Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Центрлік симметрия


Алматы облысы, Текелі қаласы
№5 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Шошақ Айнагүл

Сабақтың тақырыбы: Центрлік симметрия

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылар нүктеге қатысты симметриялы фигураларды, центрлік симметриялы
фигураларды, симметриялы фигураладың теңдігін, нүктеге қатысты симметриялы
фигуралады салуды үйрену.
2. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, ауызша жазбаша тіл байлығын
қалыптастыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Оқушыларды ұшқырлыққа, тапқырлыққа, ой өрісін кеңейтіп білімін арттыра
білуге, жауапкершілікті сезінуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:
1. Танымдық қабілеттерін қалыптастыру.
2. Математикалық диктант және деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың
білімін саралау.

Сабақтың типі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Геометрия
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,телесканер, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды
сабаққа дайындау

II. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар шығармашылық

жұмыстарын өткізеді

III. Білімді тексеру кезеңі Оқушылардан 10
сұрақ бойынша

м.д аламын.Жауабы бойынша

сурет алады. М.д – та

өздерін - өздері бағалайды.

[pic]

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1. Бір – бірімен қиылысатын түзулерді параллель түзулер дейміз.
2. Вертикаль бұрыштар өзара тең.
3. Перпендикуляр түзулер жазықтықты төрт тікбұрышқа бөледі.
4. Берілген нүктеден түзуге бірнеше перпендикуляр түзулер жүргізуге болады.
5. Берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп
аталады.
6. Қиылысатын екі түзудің екі ортақ нүктесі бар.
7.Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура
осьтік симметриялы фигура деп аталады.
8. -25 =25
9. Тік төртбұрыш, квадрат, шеңбер – осьтік симметриялы фигуралар.
10. Тік төртбұрыштың шексіз көп симметрия осі бар
IV. Жаңа материалды Оқушыларға
өткен тақырыпты
түсіндіру
әңгімелету арқылы жаңа тақырыпқа

кіремін. Тақтадағы көрнекілік

көмегімен оқушыларға бағыт беру

арқылы тақырыптың мазмұнын

өздері алады. Координаталар басы

О нүктесіне қатысты симметриялы

нүктенің координатасы қарама –

қарсы сандар болатынын өздері

қорытындылайды.

V. Бекіту:
а. Оқулықпен жұмыс Сынып екі
деңгей бойынша

есептер шығарады.

I-деңгей
II-деңгей
№ 1197 № 1203
№ 1200 № 1206 Оқушылар тақтамен дәптермен
жұмыс жасайды.

ә. Логикалық тапсырма

[pic]
Әр
қабырғаларындағы сандар қосындысы
200 болатындай
10,20,30,40,50,60,70,80,90
сандарын үшбұрыш
қабырғаларындағы
дөңгелектерге
орналастыр

VI. Сабақты қорытыдылау. Тақтадағы ілулі тұрған плакаттың қалташаларынан

Оқушылар сұрақтар алып, жауап берген соң
сұрақтар артына
жасырған әріптерді ашады. Сонда
тікбұрышты координаталар
жүйесін еңгізген
Франзуз математигі Рене
Декарт (1596 – 1650)
есімін алады.

Д - А(2;3) нүктені координаталар басы О нүктесіне қатысты симметриялы
нүктенің координатасын тап?

Е – Паралель сөзінің мағанасы, белгіленуі

К - Вертикал бұрыш дегеніміз не?

А – Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?, белгіленуі

Р – Ширек, ширектің таңбалары.

Т – График дегеніміз не?

| Д | Е | К | А | Р | Т |

VII Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан
оқушыларды бағалау.

VIII. Үй тапсырмасын
беру
1. I-деңгей
II-деңгей
№ 1196
№ 1205
№ 1198
№ 1207

Қосымша дәптерге
№ 1202
№ 1208

2. 5,10,15,20,25,30,35,40,45 сандарын әрі тік, әрі көлденең
қосындысы 75 болатындай төмендегі
шаршыға
орналастыр.

| | | |
| | | |
| | | |


Ұқсас жұмыстар
Центрлік және осьтік симметрия
Центрлік және осьтік симметриялар
Осьтік және центрлік симметрия
Симметрияның түрлері
Бұрыш - осьтік симметриялы фигура
Архитектурадағы симметрия
Ұқсастық түрлендіру және оның қасиеттері. Ұқсас фигуралар.
Болашақ депозит
Топтарға сұрақтар дайындау
Деңгейлік тапсырмалар орындау
Пәндер