Әдебиет -адамшылық шұғыласы

Тақырыбы : «Әдебиет - адамшылық шұғыласы!»
Мақсаты :балалардың әдебиетке деген құштарлығын арттыру, туған әдебиеті мен жерін сүйе білуге баулу, көркем шығарманы оқып, талдап, тәрбие алуға шақыра отырып, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі :әдебиет жайлы өлеңдер жазылған, суреттері бар слайдтар, әдеби шығармалардан үзінділер, үлестірмелер.
Барысы :
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, назарларын әдеби- танымдық сабаққа аударып, бүгінгі сыныптан тыс жұмыстың тақырыбын айтып, мақсатымен таныстыру.
Негізгі бөлім . Мұғалімнің кіріспе сөзі . Бүкіләлемдік әдебиет тарихында қазақ әдебиетінің алар орны ерекше екенін білеміз. Бірақ қазіргі күні көбіміз әдеби шығарма оқу орнына ғаламтордың ақпараттарына тым тәуелді болып бара жатырмыз. Бұл - адамзатты рухани тұрғыдан аздыратын әрекет, себебі әдебиет - адамшылық шұғыласы. Әдеби шығарманы оқығанда, біз тек тілімізді дамытып қана қоймаймыз, адамдық қасиеттерді де бойымызға сіңіре бастаймыз. Біздің бүгінгі жұмысымыз да осылай аталады. Сайыс түрінде өтілетін танымдық сағатымызға 8-«А» сыныбынан «Асыл сөз» тобы, 8-«Б» сыныбынан «Қара сөз» тобы және 8-«В» сыныбынан «Сөз өнері» тобы қатыспақ, қарсы алайық!
Топтардың топ атын, төсбелгісін және топ мүшелерін таныстырулары:
Топ атын топ ұранымен таныстыра отырып, топ мүшелері өз есімдерін бір-бір әдеби эпитетпен тіркестіре айтулары керек.
Сайыс шарттары:
- Берілген авторлардың шығармаларын сәйкесінше орналастыру.
- Слайд арқылы көрсетілген сұрақтарға жауап беру.
- Үйден салып келген суретте қай шығарма бейнеленгенін табу.
- Жанкүйерлер сайысы
- Бүгінгі сайыс туралы «Сараптау қағазын» тоолтыру.
- Сайыс қорытындысын шығару.
І. Берілген авторлардың шығармаларын сәйкесінше орналастырыңдар:
Оқушыларға төмендегідей жауап қағазы таратылып беріледі, олар 2 минутта сол кестеге тиісінше сандарды орналастырулары керек:
Уақыт өткен соң дұрыс жауаппен тексеріледі:
Топтардың әр дұрыс жауабы 1 ұпаймен есептеліп, бағалау қағазына жазылып отырады.
ІІ. Слайд арқылы көрсетілген сұрақтарға жауап беру.
1. Мына үзінді қай шығармадан?
1. «Маужыраған көзі ілініп кеткен екен, түс көрді. Сары үрпек балапан шиқ-шиқ етеді. «Кел, ойнайық»- дейді. Өзі кіп-кішкентай. Сүйкімді. Міне, екеуі бірін-бірі қуып ойнап жүр. Шөже мұндай жүйрік болар ма, жеткізер емес. »
2. Мына диалог қай шығарма кейіпкерлері арасында болды?
- Мен де оған ұшуды армандайтынмын.
- Бірақ сенен космонавт шықпас еді.
- Не себепті шықпас еді?
- Себебі сен тым қорқақсың?
3. «Тазының өлімі» шығармасында мынадай үзінді бар:
«Күшіктің мойнына ою-өрнекті жез … жасатып тақты да, содан ұстап жүретін болды» Көп нүктенің орнына қойылуға тиісті қандай сөз?
4. Мына диалог қай шығармадан:
- Аққу қанша жасайды?
- Жүз жетпіс, жүз сексен.
- Бүркіт ше?
- Әрі кетсе, жетпіс-сексен.
- Әлді бүркіт неге әлсіз аққудан аз жасайды?
Құсбегі қарт қалай жауап берді. Жауап оған ұнады ма? Не себепті?
5. Мына үзіндіні толықтыр:
«Бірақ аңшылардың ырымы бойынша, ауылдан шыға бере қоян кездессе, оны қалай да соғып алу керек. Әйтпесе…»
- «Қымыз» шығармасында ұлттық сусынның жасалу әдісі керемет ашылған.Келесі тапсырма бойынша таратып берген қымыз түрлері кімдерге ұсынылатынын табу керек.
«… қымызды жақтырмаған адамына береді. … қымызды сырласар қонағына береді. Оны «әуезді мәслихаттың кеніші» деседі. Ғашықтар мен ақындарға … қымыз ұсынады. Сусынның сосынғы төресі - … қымыз. … қымызды жауға шабар батырлар мен бәтуаға жүрер елшілер ішеді. … қымызды қазақ кезбе, бақсы, бәдік, саудагер жандарға беретін болған »
Керекті сөздер: саумал, құнан, дөнен, бесті, қу, у қымыздар.
ІІІ. Үйден салып келген суретте қай шығарма бейнеленгенін табу.
Әр топтың үйден салып келген суреттері алмастырылады, олардың қай шығармадан екенін табу керек.
ІҮ. Жанкүйерлер сайысы : осы шығармалар арасында халыққа танымал қандай тұлғалар жайлы оқыдыңдар, шығармада олардың қандай қасиеттері суреттелген?
Жауабы: Махамбет, Құрманғазы, Балуан Шолақ
Ү. Бүгінгі сайыс туралы «Сараптау қағазын» толтыру.
Әр топқа сараптау қағазы таратылады, онда бүгінгі сайыс жайлы өз ой-пікірлерін қалдырулары керек:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz