Қыс қызығы

Білім беру саласы: «Таным» экология негіздері.
Сабақтың тақырыбы : «Қыс қызығы»
Сабақтың мақсаты :
1. Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға үйрету.
2. Байланыстырып сөйлеуге дамыту.
3. Табиғаты аялауға тәрбилеу, эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Қыс көрінісі туралы тақырыптық сурет, үлестірмелі суреттер, бейне таспа және т. б.
Әдісі: Сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Кеспе әріптер арқылы, бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын табу.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезені:
/Ортамен амандасу/
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті ақыл ойымыз.
Өсті, міне, бойымыз.
Иіліп сәлем береміз,
Әдепті боп өсеміз.
- Балалар, далада күн суық болғанмен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы. Бір-бірімізге деген жылы лебізімізді айтып, көніл күйімізді көтерейік.
/балалардың бір-біріне деген тілегі. /
ІІ. Кіріспе бөлімі.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.
Педагог сабақ тақырыбын ребус шешкізу арқылы анықтайды:
- балалар, сендер «сауат ашу» сабағында «ребус» деген сөзбен, оның қандай болатынын таныстыңдар. Мына ребусты шешіп көрейік. Педагог «Қ» әрпін көрсетіп:
- Мынау қандай әріп (дыбыс) деп сұрайды?
- «Қ» әрпі (дыбысы)
- Дұрыс. Ендеше, біз « Қ» әрпімен кейінгі тұрған суреттерге көңіл аударайық. Ненің суретін көріп отырсыңдар? Толық жауап берейік.
- Ыдыстардың суретін көріп отырмыз.
- «Ыдыс» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?
Сендер оны «сауат ашу» сабағынан білесіңдер.
- «Ы» дыбысы естіледі.
- Біздің суретте бірінші «Қ» әріп тұр. «Қ» - деп дауыстап айтайық. Екінші тұрған ыдыстардың бірінші дыбысын дауыстап айтайық: «Ы»
- Енді екеуін қосып айтайық: «ҚЫ»
- Дұрыс, енді балалар, үшінші болып ненің суреті тұр?
- Дұрыс «сағат» «С» дыбысын да «сауат ашу» сабағында өткенсіңдер.
- Енді суретке қарап, «Қ» дбысына өзінен кейінгі тұрған суреттердің бірінші дыбыстардың қосып айтып көрейік. Қ . . . Ы . . . С
- Қандай сөз шықты?
- «Қыс»
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қыс»
- Аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- Қыс мезгілінде болады.
- Аяз қандай болады?
- Қатты, суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді.
- Аязды күні ойнауға болама?
- Болады. Суықтан қорықпау керек.
- Қандай қысықы ойындарды білесіңдер?
- Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз.
- Хоккей ойнаймыз.
Негізгі бөлім.
а) Педагогтің түсіндіруі .
- Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасай мыз. (Есікті тықылдатып, қоян келді)
- Балалар бізге бүгін орманынан «Қоян» қонаққа келеді. Ол қоянды «Аққала» жіберіпті. Аққала қояннан көптеген тапсырмалар беріп жіберіпті. Сол тапсырмаларды бірге отырып орындайық. /Есікті қағып қоян сыныпқа кіреді, және өзін таныстырады, және оны мұғалімге береді. / /Аққаланың бірінші тапсырмасы. /
- Қыс, боран, қар, күндеген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.
суық
Қыс қандай болады? аязды
қарлы
- Қыс түсті. Қар жауып тұр. Күн суық. Дала аяз болып тұр. Боран соқты.
- Сөздік жұмысын жүргізу.
Дөң - көтеріңкі биік жер, төбе.
Қос - екі. Қос аяқта - екі аяқта
- «Көңілді қыс» суреті бойынша әңгіме құрастыру.
- Жұмбақтар жасыру.
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. /Аяз/
Отқа жанбайды, суға батпайды. /Мұз/
Қыс болса қыр мен ойды аралайды,
Жаз болса қозғалуға жарамайды. /Боран/
Жазда болмайды, қыста болады.
Терезеге қонады, әсем ою салады. /Қырау/
/Қосымша балаларға тапсырма қыс туралы өлеңдер сұрау және бейнетаспадан қыс көрінісін тамашалау/
- Дәптермен жұмыс:
/Қыстың көрінісін дәптерге түсіру, және салған суреке қарап, әңгіме құрастыру.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып, сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып секірді.
Қарап еді артыңа,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің
/Аққаланың соңғы тапсырмасы/
«Аққала дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: мұрны, басына киетін шелегі сияқты суреттер жатады. Балалар осы бөліктерді алып, көздерін жұмып тұрып, тақтаға жапсырады.
Аққала сөзін қатыстырып, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру. Мысалы: аппақ аққала, әдемі аққала, үлкен аққала. Біз аққала тұрғыздық.
Қорытынды: Не білдік? Не үйрендік? /Педагог Қ. Жұмағалиевтың «Ақпан» өлеңі оқылады. Сабақта белсендік көрсеткен балаларды атап өтіп, жұлдызщамен бағалау, сабақты аяқтау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz