық өнерге жетелеу.
Кітап – білімнің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз. Өткен
замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихы да, әдебиеті де, басқа
ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз.
Қітапхана –оқырманмен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал кітап пен
кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар
арасын жалғастырушы кітапханашылар.
Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы бірақ ауыз сөзбен жіткізу мүмкін емес,
жұрт көп біле бермейді, көп елене бермейді, бірақ дүйім оқырманның кітап
жайлы бағыт бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан
кітапханашылардың еңбегі зор.
Кітапханашының аттқаратын қызметі заман талабына сай оқырмандарға
өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды
кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, кітапханалардаң бүгінгі қоғамның
қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру.
Ақпарат көздерін, әмбебап құжаттардың толық жинағын, оқырмандарға
әлемдік, ұлттық мәдени, рухани құндылықтарды насихаттай отырып, жергілікті
қоғамда кітапхананың міндетті түрде қажеттілігін дәлелдеу.
Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени –
ағарту қызметінің негізі десек келешекте кітапханалар жүйесі ең озық
алдыңғы қатардағы қоғамның қайта жанданып, өзгеруінде басқа мәдени
мекемелер арасында үлкен мәртебеге ие болу мүмкіндігі мол.
Қазіргі таңда оқырмандардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы
мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру
міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше.
Оқушылардың кітапханалық - библиографиялық білім негіздерін үйретуде,
кітапханалардың библиографиялық жұмысын ұйымдастыруда, библиографиялық
құралдарды құрастыруда кітапханашының біліктілігі үлкен орын алады.
«Библиография»- ертедегі грек сөзі. Оның алғашқы бөлігі «библио»- кітап, ал
екінші «графо»- жазамын деген ұғымды білдіреді.
Тәуелсіз қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін
болсақ, сол мектепте орналасқан кітапханада осы міндетті бірге атқарады.
Осыған орай мектеп кітапханасының алдына қойған өзекті мәселесі жас ұрпақты
тәрбиелеу. Білім және тәрбие жұйесінде контекстін жаңалау процесінің
бастауында мектеп кітапханашысының ролі және мектеп кітапханашысының
түпкілікті өзекті мәселелері де жаңашаланады.
Білімнің қайнар бұлағы - кітап. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес
құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды
терең ойлауға жетелейді. Француз философы және жазушысы Дени Дидро «Адамдар
кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деген. Мұны ғалымдардың зерттеулері де
дәлдейді. Олардың зерттеулері бойынша кітап оқитындар қоғам өміріне
белсенді қатысады екен. Олар мәдениет мекемелері – мұражайларға, картина
галереяларына, театрларға, концерт залдарына басқаларға қарағанда жиі
барады, спорттық шараларға да көбірек қатысады. Олардың тағы да бір ерекше
қасиеті – рақымшылық танытуда да алдыңғы қатардан көрінеді. Міне кітаптың
құндылығы осында, яғни, оның тәрбиелік мәнінде.
Бүгінгі мектеп кітапханасы- кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана
шектелмейді. Сонымен қатар қоғамдық-мәдени орталық. Ал бүгінгі мектеп
кітапханасы кітап қарауылшысы ғана емес, білім жолындағы білім мен тәрбие
процесінің концепциясын жауапкершілікпен қадағалап дәріптеуші. Ол үшін не
істейді дегенге келетін болсақ, мектеп кітапханашысы сол мектептегі
жаңалықтың жаршысы, әрбір елімізде болып жатқан уақиғалардың насихатшысы
болу керек. Ол әрбір арнаулы даталы күндерге кітап көрмесінен бастап
насихат түрінің барлық формасын жүргізу керек. Мектеп кітапханасы мектепті
оқу-тәрбие процесімен қамтамасыз етеді. Мектеп мұғалімдері алдына қойған
мақсаттарға қарап, өзінің жұмысының жоспарын құрады. Ол тек қана кітапхана-
библиография негізімен байланысты. Сонымен қатар мұғалімдерге білім
жолындағы жандарға, мамандарға профессионалды біліктілігін көтерудегі
шеберлікке үйретеді. Мектеп кітапханасы білім жүйесіндегі мұғалім мен
администратордан кем қатыспайды. Олар мектеп, білім жүйесіндегі
реформаларды, мәселелерді шешеді. Осыған орай айта кетерлік жайт мынадай
білім жүйесіндегі мектеп жүрегінің жұмыс атқаруы. Әр мектептің мұғалімінің,
яғни білім жолындағы адамның жеке басының кітапхана арқылы көптеген
жаңалықтардын хабардар болғанды іске сәттілік әкеледі. Білім процесінің
біліктілігін көтерудегі жетістік тікелей мектеп кітапханашысына да
байланысты. Өз кітапханасындағы кітап қорын кітапханашыдан артық кім
біледі? Сондықтан кітапханашы барлық жерде мектеп біліктілігіне қатысты
жоспардан хабардар болуы керек.
Қазіргі уақытта мынандай бір пікір бар, жаңа қоғамда тәрбиенің мақсаты-
адамның жауапкершілігінде. Жаңашыл бағалы бағытқа үйрету профессионалды
біліктіліктің жетістіктеріне жол табады. Бұл дұрыс. Осы жаңашыл өмірмен
«Инновациалық қызметпен» болашақ ұрпақ өмір сүреді. Бұл «жаңашыл» әлемге
ұрпағымыз түзу көзқараспен енсе. Ал сол жаңашыл әлем түзу көзқараспен
үйлесімді қарсы алса. Біз болашақ ұрпақтың алдында әрқашан жауаптымыз.
Мектеп табалдырығын аттаған жас ұрпақ өзін-өзі осал сезінбеуі керек.
Баланың ішкі жан дүниесін ұғыну керек. Сондықтан да мектеп кітапханашысы
адамзатының ұлттық сезімдерін шындай білу тиіс. Қазіргі уақыттағы кітаптың,
кітап оқудың мәртебесі төмендеуі жұртшылықты алаңдатады. Соңғы онжылдықта
бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да кітап оқуға қызығушылық азая
бастағаны байқалады. Кітап оқу бос уақытты өткізу түрі ретінен гөрі
іскерлік оқуға қарай ойысты, ақпараттық және білім алу қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін ғана оқу жиі кездесетін болды. Оқушылар, студенттер
көбінесе оқу залдарына тапсырылған тақырып бойынша реферат, баяндама,
шығарма жазуға ғана келеді. Бірінші кезекте мұндай жағдай кітапхана
қызметкерлерін ойлантып, мынадай сұрақтар жиі мазалайды: біздің кітап оқуға
қызығушылығымыз төмендеуінің себептері неде және оның соңы неге әкеледі?
Кітап оқымайтын адам сауатсыз, ойлау қабілеті төмен, шығармашылық қиялдауы
шектелген болып келетіні белгілі. Осы орайда, айта кететін жайт: қазіргі
уақытта қазақ қоғамының алдында тұрған негізгі мәселе – тіл мәселесі ғой.
Осы мәселенің де бір шешімі, менің ойымша, жастар болсын, үлкендер болсын –
бәрін кітап оқуды, қазақ тілінде көркем шығармаларды оқуға тартуда. Көркем
шығармалар біздің тілімізді байытып, қазақ тілінде сөйлеу қабілетін
арттыратыны анық.
Кітапхана жұмысын сапалы жүргізу үшін оқырмандармен жүйелі жұмыс
жасау керек, сонымен қатар кітап хана жұмысын жетілдіру:
балалар мен оқырмандар арасында библиографиялық білімді насихаттау;
өзара кітапханашы қызметкерлерінің арасында библиографиялық білім беру
арқылы іс-тәжірибе алмасу;
кітапханада АБА-каталогтар жүйесін құру;
электрондық каталогтар, оларды құрастыру ерекшелігі.
ақпараттық қызметте Интернет ресурстарын қолдану.
ақпаратты- библиографиялық бөлімінде "Қолжазба қоры" ұйымдастыру т.б.
Қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу аудио,
видио, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы әдеби
кітаптарды оқи отырып алатын білім мен сауаттылықтың орны жоғары.
Кітап оқу-баланың болашақ оқуға деген қарым қатынасын анықтайтын дайындық
болып табылады. Егер кітап балаға ұнаса, қызықты болса, ол үнемі кітапқа
көңіл бөліп отырады.
Абайдың әжесі Зере: «Қарағым, осының ақыл, ішкен-жегенге мәз болып, мойыны
былқылдап, ақылдан да, өнер ден де кенде болып жүргендер аз ба?.. Осы ала
қағазыңнан айрылма»,- деп кітапты көп оқуға үйреткен екен.Олай болса,
балалар мен оқырмандардың кітапқа деген ынтасын арттыру, шығармашылық пен
библиографиялық шеберлігін дамыту мақсатында кітапхана жұмысын жүйелі
жүргізейік.
«Білім өлсе,
Қағазда аты қалар,
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар», - дегендей библиография білімінің негізі, ол өлмес,
ұрпақтан ұрпаққа қалатын өнер туындысы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz