Толағай отбасылық спорттық сайысы: салауатты өмір салтын насихаттау және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту

mamaa

«Т о л а ғ а й»

(отбасылар сайысы)

Мақсаты: 1) Салауатты өмір салтын насихаттау.

2) Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

3) Оқушыларды зиянды, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету.

Сабақты жүргізу әдісі: жарыс түрінде.

Сабаққа қажетті құралдар: доп, ысқырық, секіргіш, т. б.

Көрнекіліктер: плакат, суреттер, нақыл сөздер, т. б.

Барысы:

1 Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ата- аналар!

Мектеп- интернатымызда алғаш өткелі отырған «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!

2 Жүргізуші: Келіңіздер, келіңіздер,

Бұл жарысты көріңіздер.

Бізде бәрі жүйріктер,

Күш сынасар алыптар.

Спортпен болып мәңгі дос,

Мағынасыз жүрме бос.

1 Жүргізуші: Ендеше сайысымызды бастаймыз. Сайысқа қатысатын

«Толағайлар» отбасыларын қошеметпен ортаға шақырайық

  1. топ - «Денсаулық», 2 топ - «Салауат», 3 топ - «Жігер»
  • Сайысымызды бастамас бұрын мектеп директоры

Р. М. Дуйсебаеваға сөз береміз.

2 Жүргізуші: Енді, «Толағайлар» отбасына әділ баға беретін әділ-қазыларды таныстырып өтейік.

1. Мектеп директоры : Р. М. Дуйсебаева

2. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі : Г. Т. Мамметтахтиева

3. Мектеп Әдістеме жұмысының жөніндегі орынбасары:

Ү. М. Адильхановна

1 Жүргізуші: Орын алсын салауаттық санаңда

Санаң болса пайда әкелер адамға

Ерте тұрып шынық күнде ерінбей

Бақыт бітер сонда басқан қадамға

  1. Жүргізуші:Ал, енді алғашқы сайымызды бастаймыз.

Алғашқы сайысымыз: «Сәлем берем халқыма»

Бұл бөлімде әр топтың сәлемдесуі, ұраны және

топты қорғауы керек.

-«Денсаулық» тобын ортаға шақырамыз!

-«Салауат» тобын ортаға шақырамыз!

-«Жігер» тобын ортаға шақырамыз!

(Әділ-қазылардың бағасы)

1 Жүргізуші: Екінші бөліміміз « Ақылыңа күші сай » деп аталады.

1-ші эстафета «Кім жылдам?» деп аталады

Ойынның шарты: Қатысушылар сөреден бастап мәреге дейін

жылдам жүгіріп жетулері керек.

Ойынымызды бастаймыз: 1, 2, АЛҒА . . .

(Әділ-қазылар бағасы)

2- эстафета: «Кегли эстафетасы»

Ойынның шарты: Қатысушылар кеглидің арасынан өтіп, кері

қайтып келулері керек.

Ойынымызды бастаймыз: 1, 2, АЛҒА . . .

(Әділ-қазылар бағасы)

3 эстафета: «Секіргішпен секіру»

Ойынның шарты: Қатысушылар секіргішпен секіріп, сөреден

бастап мәреге дейін жылдам секіріп

келулері керек. .

Ойынымызды бастаймыз: 1, 2, АЛҒА . . .

(Әділ-қазылар алқасының бағасы)

4 эстафета : «Қаппен секіру»

Ойынның шарты: Қатысушылар сөреден мәреге дейін қаппен

секіріп келуі керек.

(Әділ- қазылардың әділ бағалары)

5 эстафета: «Допты себетке жинау»

Ойынның шарты: Қатысушылар белгіленген сызыққа жетіп,

қоржынға допты лақтырып түсірулері керек.

Қоржынға жинаған доптың санын санаймыз.

(Әділқазыларға сөз береміз)

6 эстафета: «Шеңбер эстафетасы»

Ойынның шарты: Шеңберді қолына ұстап, жалауға дейін жүгіріп жетіп, қайтарда отбасымен шеңбердің астымен

айналып мәреге жету керек.

(Әділ- қазылардың бағасын тыңдайық)

7 эстафета : «Ракетка эстафетасы»

Ойынның шарты: Сөреден мәреге дейін ракетканың үстіне

допты ұстап, айналып келулері қажет.

(Әділқазылар бағасы)

8 эстафета : «Доп эстафетасы»

Ойынның шарты: Қатысушы допты қолына ұстап сөреден

мәреге дейін жалауды айналып келуі тиіс.

(Әділқазылар бағасы)

9 эстафета: «Таяқша эстафетасы»

Ойынның шарты : Қатысушы сөреден бастап жалауға дейін таяқшамен

жүгіріп барып, сол жерде қалады. Қалған топ

мүшелері осы шартты қайталап мәреге бірге

жетулері тиіс.

(Әділқазылар бағасы)

10 эстафетасы . «Самакат эстафетасы»

Ойынның шарты: Қатысушылар сөреден мәреге дейін самакатпен

айналып келуі тиіс.

(Әділқазылар бағасы)

11 эстафета: «Үлкен ойын» эстафетасы

Ойынның шарты: Қатысушы жүгіріп шеңберден секіріп өтіп,

төсеніштің үстіндегі құбырдан өтіп,

жалауды айналып мәреге жетуі тиіс.

(Әділқазылар бағасы)

2 Жүргізуші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші міне, сайысымыздың соңына да жеттік.

Отбасыларымыздың арасынан озып шыққан жеңімпаздарды анықтау сіздердің құзырларыңызда, әділқазылар алқасы.

Ән:

Би «Қара жорға»

1 Жүргізуші: Әділқазылар бағасы. Құттықтау сөз.

Ойынға қатысқан ата-аналарға сөз береміз

2 Жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда!

1 Жүргізуші: Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай бабамызда, -

демекші бүгінгі

«Толағай» отбасылық сайысымызды осымен

аяқтаймыз.

Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

SAM_8413.JPG

Алматы об, Қарасай аудаңы,

Қаскелен қ, « Н. Әлімқұлов

атындағы орта мектеп-мектепке

деійнгі шағын орталықпен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі .

Дарибаева Нұрсұлу Азырханқызы,

Дене шынықтыру пән мұғалімі


Ұқсас жұмыстар
Толағай отбасылық сайысы: салауатты өмір салтын насихаттауға арналған мектептік спорттық бағдарлама
Толағай отбасылық спорт сайысы: 2-3 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында салауатты өмір салтын насихаттау
Толағай отбасылық сайысы: отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған тәрбиелік-спорттық бағдарлама
Толағай отбасылар сайысы: салауатты өмір салты мен отбасылық тәрбие арқылы денсаулықты нығайту
Толағай эстафеталық спорттық сайысы: мектепте салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтыру іс-шарасының сценарийі
Мектепте салауатты өмір салтын насихаттау: спорттық сайыс пен денсаулық тәрбиесі
Көңілді эстафета: ата-аналар мен мамандар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық сайыс
Аудандық Дарабоз отбасылық спорт сайысының бағдарламасы: аз қамтылған отбасыларды қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау (30.01.2016)
Әкеммен, анаммен - ата-ана мен баланың салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық эстафета
Мектеп пен ата-ана байланысының проблемалары мен ынтымақтастықты нығайту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz