Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану жолдары

ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Бимакаева Раушан Жуматкызы
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
<<№16 жалпы орта білім беретін мектебі>> КММ

Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Елбасының білім беру жүйесіне жасап отырған нақты қамқорлығы өз кезегінде бізге нақты міндеттерді де жүктейді.Мұғалім тек өз пәнінің білгірі болып қана қоймай, оқытудың инновациялық әдістерін меңгеріп, әлемдік интернет жүйесін пайдалана отырып күнделікті сабақта ақпараттарды пайдалануды дағдыға айналдыруы қажет. Мектепте оқышыларға патриоттық тәрбие беру мен дүниетанымын қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше.
Тарих- мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды.Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:
-Адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
-Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жасаған құндылықтарды, әлеуметтік, мәдени, тарихи, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
-Оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;
-Оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
-эстетикалық ,экономикалық, құқықтық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Осы мақсат- міндеттерді орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер <<белсенділік>>, <<инновация>>, <<әдіс>>, <<тәсіл>>, <<интерактивті оқыту әдісі>>, <<педагогикалық технология>> ұғымдарының мәнін жете түсінуді талап етеді.
Педагогикалық инновация, оның ерекшеліктері, жаңашыл мұғалімдер жұмысындағы жаңашылдықтың, не жаңа идеяның пайда болуы туралы мәселеге арналған педагогикалық еңбектер көп.
<<Инновация>> деген латын тілінен аударғанда (жаңа, жаңару,өзгеру,жаңа нәрсені ендіру,жаңашылдық деген ұғымдарды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде: инновация - <<жаңалық>>, <<жаңа әдіс>>, <<өзгеріс>>, <<жаңаша әдістеме деген мағынада пайдаланылады. А.М.Саранов <<Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері>> атты еңбегінде <<инновациялық процесс, оның құрылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды>>-деп атап көрсетеді. (Қазақстан тарихы:әдістемелік журнал. №6, 2009ж., 25 бет)
Инновациялық үрдіс- жаңалықтарды құру, (туғызу,жасау), меңгеру және тарату, қолдану, жүзеге асырудың тұтас қызметі. Инновациялық үрдіс-<<жаңа әдістеме құралы>> деп те қарастырылады.
Мұғалім бұрын жаңалықтың жаршысы, білім нәрін өзі айтып қана жеткізуші, ал оқушы тыңдаушы, дайын білімді тыңдап қайталаушы болды. Қазір бәрі өзгерді. Оқушы-өздігінен ізденетін, шығармашылық әрекеттер жасайтын жеке тұлға. Мұғалім-нақты бағыт сілтеп, оқушы еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы.
Оқу сапасын арттыруда ,оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді мейлінше түрлендіріп отырған дұрыс.Ағартушы қайраткер А. Байтұрсынұлы <<Қай әдіс жақсы?>> деген мақаласында: <<Жалғыз әліп-би үйренудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Әр әдіс-өз орнында жақсы. Әдіс көрнекіліктен шығады. Әдістің жаман-жақсы болмағы жұмсалатын орнына қарай>> дейді. Ал Л.Н.Толстой <<Үйрету әдістері туралы>> еңбегінде <<Олақтықтың белгісі-бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу, керек кезінде жоқ әдісті де таба білу. Мұғалім көп әдісті білу керек,оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек>> деген. Олай болса, күнделікті ізденісіміз, жаңа технологияларды оқып-үйреніп өз тәжірибемізде шеберлікпен қолдануымыз-алдымыздағы шәкірттерге терең де тиянақты білім берудегі қажеттілігіміз.
Осы бағытта мектебімізде жұмыс қарқынды жүргізілуде. Кембридж бағдарламасы бойынша І,ІІ деңгейді оқып келген,оқып жатқан бірнеше мұғалімдер мектепте фокус топтар құрып, коучингтер өткізуде. Осы мұғалімдерден тәлім алып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін үйреніп, оны өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін. Оқушылармен ұжымдық, топтық жұмыс жасауда, олардың танымдық қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім.
5-6 сыныптарда ойын сабақтары, сын тұрғысынан ойлау және жазу стратегиялары,сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру; 7-11 сыныптарда топтық, жұптық оқытуда <<Сағат дос>>, <<5,5,5...>> , постер құрау әдістерін, сынақ, өзіндік жұмыс, тірек-сызбалар, кестелер,хронологиялық кестелер құрастыру, тірек-конспектілер құрастыру, Венн диаграммасы, тарихи диктант, тест түрлері арқылы оқыту, термин сөздермен жұмыс, тарихи тұлғаларды тану т.б.
ҰБТ - ға дайындықты өзім сабақ беретін барлық сыныптарда жүргізіп жүрмін. <<Сын тұрғысынан ойлау және жазу>> әдістерінің <<Негізгіні тап>>, <<Белгі қойып оқу>> стратегияларын көп пайдаланамын. Ол арқылы мәтін ішіндегі тестте кездесетін факторлар мен деректерді белгілеу, жазып алу, жаттау жүргіземін.
Сабақтарымда 11- сыныптарды ҰБТ-ға дайындауда сызбаларды кеңінен пайдаланамын. Әсіресе 7,8,9,11 сыныптарда ортағасырлық мемлекеттер, ұлт-азаттық қозғалыстар және кез-келген тақырыптарды өткенде кесте, сызбалар толтыртамын. Бұл әдіс арқылы оқушы мемлекеттер , ұлт-азаттық көтерілістердің жіктелу схемасын меңгеріп, ҰБТ-де осы тақырыптардан келетін сұрақтарға даярланады.
Мысалы: Ортағасырлық мемлекеттер (7,11сыныптар үшін)
Мемлекеттің атауы

