Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Көрікті көктем.


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Оқу іс-әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы:Көрікті көктем
Сабақтың мақсаты: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау
қабілеттерін дамыту,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге айтуға,берілген
сұраққа нақты жауап беруге үйрету. Құстарға,ағаштарға қамқор және еңбекқор
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,көрнекілік,ойын,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:Көркем суреттер,жабайы аңдардың суреттері,көктем
мезгілінің суреті,үлестірмелі суреттер,бейне таспа.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
1.Шаттық шеңберін ұйымдастыру:
Қуан,шаттан!Алақай!
Қуанатын келді күн.
Кайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бугін де күн!
Амансызба!Мұғалім.
Балалар дөңгелене тұрып,бір-біріне құстардың атына байланысты еркелетіп
айтатын сөздерді айтады.
-Көгершінім.
-Балапаным.
-Қарғам.
-Қарлығашым.
-Тотым,т.б.
1.Жаңа сабақ.
Кіріспе бөлімі.
Балалар,бүгін бізге қонақ келеді.Ол қонақтың кім екенін табу ушін,мен
сіздерге сұрақ қоямын,ол сұраққа жауап бересіңдер, қонақтың кім екенін
білесіңдер.Мереке күндері,тойға,туған күндерге аналарымыз не пісіріп
тартады?Дұрыс балалар,бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен,ата-әжесінен
адасып қалған соң,бізден көмек сұрай келіпті.Кәне көмектесеміз бе? Біз
көмектесу үшін бізге көп тапсырмалар алып келіпті.Сол тапсырманы бірге
отырып орындайық.
Балалар,қазір мен сендерге жұмақ өлең жолдарын оқимын,сендер мұқият тындап
алындар.
Ақ қар еріп,су көбейді,
Сай-салаға су толады.
Ағаш басы бүршік шашып,
Гүл,бәйшешек толады.
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кез болады?
-Неге көктем деп ойлайсыңдар?
-Казір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
-Көктем қай айдан басталады?
-Көктем мезгілінің қыс мезгілінен қандай айырмашылығы бар?
-Көктем туралы қандай өлең тақпақтар білесіңдер?
/Балалардың жауабы және бейне таспадан көктем туралы деректі фильм
тамашалау./
2. Негізгі бөлімі.
-Балалар енді біз бауырсаққа көмектесіп,әр аңдардың берілген тапсырмаларын
орындайық.
Қоян: Бауырсақ,мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жемеші мені.
Қоян: Сен онда менің тапсырмамды орында.
Бауырсақ: Жарайды.
Қоян: Сен маған мен туралы және көктем туралы өлең айтасыңдар мен сені
босатамын.Кәне бауырсаққа көмектесеміз бе?Кім көктем туралы қоян туралы
өлең айтады./Балалардың жауабы/
Қаусатып қар боранды,
Көктем қайтып оралды.
Таулар тастап ақ тонын,
Көк торғынға оранды.
Көрсең енді қояндар
Көкшіл түске боянды.
Аюлар мен аралар,
Ұйқысынан оянды.
/Қоян туралы өлеңді балалар қимылмен айтады/
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Қоян: Рахмет сендерге,бара қойыңдар./Бауырсақ әрі қарай жүре береді.Бір
кезде алдынан қасқыр шығады./
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Мені сен жемеші қасқыр.
Қасқыр: Онда мен саған тапсырмаларым бар,соны орындасаң мен сені босатамын.
Қасқыр: Менің тапсырмам жұмбақ жасырам соны тап!
/Табиғатқа байланысты жұмбақ жасыру/
Көктен түсіп көбейді.
Ұқсайды өзі шекерге.
Бірақ ешкім жемейді,
Жерде жатыр бекерге.
Ол не? /Қар/
Үй үстінде ұсақ тас. /Жұлдыз/
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ- қашады. /Жел/
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. /Жаңбыр/
Қасқыр: Жарайды бара қойыңдар.Бауырсақтың алдынан аю шығады.
Аю: Аюдың тапсырмасы маған көктем мезгілі туралы сурет салып беріңдер.
Сурет- дәптермен жұмыс жүгізу./Балалар көктем мезгілі туралы сурет салу
және әңгімелеу./
3.Сергіту жаттығуы.
Аспан кетті күркіреп.
Бұл не деген керемет.
Жаңбыр жауды тырсылдап,
Жасырынды көбелек.
/Бауырсақ домалап келіп,түлкіге кездеседі./
Түлкі: Ах,бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Мені жемеші түлкі.
Түлкі: Онда мен сендерге тапсырма беремін,соны орындасан мен сені
жіберемін.
Түлкінін тапсырмасы: «Жыл мезгілдері» дидактикалық ойын.
Мақсаты: күз және қыс мезгілдерінде ойнайтын ойнайтын ойындардың аттарын
атап, ерекшелігін айту,сөздік қорын дамытып,байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Ойын шарты: суретте берілген ойындардан күзде және қыста ойнайтын ойындарды
ажырату./Балалар тақтаға шығып орындайды./
Түлкі: Мен берген тапсырманы орындап,мені қатты қуантын.Рахмет,бара
қойыңдар.
Бауырсақ : Рахмет.
/ Балалар , бауырсақты аман-есен атай мен әжейге табыстырады./
4.Оқу іс-әрекетін қорытындылау.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын қалай түсінгендерін сұрау.
НЕ БІЛДІК? НЕ ҮЙРЕНДІК?
Көктемде күн қандай болады және қандай өзгерісте балады?

жануарлар ұйқысынан оянады Күн жылынады

Құстар ұшып келеді қар еріп,су тасиды

Ағаштар бүршік жарады

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жұлдызша мен мадақтау.

-----------------------
Көктем


Ұқсас жұмыстар
Көрікті көктем туралы ақпарат
Көктем көрінісі
«көктем» қабыкен мұқышев
Көрікті көктем аруы
«көктем» қасым аманжолов
Сын есім. Сабақтың түрі
Көктемде алғаш шығатын гүл
Көрікті көктем жайлы ақпарат
Шоқ гүлдер
Көктем мезгіл - Көктем мезгілінің қай айы
Пәндер