Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Қарапайым мәтіндік редакторы. редактор интерфейсі. мәтінді теру ережесі. мәтінді бойымен жылжыту. мәтінді үзіндісін ерекшелеу



Информатика пәнінен ашық сабақ

Жанагуль Толеуовна Аубакирова
Павлодар облысы, Май ауданы
«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп»
мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі

«Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,
Жетерсің мұратыңа біле, біле.»
Жүсіп Баласаұғын
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.
Мәтінді теру ережесі. Мәтінді бойымен жылжыту. Мәтінді үзіндісін
ерекшелеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға WordPad мәтіндік процессорын терең ұғындырып, осы
бағдарламаны толық меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылырдың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, есте сақтау
қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мултимедиалық тақта, картчкалар, жетон.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1.Асыл тасты сұрақтар.-
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. Практикалық тапсырмалар
1. Тапсырма №1.
2. Тапсырма №2.
V. Жаңа сабақты бекіту
VI. Қорытындылау
VII. Үй тапсымасын беру
VIII. Білімгерлердің білімін бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі 1) Сәлемдесу.
2) Оқушыларды түгелдеу.
3) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
4) Компьютерлерді қосу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Бүгін үйге берген сабақты “Алтын тасты сұрақтар ” арқылы сұралады. Үй
тапсырмасы мәтінмен жұмыс істеу болатын. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды
таңдап сұарқтарға жауап беруіміз қажет.
Егер дұрыс жауап берсе, Орташа жауап берсе, тіпті нашар жауап берсе

Осы жетондар арқылы бағаланады.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Электрондық оқулық қолдану.
Word Pad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды
жасауға мүмкіндік береді. Word Pad құжаттарында мәтін мен абзацты
пішінддеу, шекараларды жылжытуға, шегіс орнатуға, әр түрлі қаріптерді
қолдануға, сонымен қатар графикалық кесінділерді, дыбыс үзінділері мен
бейнеклиптерді қоюға болды.
Бастау - Барлық программалар-Стандартты- Word Pad.
Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік
редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элменттерден тұрады: Тақырып
жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және
терезенің жұмыс аймағы. Терезенің бос кеңістік – жұмыс аймағы алады, оған
мәтін енгізіледі.
Мәтін теру ережелері
1. Бас әріп немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift
пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.
2. Егер бас әріппен бірнеше әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса –
CapsLock пернесін қос.
3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін
қойылады.
4. Дефис бос орынсыз қойлады.
5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойлады.
6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты ( инициалы)
енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады.
 
7. Тықнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос
орынмен ажыратылмайды.
8. Рим цифрларды енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.
9. Enter пернесін абзацтыі соңында басады. Жолдарды тасмалдау
автоматты түрде жүзеге асады.
Мәтін бойынша жылжыту - пернетақтадағы ( Home, End, PageUp, PageDown)
Home-жолдың басына, End-жолдың соңына, PageUp, PageDown –бір бетке жоғары
немесе төмен.
Мәтінді үзіндісін ерекшелеу.
IV. Практикалық тапсырмалар
1. Тапсырма №1.
2. Тапсырма №2.
V. Жаңа сабақты бекіту
тест сұрақтары
VI. Қорытындылау.
VII. Үйге тапсырма беру:
• Материалды қайталау § 26-27
• “Менің досым” тақырыбына шығарма жазып келу
VIII. Бағалау.
Оқушылардың жетондарымен бағалау
Осы мен бүгінгі сабағымыз аяқталды.
Сау болыңдар.

[pic]

Ұқсас жұмыстар
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Мәтінді теру және түзету ережелері. мәтін бойымен жылжыту
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Мәтін бойымен жылжыту
Ақпарат және ақпараттық үрдістер. авторлық бағдарлама
Жаңа стандартқа байланысты 5 сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгілері
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.Word Pad мәтіндік бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін түсіндіру
Word Pad мәтіндік редакторының интерфейсі
Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қарапайым мәтіндік редактор
Пәндер