Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Мағжан жұмабаевтың "мен кім?" өлеңін талдау
Қазақ әдебиеті 6-«Г» сыныбы 21.11.2012 жыл
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Мағжан ақын туралы қысқаша
мәлімет бере отырып, ақынның «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерін оқыту,
әдеби талдау жасауға қалыптастыру.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
а) білімділік: оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы,
«Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың
әдеби және көркем ой-пікірін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу
шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық
ізденіске баулу.
б) тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ.
Сабақтың әдісі: сөздік, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар,
бүктемелер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, оқу –құралдарын дайындатып, сабаққа назар аударту,
сабақты өлеңмен бастату, бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттерімен
таныстыру.3 топқа бөлініп өтілетіндігін айтып, топтардың мүшелерімен, топ
басшысымен таныстыру үшін «Менің есімім» деген ойынды ойнатамын.
ІІ. Өткен сабақты сұрап бекіту
Үй тапсырмасы: С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» деге
өлеңін оқып, талдау және ақын туралы сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды
орындау, сол сияқты «Мен- қазақ » өлеңін оқу және жаттау.
1. С.Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
2. Қалаған өлеңін жатқа сұраймын.
3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Мұғалімнің кіріспе сөзінде оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың
өмірі,шығармашылығы, «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы сұрақ-
жауап әдісі арқылы қысқаша мәлімет беріледі..
Қаршадайынан зерек, Шығыс, Батыс әдебиетін еркін игерген Мағжан қазақ
поэзиясына балғын шағында-ақ ерекше, аса талантты болмысымен келді. Қазақ
ауыз әдебиетінің тұнығына қана отырып, жарқ етіп шыққан Абай поэзиясын
өзіне мектеп етті.
Мағжан - ұлтын тереңнен сүйген ақын. «Адам,- дейді ол, - шын адам
боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін». Ақынның
өзі де осы ізгі мақсаттың құрбаны болды.
«Қазақ тілі», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін» сияқты азаматтық
лирикаға жататын куатты жырларды мол жазды.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту жұмыстары
1.Өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысын өткіземін, әр оқушының дауыс ырғағы, оқу
мәнері, өлеңнің ішкі ырғағын тауып оқу қабілетін бағалатамын. Әр топ
басшысы өз оқушыларының бағасын бағалау парағына түсіріп отырады.
Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар -асқан жандар
ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін, не
бардың... Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам
тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең
тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
2. Оқушыларға мәнерлеп оқыту үшін өлең құрылысына қарай талдау
жасатамын.Талдау үшін әр оқушыға жеке шумақтар беріледі,оқушылар талдау
барысын да өздері бағалайды.
„ Мен кім?
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген, Жер еркесі - желдің жөнін кім
сұрар?
Көкте - күнмін, көпке нұрым шашамын, Көңілге алсам, қазір ғарышқа
асамын, Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк, Ерігемін - толқып, шалқып,
тасамын.
Жалынмын мен, келме жақын, - жанарсың, Тұлпармын мен, шаңыма ермей
қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ, Көз қырымен күліп қана
қарармын...
3. Бұдан соң оқушыларға әдеби-теориялық мәлімет беру жұмысы жүргізіледі,
метафора туралы баяндап, өлең жолдарына мысал келтіру арқылы ақынның
көркем тіліне талдау жасатамын.
Ү.Сабақтың қорытындысы:
І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.Оқушылардың
берген жауаптарына қарай білімдерін топ басшылары есептеп,өздеріне бір-
бірін бағалатамын. Жалпы топ бағасын тақтада шығарамын. Жақсы қатысқан
оқушыларды мадақтаймын және енжар отырғандарға ескерту айтылады.
2. Бүгінгі сабақ бойынша өз пікірлері мен ойларын білу үшін «Шығу парағын»
толтыртамын, әр топтан екі оқушының жазғанын тыңдаймыз.
3.Үйге тапсырма: Деңгейлік тапсырма: «5» аламын деген оқушылар үшін қалаған
өлеңді жаттау және «Мен және Мағжан ақын» атты эссе жазып келу; «4» аламын
деген оқушылар үшін Мағжан ақын туралы қосымша мәлімет айтуға дайындалып
келу және «Мен кім?» өлеңінен 3 шумақ жаттау; «3» аламын деген оқушы үшін
«Қазақ тілі» өлеңін жаттап келу.
«Бекітемін» «Келісемін» ӘБ отырысында
қаралды
№70 мектеп –лицей оқу ісінің меңгерушісі
хаттама № _____
директоры _______ _______________
Ә.М.Манарбекова
М.К. Казиева Ш.К.Жусупова
«___» _________ 2012 ж. « ___» _________ 2012 ж.
«___» ______2012 ж.
[pic]Пәні : қазақ әдебиеті
6- «Г»сыныбы
Пән мұғалімі : Алпанова Жанар
[pic]
Астана қаласы
1- топ
|№ |Оқушының аты |Алған ұпайлары |қорытынды |
|1 |Саидрахим | | |
|2 |Аружан | | |
|3 |Сұлтанбек | | |
|4 |Оразали | | |
|5 |Ілияс | | |
|6 |Нафуза | | |
|7 |Мадина | | |
|8 |Сания | | |
|9 |Азамат | | |
2-топ
|№ |Оқушының аты |Алған ұпайлары |қорытынды |
|1 |Самғар | | |
|2 |Оразкүл | | |
|3 |Әсия | | |
|4 |Ажар | | |
|5 |Мақсат | | |
|6 |Ажар | | |
|7 |Ақарыс | | |
|8 |Ерсұлтан | | |
|9 |Нұргүл | | |
3-топ
|№ |Оқушының аты |Алған ұпайлары |қорытынды |
|1 |Нұрсерік | | |
|2 |Медина | | |
|3 |Ж.Меруерт | | |
|4 |Динара | | |
|5 |Ескелді | | |
|6 |Айбота | | |
|7 |Е.Меруерт | | |
|8 |Ересіл | | |
|9 |Ерқанат | | |
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
• «Шығамын тірі болсам, адам болып» деген өлең жолдарында неше буын бар?
• Осы өлең қандай ұйқаспен жазылған?
• «Толған айдай» деген тіркестегі «Айдай» әдебиетте қандай әдіс деп
аталады?
• «Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?» қандай сөйлем деп аталады?
• Осы өлеңде ақынның қандай басты мақсатын аңғарамыз?
• Өлеңде неше шумақ бар?
• Өз ұлтын сүю, ұлттық намыс туралы ақын қай өлеңде жырлаған?
• «Мен -қазақ» өлеңінде ақын қандай басты мақсатын айтқысы келген?
• «Мен неге қазақтықтан сақтанамын? » әдебиетте қандай сөйлем деп
аталады?
• Ақынның «Мен- қазақ » өлеңінің бүгінгі күн талабымен үндесетінін қалай
дәлелдейміз?
• «Ер түрік ұрпағымын» деген ойын қалай түсінеміз?
• Шумақ үнемі 4 тармақты бола ма?
• «Алаш» деген сөзді қалай түсінеміз?
• Лирикалық қаһарман деген кім?
• «Үміт қып менен қарайсың?» деген жолдарды ақын кімге арнаған?
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. «Қазақ тілі» өлеңі неше шумақпен жазылған?
2 3 4
2. Өлең қандай ұйқаспен жазылған?
қара өлең егіз шалыс
3. Мағжан өлеңдері қандай лирикаға жатады?
махаббат азаматтық саяси-әлеуметтік
4. «Мен кім?» өлеңі – неше шумақты өлең?
5 4 3
5.Теңеуді тап:
Күндей күшті арыстанмын жолбарыспын
6.Метафораны тап:
Қаракөк теңіз тұлпармын көз қыры
7. «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? » қандай сөйлем?
Сұраулы лепті риторикалық сұраулы
сөйлем
8.Ақын арыстанды ненің бейнесі ретінде алып отыр?
Айбаттылық аң патшасы батырлық
9. Ақынның лирикалық қаһарманы кім?
Халқы ақынның өзі оқырман
10. Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі қай жолдан байқалады?
Күш кеміді, айбынды ту құлады
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен, тілім!
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. «Қазақ тілі» өлеңі неше шумақпен жазылған?
2 3 4
2. Өлең қандай ұйқаспен жазылған?
қара өлең егіз шалыс
3. Мағжан өлеңдері қандай лирикаға жатады?
махаббат азаматтық саяси-әлеуметтік
4. «Мен кім?» өлеңі – неше шумақты өлең?
5 4 3
5.Теңеуді тап:
Күндей күшті арыстанмын жолбарыспын
6.Метафораны тап:
Қаракөк теңіз тұлпармын көз қыры
7. «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? » қандай сөйлем?
Сұраулы лепті риторикалық сұраулы
сөйлем
8.Ақын арыстанды ненің бейнесі ретінде алып отыр?
Айбаттылық аң патшасы батырлық
9. Ақынның лирикалық қаһарманы кім?
Халқы ақынның өзі оқырман
10. Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі қай жолдан байқалады?
Күш кеміді, айбынды ту құлады
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен, тілім!
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. «Қазақ тілі» өлеңі неше шумақпен жазылған?
2 3 4
2. Өлең қандай ұйқаспен жазылған?
қара өлең егіз шалыс
3. Мағжан өлеңдері қандай лирикаға жатады?
махаббат азаматтық саяси-әлеуметтік
4. «Мен кім?» өлеңі – неше шумақты өлең?
5 4 3
5.Теңеуді тап:
Күндей күшті арыстанмын жолбарыспын
6.Метафораны тап:
Қаракөк теңіз тұлпармын көз қыры
7. «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? » қандай сөйлем?
Сұраулы лепті риторикалық сұраулы
сөйлем
8.Ақын арыстанды ненің бейнесі ретінде алып отыр?
Айбаттылық аң патшасы батырлық
9. Ақынның лирикалық қаһарманы кім?
Халқы ақынның өзі оқырман
10. Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі қай жолдан байқалады?
Күш кеміді, айбынды ту құлады
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен, тілім!
Бағалау қағазы:
|№ |топтар |ұпайлары |қорытынды |
|1 |« | | |
| |» | | |
| | | | |
| | | | |
|2 |« | | |
| |» | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
|3 |« | | |
| |» | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz