Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып


Ө ө дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ө ө дыбысымен таныстыру, бір сызықтың бойына ө
әрпін жазып, сөз және сөйлем
құрастыру, буынға бөлуін
ауызша және жазбаша жазу, оқушылардың
қабілетін
арттыру.
Әдісі: ойын.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, интерактивті тақта,
электрондық
оқулық.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. Қызығушылығын ояту.

Психологиялық дайындық.
2. Қайталау – білім анасы.
• Сауат ашу пәнінен не үйренесіңдер?
• Дыбыс дегеніміз не?
• Әріп дегеніміз не?
• Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
• Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз?
• Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз?
• Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (З дыбысы мен әрпі)
• З дыбысы қандай дыбыс?
• З дыбысы сөздің қай жерінде келеді?
Ойын. «Кім көп сөз ойлайды?»
3. Жаңа сабақ.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық
Сарғайып отсыз піседі
Үзіліп жерге түседі. (өрік суреті)
4. Сиқырлы кітап.
5. Күш білімде, білім кітапта.
Түсіп қалған әріптерді қойып жазу.

|ө | | |
| |ө | |

(кеспе әріппен құрату)
( Дыбыстық
талдау)
Ө дыбысының әріптік таңбасымен таныстыру.
Ө дыбысы екі элементтен тұрады.
Тақтада жазу.
Ауда жазу.
Дәптерге жазу.
6. Оқимыз, үйрнеміз, білеміз.
К-Ө көрік көлік
Ө-Р өр өрік көмек
Ө-С өс өмір көмір Көз сөз бөз төз
7. Сергіту сәті.
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық
Өнер
Өркен
Ойлайық та, ойнайық.
Түсіп қалған әріптерді табамыз.
|Ө | |
|Ө | | | |
| |ө | | | |

9. Тірек сызбамаен жұмыс.
Сөйлем құрау.
10. Салыстыра білейік.
Венн диаграммасын құру.

Ө О
| | | |
|Жіңішке |Дауысты |Жуан |
| |дыбыс | |
| |басында | |
| |ортасында | |

«Паровоз ойынын» ойнатып, сабақты қорыту.

И и дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға И и дыбысы мен әрпін таныту. И дыбысына
қатысты сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, И

дыбысын сөздің ішінен бөліп алып жеке дыбыстату
арқылы
оның дауысты дыбыс екенін меңгерту. И әрпінің баспа,
жазба
түрінің бас әрпін, кіші әрпін таныту, мәтінмен жұмыс
жасату.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын дамыту, мәтін

мазмұнын айтып беруге дағдыландыру. Жаңа
сөздерді
меңгерту.
Тәрбиелігі: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып,

«жеті қазына» жайлы мағлұмат бере отырып халықтың
педагогика негізінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, қима қағаздар, түрлі – түсті бор.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, топтау, суретпен жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:1. Оқушылардың сабаққа қатысуы. 2.
Оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Ә ә дыбысы мен әрпі. 1. Ә дыбысы қандай? 2. Әтеш
сөзінде неше буын бар? 3. Бағандағы сөздерді оқыту. Дыбыстық, буындық
талдау жасау. 4. «Әже» мәтінін 3 топтан үш оқушыға оқыту. 5. Сөздік
диктант жазғызу. 6. «Әліппе» өлеңін оқушыларға жатқа айтқызу.
ІІІ. Жаңа сабақ. а) Кіріспе: «Ой қозғау» әдісі бойынша ит сөзіне ой
топтау.

Адамға дос үй жануары тірі табиғат
| | | |
| | |
| | | |

Үреді үй күзетеді жеті қазынаның
бірі

ә) Негізгі бөлім: 1. И дыбысына қатысты сөздер ойлату. 2. И дыбысын хормне
айтқызу. 3. И дыбысына қатысты бағандағы сөздерді хормен оқу. 4. Бағандағы
сөздердің мағынасын ашу.
Ит – үй жануары
Кит – ең ірі сүтқороекті жануар
Ине – тігін тігетін құрал
Инелік – жәндік
Шие – жеміс
Киік – түз тағысы, жануар
Тиын – ұсақ ақша
Тиін – орманда тіршілік ететін жануар
Тиек - ішекті саз аспабының құрамы.
ІV. Сергіту сәті:
V: Мәтінмен жұмыс.
а) «Ит» мәтінін мұғалімнің оқып беруі. ә) Мәтінді оқушылардың іштей оқып
шығуы. б) Мәтінді оқушылардың дауыстап, тізбектей оқуы.
Киік, иман сөздеріндегі и дыбысының орны, қанша буыннан тұратын, и дыбысы
нешінші буында кездесетінін айтқызу.
VІ. Дәптермен жұмыс.
а) К әрпінің бас және кіші әрпін тақтаға жазып көрсету. ә) Ауада жазу. б)
Дәптерде жазу. в) Бірнеше оқушыға тақтаға жазғызу.
Кеспе суреттердің атын атап, тақтаға жазу. Ит, ине, кит, инелік, шие, киім,
киік, тиын, тиін суреттері.
VІІ. Қорытындылау, бағалау. Ит суретін салып, оны ауызша сипаттап беру.
Үйге тапсырма: оқулықпен жұмыс.

В в әрпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың В в әрпімен жаңа буындармен, жаңа

сөздермен таныстыру. Сұрақ – жауап
әдісін пайдалана
отырып сөздермен таныстыру. Тыныс
белгісі бар
сөздерді дұрыстап оқуға үйрету.
Тәрбиелігі: тазалыққа, адамгершілікке, имандылыққа, ұқыптылыққа

тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, В дыбысынана келетін сөздер, вагон, витамин,

автобус, вокзал т.б. интерактивті тақта пайдалану.
әдісі: түсіндірмелі сұрақ – жауап әдісі, әңгімелеу әдісі.
Типі: жаңа сабақ.
Түрі: жарыс сабақ, ойын.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
Ұймдастыру кезеңі:
Ойын. «Жыл құстарына көмектесу»
- Балалар, мына жыл құстары қалып қойыпты, кәне қанаттарына күш беріп
көмектесіп жіберейік. Сұрақ – жауап алу арқылы, жыл құстарына
көмектесеміз, интерактивті тақта арқылы, ойын арқылы жыл құстарын
ұшырамыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Х дыбысы. «мектеп асханасы» мәтінін тізбектей оқыту. Түсініктерін сұрау,
Х әрпіне байланысты бағандағы сөздерден сөйлемдер құрату.
Жаңа сабақ.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.
Сурет бойынша жұмыс, бағандағы сөздерді оқу, түсіндіру. «Алғашқы
велосипед қандай болған.?» мәтінді оқып беріп, мағынасын түсіндіру.
Дәптермен жұмыс.
В әрпі бар сөздер жазу. Көп нүктенің орнына В әрпін қойып жазу. (осы
кезде почта келеді)
- Балалар сендерге Астана қаласынан хат келді.
Мұғалім: Кәне, көрейік, кімнен келді екен?
Почташы: Астана қаласынан. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтан келіпті.
(оқиды)
№44 орта мектебінің 1 сынып оқушыларына:
Қымабатты қазақ елінің азаматтары!
Бүгінгі өтіліп жатқан алғашқы ашық с абақтарың құтты болсын! Мен
сендердің осы уақытқа дейін оқуды қаншалықты меңгергендеріңді білу
мақсатымен бірнеше сұрақтар беремін. Кім жауап бере алса, сол оқушы
келешекте Қазақстанның ел басқаратын сенімді азаматы болады. Оқушыларға
мына кітаптарды сыйлыққа салып жібердім.
Іске сәт жас достар!
1. Рәміздерді ата?
2. Батырлар туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
3. Қазақстан, Отан туралы қандай ән – тақпақтар білесіңдер?
Ойын.
Себеттерге жидек,көкөніс, жемістер жинау. Жидектер, көкөністер, жемістер
шашылады, үш топтың балалары өздеріне тиістілерін тауып, тақтаға қатесіз
буынға бөліп жазады.
Қорытындылау.
Мадақтау.
Жұлдызшалармен, шыршалармен бағаланады.
Қай топ жұлдызшаларды көп жинайды, сол топқа сыйлық көп таратылады.
Сыйлыққа кітапшалар беріледі.

Р р дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды Р р дыбысымен таныстыру.Буындық,
дыбыстық талдау жасату, р дыбысын
сөз ішінен
бөліп алып жеке дыбыстату,
дауыссыз дыбыс
екенін аңғату. Мазмұнды суретке
қарап, сөйлем
құрата отырып, оқушылардың білімі
мен тілін
дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа,
еңбексүйгіштікке,
салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, ойын арқылы.
Көрнекілігі: кеспе әріптер,
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен амандасу.
2)Оқушыларды түгендеу.3) Оқу құралдарын түгендеу. 4) Оқушылардың
көңілдерін сабаққа аудару.
Психолоиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру,
1) «Сыйқырлы алма ағашы» ойыны.
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілі.
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Жемістер піседі.
- Міне біздің бағымыздың алмалары да пісіп жерге түсіп қалыпты, қане осы
жемістерді теріп алайық.
- Балалар, бұл алмалар оңайлықпен жұлынатын емес, олардың әрбіреуінде
сендерге арналған сұрақтары бар екен, сол сұрақтарға жауап берген
оқушылар ала алады екен.
- Кәнекей, кім жауап береді?
1- алма: Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
2- алма:Ғ дыбысы қандай дыбыс?
3- алма: Ғ дыбысына байланысты қандай сөздерді білесің?
4- алма: Ғ дыбысына сөз ойлап, буынға бөл.
5- алма: Ғ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
6- алма: Ғ дыбысына сөз ойлап дыбыстық талдау жаса.
2) Ғ ғ дыбысына берілген сөздерді оқыту, мағыналарын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
- Балалар, сендерге мен үш жұмбақ жасырамын, кімнің тапқыр екенін
байқайық.
1- жұмбақ:
Қорапқа қамалып,
Айтары жаңалық.
- Балалар, кәне менің осы жұмбағымның жауабын кім айтады?
- Радио (Буынға бөліп айтқызу)
- Дұрыс. Ал енді айтыңдаршы, бұл сөзде қай дыбыс бірінші естіледі?
- Иә, Р дыбысы. Олай болса бүгін Р дыбысымен танысамыз (Р дыбысын хормен
үш рет айтқызу)
- Тапқырлықтарыңды тағы да байқайын, келесі жұмбақтарымды да шешіп
көріңдер.
2- жұмбақ:
Гүлге қонады,
Шырынын сорады.
Түр – түсі сары ала
Бұл не?
- Дұрыс айтасыңдар, жауабы – ара. Енді тағы бір жұибақтың шешуін
шешейік.
3- жұмбақ:
Ірі денесі-
Түздің кемесі,
Жонында бір төбесі.
- Бұл қандай жануар? Кейде оны «Шөл кемесі» деп те атайды.
- Дұрыс, олай болса біз бүгін Р р дыбысымен танысайық
- Р дыбысы дауыссыз дыбыс. Балалар Р дыбысы сөздің басында, ортасында,
аяғында кездеседі.
- Балалар Р дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер, кім
айтады? Оқулықпен жұмыс. Бағандардағы сөздерді оқытып, мағынасын
түсіндіру.
Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс.
1. Р р әрпінің жазба түрімен таныстыру.
2. Р р әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру.
3. Р р әрпін ауада жазып көріп, дәптерге жазу.
4. Суреттегі нүктелердің орнына Р р әрпін қою.
4.Сабақты қорыту.
- Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?
- Рр дыбысы қандай дыбыс?
- Рр дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі?
Рр дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.
5. Бағалау. Оқушылардың білімін мақтап, мадақтап бағалау.

Щ щ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Щ щ дыбысымен, әрпімен таныстыру Щ щ дыбысы бар сөздерге
талдау жасай білуге үйрету. Щ әрпінің баспа және жазба түрін танытып, жазба
әрпінің жазуын үйрету.
Дамытушылығы: ой – еркін, ойлау қабілетін, сөздік қорын, қиялын, зейінін
дамыту.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға, әдептілікке, инабаттылыққа
тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топтастыру.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілігі: щеткалар, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сабаққа әзірлік, оқу құралдарын реттеу.
2. Назарларын сабаққа аудару.
3. Психологиялық сәт.
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық. Сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз. Сынып 4
топқа бөлінеді.
1. Балапан.
2. Балдырған
3. Бүлдіршін
4. Айгөлек.
Ұпай саны арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.
ІІІ. Білімдерін жан – жақты тексеру.
«Тапқыр достар» ойынын ойнату. Әр топқа екі сұрақтан беріледі. Дұрыс
жауапқа 1 ұпайдан беріледі, білмесе қарсы топ мүшелері жауап береді.

Жоғарыдағы

Ұқсас жұмыстар
Дыбысына байланысты сөз ойла
"әә дыбысы мен әрпі". 1-сынып. сауат ашу
Неліктен дауысты дыбыс
Балық сөзінің бірінші әріпі қандай дыбыс
Г дыбысы мен әріпі
Аквариум суретін көрсету
Гдыбысы мен әрпі
Оқушылардың құраған мәтінін тыңдау
Ойын сабақ
Ә ә дыбысы және әрпі
Пәндер