Мен патриотпын үгіт-насихат байқауы: Тәуелсіздік, егемендік және патриотизм

«Мен патриотпын»атты үгіт-насихат топтарының байқау-сайысы

Үгіт тобы: «Патриот»

Тақырыбы: Тәуелсіздік, егемендік және патриотизм-біздің басты қазынамыз!

1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні.

(Музыка ойнап тұрады. Әли Оқаповтың «Қазақстан» әні. Сырттан дауыс шығады)

Бүгінгі “Мен патриотпын,, атты үгіт-насихат топтарының қалалық байқау-сайысында

Сәтбаев қаласы әкімдігінің “№16 жалпы орта білім беретін мектебі,, және оның “жас патриоттары,,

(Сөз оқылып жатқанда балалар ортаға шығып тұрады)

Дәурен: Барлық Сәтбаев патриоттары бізбен!

Әділет: Барлық Сәтбаев патриоттары Елбасымен!

Гүлзат: Ең алғашқы сөз-ана

Дәурен: Ең жарқын сөз-Отан

Меруерт: Ең басты сөз

Топ: Қазақстан

Топ: Біз

Гүлдана: патриотпыз

Арай: жаспыз

Нұртөре: жігерліміз

Топ: Біз

Меруерт: Қазақстан

Арсен: қуаттымыз

Топ: біргеміз!

Дәурен: Ұранымыз!

Топ:Патриотпыз елімізді сүйетін

Отан үшін отқа да ыстық күйетін.

(осы кезде қолдарындағы жазуды көтереді. ПАТРИОТ деген сөз шығады)

Арай: Біз-қашаннан ер, қаһарман халықпыз

Аяулым: Біз-тарихта теңдесі жоқ алыппыз

Меруерт: Біз-күштіміз күштілердің бәрінен

Гүлдана: Біз-сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз!

Топ: Біз кімбіз?

Нұртөре: Біз- бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз.

Ернұр: Біз-ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастармыз.

Дәурен: Біз-сан мамандықты игеретін мамандық иелеріміз

Арсен: Біз-тәуелсіздік тірегіміз!

Гүлзат: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы!

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

Білімділер алға шығып елімде,

Жақсы атақпен нұр шапағын жинады.

Нұртөре: Асыл елім бүгінгі Ақ Ордасы бар,

Айбынды елім қаһарман Елбасы бар

Жолбасшы елмін жыл сайын Елбасының

Жолдауымен қамданып жолға шығар

Аяулым: Айналайын асыл ел, алтын халық

Айқын мақсат алдында, айқын бағыт

Әлемдегі үздік ел етемін деп

Елбасың жүр алдында жарқыл қағып

Әділет: Елбасы-төбеңдегі бақ жұлдызын,

Қаратты өз аузына жердің жүзін

Сұңғыла саясатпен сара тіліп

Ерітті тарихтағы тоңның мұзын

Гүлдана: Секірді заңғардағы тау барысы

Нұрсұлтан-ел тірегі, ел намысы

Адамның бұл өмірде арманы жоқ

Халқының бола берсе қорғанышы

Дәурен: Жерұйығым, Жампозымды жыр етем,

Аты да оның, заты да оның нұр екен

Темірқазық адастырмас алашты,

Дана басшы, дара басшы-Нұрекең!

Арай: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек Елбасы ғана емес, ол-білгір саясаткер!

Нұртөре: Ол-қоғам қайраткері

Аяулым: Ол-нағыз патриот

Ернұр: Ол-дарынды адам!

Гүлдана: 2012 жылы-«1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні» болып жарияланды!

Арай: Біздің президент еліміздің болашағын жастармен байланыстырады.

Әділет: Біз Елбасымыздың идеяларын ілгері бастыратын жастармыз!

Топ: Біз Елбасымызды мақтан тұтамыз!

Аяулым: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан!

Ернұр: Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі!

Меруерт: Тәуелсіз болу дегеніміз-ешкімге бағынышты болмай, өз еркімен өмір сүру деген сөз.

Арсен: Елбасы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты биылғы жолдауында 2015 жылды-Қазақстан Республикасы Ассамблеясы жылы деп жариялады.

Дәурен: 2015жылы -Біз қазақ хандығының 550 жылдығын;

Гүлзат: Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасы Ассамблеясының 20 жылдығын;

Әділет: және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетін боламыз!

Арсен: Осы тарихи мерейтойлардың өз деңгейінде аталып өтілуіне мен өз үлесімді қосамын.

Гүлзат: Сен өз үлесіңді қос!

Топ: Біз өз үлесімізді қосамыз!

Ернұр: Себебі: менің Отаным,

Гүлдана: Сенің Отаның,

Аяулым: Біздің Отанымыз-

Топ: Қазақстан!

Нұртөре: Қазақстан күн санап өсіп-өркеңдеуде! Ал, 2050 жылы біз қандай боламыз?

Меруерт: Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады

Нұртөре: Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етеміз,

Гүлзат: Тәуелсіз елді өз қолымен құрған аға буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың біздің лайықты жалғастыратынымызға кәміл сендіреміз.

Дәурен: Мемлекетіміз біздің оқуымыз бен өсіп өнулеріміз үшін барлық жағдайды жасауда.

Ернұр: Болашақтың Қазақстанын біз былай елестетеміз?

Әділет: Ол кезде біз қамал бұзар қырықтың қырқасына шығады екенбіз.

Арай: Бәріміздің де отбасы, балаларымыз бар, еліміз үшін еңбек етеміз.


Ұқсас жұмыстар
Сайлау үдерісі: үгіт-насихат, қаржыландыру, сайлау комиссиялары мен дауыс санау
Сайлау процесі мен сайлану ережелері: Президенттік сайлау, үгіт-насихат, қаржыландыру және дауыс беру тәртібі
Тәуелсіздік таңы: Қазақстан Республикасының Конституциясы және патриотизм тәрбиесі
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік: Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған аймақтық көркемөнерпаздар байқауы
Тәрбие сағаты: Мен патриотпын - Отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Мәңгілік Ел идеясы және қазақстандық патриотизм: тарихы мен тәрбиелік рөлі
Қазақстандық патриотизм мен халықтар бірлігінің рөлі: дебат және ұлттық идеология
Біз - болашақ ұрпақ: есірткіге қарсы мектептік үгіт бригадасының 5 минуттық сценарийі
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында патриотизм құндылықтарын қалыптастырудың әдістемесі
Егемендік кезеңіндегі Қазақстанның саяси дамуы: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz