Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Тест тапсырмалары. 3 сынып

Математика 3сынып 302 нұсқа
1. Сан қатарын жалғастыр. 0, 3, 6, 9,...
A) 12, 14, 16, 18, 20. B) 12, 15, 18, 21, 24, 27, 30.
C) 12, 16, 20. D) 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20.
2. 1000 - 367=?
A) 623. B) 633. C) 723. D) 733.
3.. 238+356=?
A) 594. B) 582. C) 592. D) 593.
4. Асханаға 65 кг алма әкелінді. Аспаз 9 кг тәтті нан пісіруге жұмсады. Неше
кг алма қалды?
A) 65 кг алма. B) 56 кг алма. C) 74 кг алма. D) 14 кг алма.
5. Х - пен 14 - тің қосындысы 60 - қа тең. Х нешеге тең?
A) 46. B) 56. C) 64. D) 74.
6. Тік төртбұрыштың ұзындыңы 8 см, ені 5см , тіктөртбұрыштың периметр белгіле.
A) 13см. B) 21см. C) 26см D) 24см
7. Қай мысалдарды көбейтумен алмастыруға болады?
A) 6+7+8. B) 2+12+22. C) 5+5+5. D) 11+21.
8. Сан қатарын жалғастыр. 0, 5, 10, 15, 20,...
A) 21, 22, 23, 24, 25. B) 25, 20, 15, 10. C) 25, 35, 24, 34 D) 25, 30, 35, 40, 45, 50.
9. 1000 - 651=?
A) 349. B) 439. C) 339. D) 449.
10. 269+409=?
A) 778. B) 678. C) 668. D) 679.
11. Бір кітап 25 теңге тұрса, 3 кітап неше теңге тұрады?
A) 50 тг. B) 100 тг. C) 75 тг. D) 125тг.
12. (а + 125) - 100. Егер а = 225 болса, өрнектің мәні нешеге тең?
A) 150. B) 250. C) 50. D) 125.
13. Шаршының ауданы 64см2 болса, ұзындығы нешеге тең? .
A) 9. B) 16см. C) 8см D) 12см.
14. 9*4. Көбейтіндінің мәні неше?
A)3 4. B) 38. C)3 6. D) 16.
15. Сан қатарын жалғастыр. 0, 4, 8, 16,...
A) 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30. B) 20, 24, 28, 32, 36, 40.
C) 25, 35, 24, 34, 40. D) 25, 30, 35, 40, 45, 50.
16. Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда....... шығады.
A) Бөлінді. B) Екінші көбейткіш. C) Көбейтінді. D) Бөлінгіш.
17. Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда........................ шығады.
A) Бөлгіш. B) Бөліндінің мәні. C) Көбейткіш. D) Бөлінгіш.
18. Бірінші орамда 81 м мата, ал екінші орамда одан 25 м артық мата бар. Екі орамда барлығы неше етр мата бар?
A) 106 м мата. B) 187 м мата. C) 56 м мата. D) 137 м мата.
19. (355 - 138)+657=?
A) 217. B) 617. C) 177. D) 674.
20. Қабырғаларының ұзындығы 17 см, ал ені 12 см болатын тік төртбұрыштың периметрін тап.
A) 58 см. B) 29 см. C) 54 см. D) 34см.

Математика 3сынып
№ 4 тест
1. 9 - 4*2 Өрнектегі амалдардың орындалу тәртібін көрсет.
A) -, *.
B) *, -.
C) *, *.
D) -, -.

2. Сан қатарын жалғастыр. 0, 6, 12, 18, 24, 30...
A) 31, 32, 33, 34, 35, 36.
B) 32, 36, 40.
C) 36, 42, 48, 54, 60.
D) 36, 46, 56, 60.

3. 25 - 6: 3=3. Теңдік тура болатындай етіп, жақшаларды қой.
A) (25 - 6): 3=3.
B) 25 - (6: 3)=3.
C) (25 - 6: 3)=3.
D) 25 - 6: 3=3.

4. Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні...............
A) Өзгереді.
B) Артады.
C) Кемиді..
D) Өзгермейді.

5. Үш сыныпта 97 оқушы оқиды. Бірінші сыныпта 26, екінші сыныпта 36 оқушы, ал қалғандары үшінші сыныпта оқиды. Үшінші сыныпта неше оқушы оқиды?
A) 62 оқушы.
B) 71 оқушы.
C) 35 оқушы.
D) 71 оқушы.

