Информатика пәні: графикалық редакторда бүріккіш пен қылқалам арқылы сурет салу - практикалық сабақ жоспары

Ақтөбе облысы
Темір ауданы
Шұбарқұдық гимназиясы
Информатика пәнінің мұғалімі:Молдабекова Дина Қарлыбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Бүріккіш . Қылқаламмен сурет салу.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік:Қылқаламмен, бүріккіш құралымен, өшіргішпен сурет салу дағдысын қалыптастыру. Редакторда сурет салу техникасын, суреттерді салуды, редакциялауды үйрету
ә) тәрбиелік:оқушыларды щапшаңдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
б) дамытушылық:оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Өз бетінше және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдіс тәсілі: БиС технологиясының СРВтехнологиялық картасы, топтық, жекежұмыс, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс:әдебиет, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Мотивация(сыныпты топқа бөлу) .
ІІ. Тапсырманы өз бетінше орындау (әрбір топ мүшелері компьютерде үй тапсырмасын орындайды) .
ІІІ. Өзін-өзі бақылау(жұмыстарын тексеру)
ІV. Жаңа тақырыпты меңгеру.
V. Бақылау (Топ бойынша тапсырма орындайды)
VI. Талдау (топ жұмыстарын тексеру)
VII. Түзету (топ мүшелері тапсырма құрастырып, бір-бірінің тапсырмаларын орындайды)
VIII. Рефлексия(графикалық диктант) .
ІХ. Вируспен зақымдалған хат.
Х. Бағалау.
ХІ. Үй тапсырмасы
Бүріккіш . Қылқаламмен сурет салу.
Өз бетінше жұмыс .
ХІ. Үй тапсырмасы
Елтаңба (қаланың ауылдың, мектептің, сыныптың, топтың елтаңбасы)