Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Менің атым - қожа. қожа бейнесі


Сабақтың тақырыбы: Қожа бейнесі
Мақсаты:
а) білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа
бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.
ә) дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін
жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту .
б) тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер
бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Сабақтың түрі: жинақтау
Әдіс-тәсілдері: пікірталас, СТО технологиялары
Көрнекілігі: флипчарт, АКТ, электрондық оқулық, ACTIVote .
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Амандасу, түұгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Психологиялық дайындық.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
«Менің атым...» тақырыбында ой толғау.
- Сендерге қандай есімдер ұнайды?
- Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?
- Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?
Балаға ат қою дәстүрі
Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы
қарияға немесе баланың атасына , әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде
«Қырықтың бірі Қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер
болады. Көбінесе молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойғызған.
Балаға көз тиюден немес жын-шайтаннан сақтасын деген наныммен Итбай,
Күшікбай, жаманбай деп атаған. Адамның аты кейде тілек-мақсатқа орайлас
болып келеді.
Дәулетті болсын деп: Байбол, Дәулет, т.б
Күшті де батыл болсын деп: Арыстан, Батырбек, Алпамыс, т.б
Сұлу да көрікті болсын деп: Айсұлу, Нұрсұлу, Әсем, Аруан, Әйгерім, т.б
- Бірақ, амал нешік, сен қызылшақа боп жөргекте жатқанда, сондағы
ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп , дуылдап
отырған басқа біреу солай атап жіберген (1-тарау).
- Қандай дәстүр туралы айтылған?
- Шілдехана –жаңа туған нәрестенің құрметіне дастархан жайылып, домбыра
тартылып, ән салып, ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеретін той.
- Қазір бұл дәстүр сақталған ба?
- «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», -дейді
кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген)
Жаңа сабақ
I Қызығушылықты ояту сатысы.

«Ой қозғау» стратегиясы .
[pic]
Жауап: Қожаға

«Түртіп алу» стратегиясы
|V – “білемін” |― - “мен үшін |+ - “мен үшін жаңа|? – “мені таң |
| |түсініксіз” |ақпарат” |қалдырады” |
| | | | |

II Мағынаны тану сатысы

1. «Менің атым –Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.
І топ – Жақтаушы топ. Қожаның ісі дұрыс деп, ойын дәлелдейді
ІІ топ – Даттаушы топ. Қожаның ісі дұрыс емес деп теріс шығарады да,
дәлелдейді.

Пікірталас (екі топ өз тұжырымдарын дәлелдейді)

І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа
ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді.

Топтастыру

Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)

|№ |кейіпкерлер |Өмірге қызығушылығы |Адамгершілік қасиеті |Кейіпкерлерг|
| | | | |е баға |
|1 |Қожа | | | |
|2 |Жантас | | | |
|3 |Жанар | | | |
|4 |Майқанова | | | |

Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауаптарды мәтіннен тауып оқы.
Қожаның сұрақтары

Сергіту сәті

«Иесіне қайтар» ойыны

[pic]

қазақ
тілі

Бес жолды өлең

1. Қожа 1.Қожа

2. 2.
3. 3.
4. 4.
5. 5.

Ой толғаныс сатысы
Тест тапсырмасы (ACTIVote пайдалану)
1. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты?
А) «Қожаберген» В) «Өзім туралы повесть» С) «Менің де атым Қожа» Д)
«Балалық шаққа саяхат»
2. Қожаның шын аты кім?
А) Қожабай В)Қожаберген С)Қожатай Д) Қожаберді
3. Жанардың фамилиясы?
А) Балабекова В) Майқанова С) Қадырова Д) Трсынбаева
4. «Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?
А) Сұлтан В) Анасы С) Ахметов Д) Майқанова
5. «Ағаттықтың азабы» бөлімінде не туралы айтылады?
А) Орыс тілі сабағына дайындалмай келуі
В) Тәртібінің педкеңесте қаралуы
С) Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы
Д)Лагерьге жолдама үшін мұғалімге ренжуі

Венн диаграммасы

Жақсы
Жаман

«Түртіп алу» стратегиясы
|V – “білемін” |― - “мен үшін |+ - “мен үшін жаңа|? – “мені таң |
| |түсініксіз” |ақпарат” |қалдырады” |
| | | | |

Бағалау
Үй тапсырмасы
1. Элетрондық оқулықтан «Балалықтан даналыққа» тақырыбнда видеоролик
тыңдату
2. «Балалықтан даналыққа» тақырыбында эссе жазу

Сабақ соңында қол жеткізілетін нәтиже
1. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі
2. Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.
3. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.
4. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.
5. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады
6. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.
7. Жан дүниесін тәрбиелейді.
-----------------------
Қожа -жақсы бала

Қожа- тентек бала

Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?

Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шынын айтыңдаршы, мен өскенде қандай
маман иесі болуды армандадым?

Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ
жүресің дейді атаң қазақ. Әйтеуір саған айтар ақылым,-тыныш жүр, балам.

Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер.
Сонда кімнің мәселесін қарадым? (Та

Лагерьге жолдама[pic]


Ұқсас жұмыстар
Қожа бейнесі
Менің атым қожа жайлы ақпарат
Менің атым - қожа Бердібек Соқпақбаев
Б.Соқпақбаев. Менің атым Қожа шығармасы
Менің атым қожа
Кмж. менің атым қожа. 6-сынып
Менің атым қожа. 2 сынып
Б. соқпақбаев <<менің атым қожа>> повесіндегі қожа бейнесі
Қожа бейнесі «түбінде адам болатын бала»
Б.соқпақбаев «менің атым қожа»
Пәндер