6. а - 354=239. Теңдеудің мәні нешеге тең?
A) 593.
B) 115.
C) 125.
D) 595.

7. Қабырғасының ұзындығы 5 см болатын шаршының периметрін тап.
A) 25 см.
B) 20 см.
C) 10 см.
D) 40 см.
Математика 3сынып
№ 5 тест
1. Кез келген санды 1 - ге көбейткенде................................ шығады..
A) Бір.
B) Нөл.
C) Сол санның өзі.
D) Келесі сан.

2. Сан қатарын жалғастыр. 0, 7, 14, 21, 28,...
A) 36, 37, 48, 59.
B) 37, 47, 57, 67.
C) 36, 42, 48, 54, 60.
D) 35, 42, 49, 70.

3. 0*3; 3*0; 0*25; 99*0; 0*40. Нәтижелері нешеге тең?
A) Бірге.
B) Нөлге.
C) Сол санның өзі.
D) Келесі сан шығады.

4. Кез келген санды 0 - ге көбейткенде................................ шығады.
A) Бір.
B) Нөл.
C) Сол санның өзі.
D) Келесі сан.

5. Аулада 10 қаз жүр еді. Оларға тағы 2 есе артық қаз ұшып келді. Енді барлығы неше қаз болды?
A) 12 қаз.
B) 8 қаз.
C) 20 қаз.
D) 10 қаз.

6. Нөлге........................ болмайды.
A) Қосуға.
B) Көбейтуге.
C) Бөлуге.
D) Азайтуға.

7. Қабырғаларының ұзындықтары 4 см, 6см және 3 см болатын үшбұрыштың периметрін тап.
A) 15 см.
B) 13 см.
C) 10 см.
D) 27 см.
Математика 3сынып
№ 6 тест
1. Нөлге................................ болмайды.
A) Қосуға.
B) Азайтуға.
C) Бөлуге.
D) Көбейтуге.

2. Сан қатарын жалғастыр. 0, 8, 16, 24,...
A) 36, 37, 48, 59.
B) 38, 48, 58, 68.
C) 36, 42, 48, 54, 60.
D) 32, 40, 48, 56, 64, 72, 80.

3. 5*3=15 Көбейтіндінің мәні неше?
A) 5.
B) 15.
C) 3.
D) *.

4. Кез келген санды 0 - ге көбейткенде................................ шығады.
A) Бір.
B) Нөл.
C) Сол санның өзі.
D) Келесі сан.

5. Сөреде 4 математика оқулығы және одан 4 есе артық қазақ тілі оқулығы бар. Сөреде қазақ тілі оқулығы нешеу?
A) 16.
B) 8.
C) 0.
D) 12.

6. 21: 7; 24: 8; 15: 5; 6: 2; 30: 10; 27: 9; 18: 6. Бөлінділердің мәндері нешеге тең?
A) 0.
B) 3.
C) 1.
D) 4.

7. Үшбұрыштың периметрі 18 см болса, онда оның қабырғаларының ұзындықтары неше см болуы мүмкін?
A) 2, 5, 8 см.
B) 4, 5, 7см.
C) 8, 3, 5 см.
D) 9, 4, 5 см.
Математика 3сынып
№ 7 тест
1. Бір саннан екінші саннан неше есе артық немесе неше есе кем екенін білу үшін үлкен санды кіші санға.................. керек.
A) Қосу.
B) Азайту.
C) Бөлу.
D) Көбейту.

2. 18 - ге бөлінетін сандар қатарын белгіле.
A) 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
B) 2, 3, 6, 9, 18.
C) 1, 2, 4, 6, 8, 9, 12.
D) 2, 3, 6, 8, 10, 18.

3. 20, 18, 16, 14, 12, 10, 8, 6, 4, 2. Сандарды 2 есе кеміт:
A) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12.
B) 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
C) 18, 16, 14, 12, 10, 8, 6, 4, 2, 0
D) Келесі сан шығады.

4. 18: 9=2. Бөлгіш нешеге тең?
A) 18.
B) 9.
C) 2.
D) Білмеймін.

5. 14 қыз екі топқа тең бөлініп, оюлар ойды. Әр топта неше қыз баладан?
A) 12.
B) 7.
C) 16.
D) 10, 4.

