Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. 7 сынып

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп
География пәнінің мұғалімі
Өміртаев Дәуіржан Өмірбекұлы

Сынып: 7 (Б)
Сабақ тақырыбы: §15. Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері, жағалауындағы ағып жатқан ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі, мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру
Сабақ міндеті:
1.Білімдік: Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері, жағалауындағы ағып жатқан ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі, мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру

2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендердің суын қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау, бағыттау.
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс.
Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, дүние жүзі физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта, интерактивті тақта;
Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең
1.Сәлемдесу
2.Балаларды түгендеу.
3.Балалардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалім: алдыңғы сабақта не өтілгенін сұрайды.
1.Балалар. Ең әуелі Еуразия материгі туралы қысқаша айтып кетеді.

Мұғалім: <<Дүние жүзілік мұхит деген не?>> Сұрайды.
Балалар жауап береді.
Видео - фильм көрсетіледі.

Еуразия материгі жағалауына саяхат жасайық: <<Қандай мұхиттар Еуразия жағалауын шайып жатыр?>>
2.Балалар жауап береді, тақтаға шығып, бір-бірден Еуразия материгі жағалауындағы мұхиттарды көрсетеді:
1. Тынық мұхиты
2. Атлант мұхиты
3. Солтүстік Мұзды мұхиты
4. Үнді мұхиты

Мұғалім: Теңіз дегеніміз не?
3.Балалар жауап береді, тақтаға шығып, бір-бірден Еуразия материгі жағалауындағы
1. Тынық мұхиты
2. Атлант мұхиты
3. Солтүстік Мұзды мұхиты
4. Үнді мұхитының
теңіздерін көрсетеді.

Презентацияда мұхиттардың Еуразия материгіне тигізетін әсері туралы айтылады.
Тақырыпқа түсінгендігі - түсінбегендігін сұрайды:
-Балалар, жаңа сабаққа түсінікті болды ма?
Олай болса, қазір біз Еуразия материгінің жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерге саяхат жасаймыз.

ІІІ. Бекіту.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
1-топ. <<Атлант мұхиты>>
2-топ .<<Үңді мұхиты>>
3-топ. <<Солтүстік Мұзды мұхиты>>

1-тапсырма. <<Ең, ең, ең ...>> ойыны. (Әр сұрақ 1 ұпаймен есептелінеді)

1. Дүниежүзіндегі ең биік тау /Гималай/
2. Дүниежүзіндегі ең үлкен арал /Гренландия/
3. Дүниежүзіндегі ең кішкентай материк /Австралия/
4. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама /Анхиль/
5. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл /Сахара/
6. Дүниежүзіндегі ең терең шұңғыма /Мариан/
7. Дүниежүзіндегі ең ең суық материк /Антарктида/
8. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек /Арабия/.
9. Дүниежүзіндегі ең үлкен мұхит /Тынық мұхиты/
10. Дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекет /Ресей/

2 - тапсырма. <<Сандар сөйлейді>> ойыны. (Әр сан 1 ұпаймен есептелінеді)
3-топқа сандар жүйесі беріледі. Сол сандардың нені білдіретінін табу керек.

361 млн км2
91,7 млн км2
11022
8742
178,6 млн км2
5527
76,2 млн км2
7729
14,8 млн км2

Жауабы:
361 млн км2 - Дүние жүзілік мұхит ауданы
91,7 млн км2 - Атлант мұхиты ауданы
11022 - Тынық мұхитының ең терең бөлігі
8742 - Атлант мұхитының ең терең бөлігі
178,6 млн км2 - Тынық мұхиты ауданы
5527 - Солтүстік Мұзды мұхитының ең терең бөлігі
76,2 млн км2 - Үнді мұхиты ауданы
7729 - Үнді мұхитының ең терең бөлігі
14,8 млн км2 - Солтүстік Мұзды мұхиты ауданы

3-тапсырма. <<Түрлі-түсті теңіздер>> ойыны. (Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептелінеді)
Теңіз атаулары әртүрлі түсті білдіреді. Мәтінде жасырынған қай теңіз туралы айтылып тұрғанын табыңдар.

1-топ. Бұл теңіз Солтүстік Мұзды мұхитының ең кішкентай теңізі. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Ақ теңіз)
2-топ. Бұл теңіз Еуразия және Африка аралығында, литосфералық плиталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда Дүние жүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Қызыл теңіз)
3-топ. Бұл теңіз мұхиттан оқшауланып, Еуразия материгіне ішкері кіріп орналасқан. Осы теңіз жағалауындағы сауықтыру-демалыс орындары, табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан курорттары айрықша көзге түседі. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Қара теңіз)
Бар топқа: Бұл теңізге Азиядағы қытай тілінен аударғанда <<сары өзен>> деп аталатын Хуанхэ өзені құяды. Сазды шөгінді жынысты жазықпен ағатындықтан суы лайлы болады. Өзен осы теңізге жыл сайын көлемін ұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды. Бұл қай теңіз?
(Жауабы: Сары теңіз)
4-тапсырма.
Кескін картамен жұмыс.
Кескін картаға мұхиттар мен олардың Еуразия материгі жағалауындағы теңіздерін түсіріңдер.

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: §15. Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. (оқу, мазмұндау)


Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Мұзды мұхиты
Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, африканың зерттелуі. 7 - сынып
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер жайлы ақпарат
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. мұхит суының температурасы мен тұздылығы
Материктік аралдар
Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер
Солтүстік жартышар материктері
Еуразияның географиялық орны
Африка. материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. зерттелу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz