Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Жалаң сөйлемдер



Күні: 11.12.13
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8-«В»
Сабақтың тақырыбы: Жалаң сөйлемдер
Сабақтың мақсаты: а) Жалаң сөйлем туралы түсінік бере отырып,
оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқыр болуға
дағдыландыру,жылдамдыққа үйрету,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу
тілін жетілдіріп,психологиялық ерекшеліктерін таныта отырып, соған сай іс-
әрекеттерін бағалауға үйрету;
б) Сабақ барысында оқушылардың сауаттылықтарын арттыра отырып, түрлі
қабілеттерін оятуға жұмыс жүргізу, өз-өзін және өзгені бағалай алуға баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игертуге арналған практикалық семинар.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, көрнекілік, жаттығу,
бақылау
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,кеспе қағаздар, түрлі-түсті жапқыштар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс
тілі,психология,бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына
көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, тақырыбы мен мақсатын
айтып, топқа бөлу үшін түрлі-түсті дөңгелекшелерді алу керектігін және сол
түстес үстелдерге жайғасуларын талап ету. Психологиялық тест түріндегі бұл
бөліну ерекшелігін анықтау үшін кеспе қағаздар тарату.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы тексеру үшін дәптерлерін жинап аламын. Екінші
жұмыс дәптерлерін таратып аламыз. Оқушыларға өткен сабақты қалай
меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоя отырып, түстер жайлы бір-бір
сөйлемді оқытып, оларды жай сөйлемнің сипатына қарай анықтату: Көк түс  жан
тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді.2.Ол- бірлік, көпшілдік пен
сенімнің түсі. 3.Сондай–ақ көк  түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға
салынғыш болып келеді.4. Көк түсті таңдағандар - тыныш ортаны, мазасыздық
пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар.
Сары түс  жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. 2.Ол
- қуаныштың, күн шапағатының нышаны. 3.Сары түс адамды болашаққа
бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар
етеді.4. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге 
құлшынып тұрады .                       
                                     
Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. 2.Бұл түс өмірлік күшті,
белсенділікті, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты,
бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді.
3.Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа
мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар                                    
                                               
Жасыл түс  еркіндікке деген жігерлілікті, табандылықты, мақсаткерлікті,
өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. 2.Бұл
түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы
келетіндер. 3.Олар - айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер
күтетін адамдар. 4.Сондай-ақ бұл түс - тәкаппарлықтың нышаны. 
Күлгін түс - адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген
үміттің нышаны. 2.Бұл -асыл арман мен көркем қиялдың түсі. 3.Бұл түсті
таңдағандар тек өзгелерді таң ғалдырғысы немесе сүйсіндіргісі келмейді,
өзін де таң қалдырғандығын қалайды. 4. Оларға әлем сиқырлы, бар нәрсеге қол
жеткізуге болатындай болып көрінеді.       
Ақ түс – таза парақ, пәктік, тазалық нышаны.2. Ақ түс әділдікті білдіреді.
3.Еш бояуы жоқ ақ түс кіршіксіз сезімді көрсетеді.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жай сөйлемнің жалаң болуы тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына
байланысты. Кейбір жай сөйлемдердің құрамында тұрлаусыз мүшелер
болмайды.Мысалы: Жаңбыр сіркіреп тұр. Жер су. – Жаңбыр ашылды ма? (талдату)
Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
Жалаң сөйлем құрылысына қарай жақты да, жақсыз да сөйлем болуы мүмкін. Ойын
қызық.Үй жылы.Қарағың келеді. Айтуға бола ма? (талдату)
в) Жаңа сабақты бекітуге арналған жұмыстар:
Оқулықпен жұмыс: 77-жаттығу. Көшіріп жазып, сызықшаның қойылу
себебін анықтаңдар. Жай сөйлемдердің қайсысы жалаң,қайсысы жайылма екенін
көрсетіңдер. (бірыңғай мүшелерді анықтау)
Шығармашылық жұмыс: 79-жаттығу. Төменде берілген сөйлемдерді жайылма
сөйлемдерге айналдырыңдар. Слайд арқылы көрсетіп, алғаш боп қол көтерген
оқушылар тақтаға жазып, оларға талдау жасайды.
Нұрмағамбет тілін алды. Ол киіне бастады. Нұрмағамбет көзге
түсті. Ойын-той болмайды. Сәні болмайды. Андрей шақырылады. Нұрмағанбет те
құмар. Саусақтары жетпейді. Саусақтары ырқына көнбейді. Ол біледі.
(С.Мұқанов)
г) Сабақты қорытындылау
Білімді бекіту үшін өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Әр топқа бір-бір сурет таратылып, сол сурет бойынша жай сөйлемдер құрап
айту керек. оларға қосымша мынадай сұрақтар қойылады:
1. Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
2. Жай сөйлем дегеніміз не?
3. жақты сөйлем қалай жасалады?
4. жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?
5. Жалаң сөйлемдер қалай жасалады?
ғ) оқушыларды бағалау: топ болып «Шығу парағын» толтырады. Ал сарапшылар
«Эксперт парағы» бойынша оқушыларға және сабаққа талдау жасайды. Мұғалім
олардың сөзіне толықтыру ендіреді.
Үйге тапсырма: 78-жаттығу.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

«Бекітемін» «Келісемін» ӘБ отырысында
қаралды

№70 мектеп –лицей оқу ісінің меңгерушісі
хаттама № _____

директоры _______ _______________
Б.Ө.Каражигитова

М.К. Казиева Ш.К.Жусупова

«___» _________ 2013 ж. « 11» 12. 2013 ж. «11» 12. 2013
ж.

[pic]Пәні : қазақ тілі

8- «В» сыныбы

Пән мұғалімі : Алпанова Жанар

[pic]

Астана қаласы
Бағалау парағы:

| |топтар |1 |2 |3 |4 |барлығы |
|1 |«жасылдар» | | | | | |
|2 |«көктер» | | | | | |
|3 |«күлгіндер» | | | | | |
|4 |«қызылдар» | | | | | |
|5 |«сарылар» | | | | | |


Ұқсас жұмыстар
Жалаң және жайылма сөйлемдер. 8 сынып
Жалаң сөйлем
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң және жайылма сөйлем .Сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау
Жалаң сөйлемдер Жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлем
Жайылма сөйлем
Сөйлем айтылу мақсатына қарай үшке бөлінеді хабарлы сөйлем сұраулы сөйлем лепті сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Тақырып Жалаң және жайылма сөйлем
Пәндер