Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Ынтымақ түбі береке

<<Өзін-өзі тану>> сабағының жоспары
Тақырыбы Ынтымақ түбі - береке 19.01.15.
Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттер татулық, ауызбірлік, достық

Мұғалім Нуртазаева Н.М. Сыныбы _____6_____ Оқушы саны__16

Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру;
2.Оқушылардың өз-ара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету,
3.Оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достаққа тәрбиелеу.

Ресурстары :
(материалдар, дерекөздер)
<<Игілік-басы ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ>>
Халық мақалы
Сабақтың барысы
1.Үйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар.
Жер бетінде жанға жайлы бір жер бар деседі, оны көру әркімнің маңдайына жазылмаса керек. Ол жерде адамдар шат-шадыман, бір-бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен.
Адамдар сәл нәрсенің өзіне қуанып, кішкентай дүниеден жақсылық іздейді екен.
Барша табиғатқа қамқорлықпен қарағандары соншалықты, айналада жайқалып қалың майса шөп өсіп, өзендер мөп-мөлдір, тап-таза болып ағып, көгілдір көлдерде балықтар шоршып жүзеді.
Адамдардың мұң мен жауласу дегенді білмейді, күнкөріс қамымен де бір-бірін ренжітпейді, бір-біріне бауырмал болып, өзара көмектеседі екен. Сол себепті ол жерде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Халықтар өзара соғыспайды, келісімге келіп, үйлесімде өмір сүреді.
Ол аймақтың тыныштығы мен жайлылығы сондай-бозторғайлар қой үстіне ұя салып, қой үстіне жұмыртқалайды.
Бірақ оған қызыға қарауға болғанымен, ол елдің тұрғындары бөтен ешкімді елдеріне кіргізбейді екен деседі.
Бірақ өз тұрған жеріңді осындай жайлы мекенге қалай айналдырар едіңдер? Ойланып көріңдерші.
Енді көз алдыларыңа елестетіңдер.
Жанға жайлы музыка қоюға болады.

Ескертулер
* Топқа бөліну <<Менің қалаған түсім>>
Қобдишадан қалаған түстеріңді таңдап,әр түске сәйкес топқа бөлініңдер.

* Есімдер аллитерациясы
Мақсаты:Оқушыларды таныстыру.
Шарты:Әр оқушы өз есімдерін айтып, есімдерінің бірінші әріпінен басталатын жағымды қасиетін айту.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға <<ынтымақ>> құндылығының жеке адам
мен қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып келіп,талқылау.

* Үй иелерінің Ынтымақты қонақ қылуының себебі неде?
* Ынтымақ болған жерге Қызырдың, Бақ пен Дәулеттің келуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?
* Сендер кімді қонаққа шақырар едіңдер?
* <<Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ>> дегенді қалай
түсінесіңдер?

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз).

Оқулықта <<Игілік- басы ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ>>, деген халық мақалы берілген.
Бұл дәйексөзді көзқарас, себеп, мысал, қорытындылау бірізділігін сақтай отырып талқылау.

* Сергіту сәті

4. Оқиға айту (әңгіме).

Қарастырып отырған <<ынтымақ>> ұғымына байланысты оқулықтағы <<Ойланайық, пікірлесейік>> айдарында берілген төмендегі сұрақтарға жауап берейік.
* Ынтымақты дегенді қалай түсінесіңдер?
* Ынтымақ түбі-береке деп айтуда қандай мән бар?
* Ынтымақтастық, татулық, ұйымшылдық ұғымдарының ұқсастығы неде?


Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал-мәтел айтып, гүл шоғын толтыру.

Мәтінмен жұмыс: Адамдар арасындағы татулық, ауызбірлік, ұйымшылдық сияқты қасиеттердің ынтымаққа, бірлікке жеткізетінін ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып беру.
* Баба өсиетінен не ұқтыңдар?
* Баба өсиетінен қандай қорытынды жасауға болады?

Синквейн (Топпен жұмыс)

Мына сұлба бойынша синквейн (<<бес тармақ>>деген мағынаны білдіреді) жазыңдар.
* 1 зат есім (тақырыбы) Ынтымақ
* 2 сын есім___________________________
* 3 етістік_____________________________
* 4 сөзден тұратын сөйлем_______________
* Түйін (1 сөз) _________________________

Тапсырма:Адамдардың бірлікке келуі, бірлесіп тірлік жасауы, татулығы үшін қандай қасиеттер қажет? (татулық, достық, ауызбірлік, бірлік)

Осы сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін анықтамасын беріңдер.

Ұғым
Анықтамалары
1. татулық
2. достық
3. ауызбірлік
4. бірлік
5. ынтымақтастық
А) Адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
Ә) Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы.
Б) Бірлікке келу, бірге тірлік жасаудың көрінісі, татулықтың белгісі.
В) Мақсаты бір топ мүшелерінің тату-тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсете білуі.
Г) Ынтымақтасып біріккен бір ауыздылық, іштей байланысты табиғи біртұтастық,

Тапсырманы сыныпта оқушылар жұптасып жұмыс істеп, әрбір сөздің өзіне сәйкес келетін анықтамасы көрсетілетіндей етіп белгілеуі тиіс. Мысалы: <<Татулық- адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы>>.
Тапсырма жұмыс дәптерге орындалады. Оқушылар сөз мағынасы мен анықтаманы дұрыс сәйкестендіруі тиіс.
Жауаптары: 1- ә); 2-а); 3-в); 4-б); 5-г).

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушылардың ойларын мен сезімдерін білгеннен кейін оқулықта берілген М. Мақатаевтің <<Құт мекені>> өлеңін оқып, сұрақтарға жауап беру.

* Біздің еліміз қалай құт мекенге айналып отыр деп ойлайсыңдар?

* Отанымызға сүйіспеншіліктеріңді қалай білдірер едіңдер?

Түйіндеме : Бірлігі берік, ынтымақтастығы жарасқан елдің болашағы баянды.

Тапсырма.

Елімізге деген тілектерімізді жазайық.

6. Топпен ән айту.

Алтын Махамбетованың <<Менің елім>> өлеңін айту.

7. Үй тапсырмасы.

<<Ынтымақ түбі - береке>> тақырыбына эссе жазу

8. Сабақты қорытындылау сәті

Адамдар арасындағы ұйымшылдық, береке-бірлік ынтымақ туғызады. Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп, бірлесіп әрекет етеді. Татулық орнайды. Ұжымдағы, ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа, достыққа жеткізіп, болашағымызды баянды етеді.

Позитивті күйге келу.(баяу әуен қойылады)
Көзімізді жұмып,еркін отырайық. Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып,көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көзімізді ашайық.

Енді,бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, көңіл күйлеріңді смайлик арқылы көрсетіңдер.

Тексерілді


Ұқсас жұмыстар
Тақырып Ынтымақ түбі - береке
Ынтымақ түбі - береке - Өзін-өзі тану
Ынтымақ - достықтың бірлігі
Қайталанып тұрған сөздерді қою қаріппен жаз
Бірлік - түбі тірлік!
Діннің қоғамдағы ролі
Ң дыбысын қайталау
Құрал-саймандар тақтасы және мәзір. мәтінді теру ержелері
Татулық табылмас бақыт
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
Пәндер