6. 18: 9=2. Бөлінгіш нешеге тең?
A) 18.
B) 9.
C) 2.
D) Білмеймін.

7. Тік төртбұрыш қабырғаларының ұзындығы 10см, ал ені одан 2 есе қысқа. Тік төртбұрыштың периметрін тап.
A) 15 см.
B) 12 см.
C) 18 см.
D) 20 см.
Математика 3сынып
№ 8 тест
1. Кез келген санды 1 - ге көбейткенде................................ шығады..
A) Бір.
B) Нөл.
C) Сол санның өзі.
D) Келесі сан.

2. Сан қатарын жалғастыр. 0, 9, 18, 36,...
A) 45, 37, 48, 59.
B) 39, 49, 59, 69.
C) 36, 42, 48, 54, 60.
D) 45, 54, 63, 72, 90.

3. 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. Сандарды 2 есе арттыр:
A) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12.
B) 0, 0, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8.
C) 0, 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.
D) Келесі сан шығады.

4. Кез келген санды 0 - ге көбейткенде................................ шығады.
A) Бір.
B) Нөл.
C) Сол санның өзі.
D) Келесі сан.

5. Көл жағасында 7 қаздан 2 топ жайылып жүр екен. Көл жағасында неше барлығы неше қаз жайылып жүр екен?
A) 14.
B) 9.
C) 5.
D) 16.

6. Нөлге........................ болмайды.
A) Қосуға.
B) Көбейтуге.
C) Бөлуге.
D) Азайтуға.

7. Бірінші кесіндінің ұзындығы 6см, ал екінші кесіндінің ұзындығы одан 2 есе ұзын. Екінші кесіндінің ұзындығы неше см?
A) 15 см.
B) 12 см.
C) 8 см.
D) 10 см.
Математика 3сынып
№ 9 тест
1. Бір саннан екінші саннан неше есе артық немесе неше есе кем екенін білу үшін үлкен санды кіші санға.................. керек.
A) Қосу.
B) Азайту.
C) Бөлу.
D) Көбейту.

2. 2 - ге бөлінетін сандар қатарын белгіле.
A) 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
B) 2, 4, 6, 8, 9, 10.
C) 3, 5, 7, 9.
D) 1, 2, 3, 4, 5, 6.

3. 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. Сандарды 3 есе арттыр:
A) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12.
B) 0, 0, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8.
C) 0, 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.
D) 0, 3, 6, 9, 12, 15, 18, 21, 24, 27, 30.

4. Өрнектің мәнін тап: 18: 1 - 16: 2=?
A) Бір.
B) Нөл.
C) Төрт.
D) Он.

5. Дүкенде 9 қызыл доп және 3 есе кем сары доп бар. Дүкенде сары доп нешеу?
A) 3.
B) 27.
C) 6.
D) 12.

6. Х - ті 3 - ке бөлгенде 4 шығады. Өрнек түрінде жазылуы.
A) 4*3=х.
B) 4*х=3.
C) х*3=4.
D) х: 3=4.

7. 12см кесінді, 4см кесіндіден неше есе артық?
A) 8 см артық.
B) 3 есе артық.
C) 8 см кем
D) 3 есе кем
Математика 3сынып
№ 10 тест
1. Бір саннан екінші саннан неше артық немесе неше кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды.................. керек.
A) Қосу.
B) Азайту.
C) Бөлу.
D) Көбейту.

2. 3 - ге бөлінетін сандар қатарын белгіле.
A) 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
B) 2, 4, 6, 8, 9, 10.
C) 3, 6, 9, 12, 15, 18.
D) 1, 2, 3, 4, 5, 6.

3. 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. Сандарды 4 есе арттыр:
A) 0, 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40.
B) 0, 0, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8.
C) 0, 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.
D) 0, 3, 6, 9, 12, 15, 18, 21, 24, 27, 30.

4. Өрнектің мәнін тап: 12: 2+2*0=?
A) 0.
B) 6.
C) 3.
D) 8.

5. Дүкенде қалам 50тг, ал ұштағыш 3 есе қымбат. Ұштағыш неше тг тұрады?
A) 53.
B) 27.
C) 150.
D) 3 есе арзан.

6. Х: 3=7. Х - тің мәні неше?
A) 24.
B) 10.
C) 4.
D) 21.