Географиялық орны
Этностық құрамы
Қоғамдық құрылымы
Шаруа-
шылығы, кәсібі
Мәдени
ескерткіш-
тері

<<Ұлт-азаттық көтерілістер>> (8,11 сыныптар)

1.Көтерілістің атауы

2.Көтерілістің алғышарты, себептері

3.Сипаты

4.Көтерілістің жетекшілері

5.Қамтыған аймағы

6.Нәтижесі

7.Барысы

8.Жеңілу, жеңу себептері

9. Салдары, тарихи маңызы

10.Зерттелуі, әдебиеттерде көрініс табуы

6 - сыныптарда <<Орта тас ғасыры>> (мезолит) тақырыбын өтіп болғаннан кейін Венн диаграммасы арқылы палеолит дәуірі мен мезолит дәуірін салыстыруға тапсырма берілді.
палеолит
Ортақ белгілері
мезолит

Мектеп оқушыларын ҰБТ-ге дайындау қазіргі кездің өзекті мәселесі. Сондықтан, кез келген сабақта <<ҰБТ-ге саяхат>> деген айдармен тестік тапсырмалардың бірнеше түрлерін пайдаланамын.
Тестік тапсырма: Мемлекеттерді негізін салушы қағандармен сәйкестендір.
қағандар
мемлекеттер
1.Бумын қаған
А) Қарлұқ мемлекеті
2.Елуй Даши
Ә)Қарахан мемлекеті
3.Сатұқ Боғра хан
Б)Түрік қағанаты
4.Істеми қаған
В)Қарақытай мемлекеті
5.Білге Құл Қадырхан
Г)Батыс Түрік қағанаты
6.Әли хан Жабғу
Д)Оғыздар мемлекеті
7.Үшлік қаған
Е)Түркеш қағанаты

<<Дұрыс жауабын тап>>, <<Тарихи диктант>>, <<Термин сөздермен жұмыс>> тапсырмалары да ҰБТ-ге дайындауда тиімді әдістер болып табылады.
Сыныптарда тақырыптарды оқып үйрену барысында оқушылар мәтінмен өздігінше оқып танысады. Оқушыларға тапсырманы қалай орындау керектігі туралы нұсқаулықтар беріледі.Әр топтарға жеке тапсырмалар беріледі. Оқушылар әр түрлі деңгейде постерлер дайындап, оны қорғайды, тапсырмаларды орындайды. Мұндай топтық жұмыстарда барлық оқушылар жұмыс жасайды, танымдық қабілеттері артып сөйлеуді үйренеді.
Сабақ барысында заман талабына сәйкес электронды оқулықтар арқылы оқытуды да пайдаланамын.
Аталған әдістерді пайдалануда мен не ұттым?қандай жетістіктерге қол жеткіздім? Оқытудың мұндай инновациялық, интерактивті әдістері оқушылардың бұрынғы дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда неғұрлым нәтижелі білімді игеруіне жағдай туғызады екен. Яғни, бұл жағдайда оқушылардың сабақ үрдісіндегі белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.
Бұл әдістер оқушыларды тапқырлыққа, тездікке, ойын жинақтай білуге, жүйелі білім алуға тәрбиелейді.
<<Ұстаздың бақыты-шәкіртінде>> деп бекер айтылмаған. Олай болса, педагог Амонашвилидің мына сөздерін еске түсіруге болады. <<оқушы дегеніміз-толтырылуға арналған шыны емес, ол жарқыраған шырақ, тек соны жаға білу керек>>.

Пайдаланылған әдебиеттер:
* Интерактивтік әдістеме.-Алматы, 2001
* Қазақстан тарихы; әдістемелік журнал (2009-2014 жж)
* Г. Тұрымтаева <<Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану жолдары>>. Қазақстан тарихы. 2009, №12
* Б. Әбдіғұлова <<Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін қолдану жолдары>>. Қазақстан тарихы. 2009, №6

ТІРКЕУ
Фамилиясы- Бимакаева
Аты- Раушан
Әкесінің аты- Жуматкызы
Мекен-жайы- Сәтбаев қ, Сәтбаев даңғылы-154
Телефон факс-8 (710)63 4-00-11
Секциясы- өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістері
Баяндаманың атауы-Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін
тиімді қолдану жолдары
Қолы-


Ұқсас жұмыстар
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІМЕН ТИІМДІ ҰШТАСТЫРУ
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
Электрондық оқулықтардың дарынды оқушылармен жұмыс жасауда қолданылуының тиімділігі
Информатика сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану үрдісі
Білім технологиялары
Физика сабағында оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану
КӘСІПТІК ЛИЦЕЙДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Математиканы оқытудың әдістері
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Ұлт тарихын оқытуда тұлға қалыптастыру
Пәндер