7. 12см кесінді, 4см кесіндіден неше см артық?
A) 8 см артық.
B) 3 есе артық.
C) 8 см кем
D) 3 есе кем

Әдебиеттік оқу нұсқа 105

1. Қазақстан туындағы еркіндіктің, тәуелсіздіктің, бостандықтың, жомарттық пен қырағылықтың нышаны -...
а) Күн ә) Өрнек б) Қыран в) Жұлдыз
2. М. Мақатаевтың <<Үш бақытым>> деп отырғаны -...
а) Білім, өнер, ғылым ә) Бейбітшілік, ынтымақ, бірлік
б) Отан, халық, тіл в) Әке, ана, бала
3. <<Туған жерсіз адамның күні жоқ>> деген жол кімнің шығармасынан алынған?
а) С. Сейфуллин. Туған ел ә) Ә. Кекілбай. Ауыл таңы
б) С. Мәуленов. Мен елімді сүйемін в) Ш. Құдайбердіұлы. Бостандық таңы атты
4. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді?
а) М. Мақатаев. Үш бақытым ә) С. Сейфуллин. Туған ел
б) Д. Әбілев. Туған тілім в) Ш. Құдайбердіұлы. Бостандық таңы атты
5. Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған кім?
а) Ш. Қалдаяқов ә) Ж. Нәжімеденов б) Н. Назарбаев в) М. Әлімбаев
6. Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер
Қалың қазақ елінің
Кегің қанмен жуған ер.
Ол кім?
а) Махамбет ә) Исатай б) Амангелді в) Нұркен
7. <<Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды. Көк жүзімен астасқан қасиетті көк Туы желбіреп тұр>> деген жолдардағы негізгі ойға құрылған шығарманы ата.
а) К. Табей. Ол ақын болар ма еді? ә) Ә. Нұршайықов. Музейдегі зеңбірек
б) Н. Айтов. Нұркен в) Т. Кәкішев. Мәңгі жасар өмір
8. Абайдың <<Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды>>
деп басталатын өлең жолдары көз алдыңа кімді елестетеді?
а) Малшыны ә) Жас баланы б) Кәрі шалды в) Жас жігітті
9. <<Қызыл шұнақ тіркесіне>> қатысты сөзді ата.
а) Күн ә) Қар б) Аяз в) Қыс
10. С. Шаймерденов <<Баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады>> деп нені суреттейді?
а) Көбелекті ә) Қар ұлпаларын б) Жаңбырды в) Жапырақты
11. <<Кеуек>> сөзінің мағынасы не?
а) Құстың ұясы ә) Қоянның іні б) Ағаштың діңі в) Аңның ізі
12. <<Шидем мен тон қабаттап киген...>> кім?
а) Шал ә) Малшы б) Бала в) Жігіт
13. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт: Қылышын сүйретіп... келер
а) Қыс ә) Жаз б) Көктем в) Күз
14. <<Көктем сәні>> ертегісін есіңе түсір. <<Көктем сәні - хош иіс>> деген қай кейіпкердің сөзі?
а) Қасқыр ә) Ит б) Ақбөкен в) Аю
15. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін тап. <<... қорада шу>>
а) Көбелек пен құстар да ә) Түйе боздап, қой қоздап
б) Қаңқыл - қаңқыл қаз кепті в) Ел ешкісін қырқыпты

3 - сынып. Қазақ тілі
ІІ тоқсан
1. Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?
а) 6 в) 2 с) 4 д) 5
2. Тиісті баяндауышты қой: Қыста қар...
а) айналады в) отырады б) жауады в) піседі
3. <<Ара гүлге қонды>> сөйлеміндегі ара сөзінің мағынасы:
а) құрал
ә) жәндік
б) жабайы аң
в) гүл
4. Жалаң сөйлемді тап:
а) Сәуле сабақ оқыды.
ә) Сәуле суда жүзді.
б) Сәуле жазды.
в) Сәуле жүгіріп келеді.
5. Нүктенің орнына керекті әріпті қой.
Асыл... астан, ақыл... астан
а) б, ж
ә) т, ж
б) қ, с
в) м, н
6. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлем қайсы?
а) Дана ойнады
ә) Күз
б) Сара үйді жинады
в) Күн суық
7. Қаратпа сөз дегеніміз не?
а) тұрлаусыз мүше
ә) біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз
б) етістік
в) хабарлы сөйлем
8. Бастауыштың сұрақтарын тап:
а) не істеді? не қылды?
ә) қандай? қай?
б) кім? не? кімдер? нелер?
в) қанша? неше?
9. Жалқы есімді тап:
а) ажарлы
ә) Іле
б) алма
в) сабырлы
10.>>Ашулану>> сөзіне қарсы сөз:
а) ренжу
ә) серуендеу
б) сақтау
в) қуану
11. Тұрлаусыз мүшелер:
а) толықтауыш
ә) пысықтауыш, баяндауыш
б) анықтауыш
в) анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш
12. Жалғау жалғанған сөз:
а) балалы
ә) баламен
б) балпақ
в) бала
13. Түбір сөзді тап:
а) кілемдер
ә) домбырашы
б) білімді
в) шахтер
14. Мәндес сөзді тап:
а) қала
ә) жақсы, жаман
б) таяу, ұзақ
в) әдемі, көрікті
15. Мағынасы қарама - қарсы сөзді тап:
а) алыс, қашық
ә) ұзақ
б) кең, тар
в) сұлу, көркем

3 - сынып. Математика
ІІ тоқсан

1. Көбейтумен алмастыруға болатын амалды тап:
а) 6+3+4+2
ә) 6+6+6+6
б) 8 - 8 - 8+8
в) 9 - 2+4 - 2
2. 3+3+3+3+3 амалымен алмастыруға болатын сандар көбейтіндісін белгіле:
а) 3*4
ә) 5*5
б) 3*3
в) 3*5
3. Сандар бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні деп аталатын амалды көрсет:
а):
ә) *
б) +
в) -
4. Егер бір дәптер 7 теңге тұрса, 3 дәптердің бағасын тап:
а) 21 тг
ә) 10 тг
б) 15 тг
в) 4 тг
5. 4 люстрада 20 лампа бар болса, 1 люстрада неше лампа болады?
а) 16 л
ә) 24 л
б) 4 л
в) 5 л
6. х: 9=3 теңдеуіндегі х - тің мәнін тап:
а) х =3
ә) х =27
б) х= 12
в) х= 6
7. Тура теңдікті тап:
а) (7*9)- 7= 14
ә) 10: 8 - 6= 15
б) (19 - 9)+6= 4
в) 24: 6+2= 6
8. Кез - келген санды 0 - ге көбейткенде, болады:
а) 0
ә) сол санның өзі
б) 1
в) санды 0 - ге көбейтуге болмайды
9. Кез - келген санды 1 - ге көбейткенде, болады:
а) 0
ә) сол санның өзі
б) 1
в) 10
10. Асханада 27 бала тамақтанды, ал олардан 3 есе аз ересек адамдар тамақтанды. Асханада тамақтанған ересектердің санын есепте:
а) 27: 3=9(ер)
ә) 27 - 3= 24(ер)
б) 9*3= 27(ер)
в) 27+3=30(ер)
11. Қалдықпен бөлуді орында: 66: 8
а) 8(қалд 2)
ә) 7(қалд 3)
б) 15(қалд 4)
в) 12(қалд 2)
12. Палетканы не үшін қолданады?
а) ұзындықты өлшеу үшін
ә) массаны өлшеу үшін
б) уақытты өлшеу үшін
в) ауданды өлшеу үшін
13. 20 - ның оннан бір бөлігі --- тең
а) 2
ә) 10
б) 5
в) 15
14. 5 ашық хатқа 25 теңге төленді. Бір ашық хаттың бағасы қанша?
а) 20тг
ә) 30тг
б) 5тг
в) 15тг
15. Егер тік төртбұрыштың ұзындығы 4 см, ал ені 2 см болса, оның ауданы - см 2 тең болады?
а) 6
ә) 8
б) 2
в) 9


Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі салаларын оқыту
Орта мерзімді жоспар, қазақ тілі. 11 сынып (гуманитарлық бағыт)
Жазықтық теңдеулері
Химиядан үйірме жоспары.8 сынып
Сабақтың ұраны
Рационал сандарды бөлу тақырыбына есептер шығару
Электронды оқулық
«атмосфераның жалпы циркуляциясы. ауа массалары» 8-сынып
Әр бала - болашақ данышпан
6 сынып. қазақ тілі. орта мерзімді жоспар
Пәндер