Дайындық сыныбына арналған қазақ тілі сабағы: Дене мүшелері

«М. Горький атындағы ОМ»КММ
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жапарова Бақыт Сарқытқызы.
Дайындық сыныбы.
Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері.
Мақсаты:
1. Қазақша дене мүшелерінің атымен таныстыру.
2. Қазақша сөздік қорын дамыту
3. Тыңдай білуге тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.
- Өткен сабақта өткен сөздерді еске түсіру. Жабайы жануарлардың суретін көрсетемін, балалар қазақша атауын айтады.
- Жаңа тақырып. Сурет арқылы дене мүшелерінің атауымен танысады.
- Сергіту сәті.
Оң қолымда - бес саусақ.
Сол қолымда - бес саусақ.
Қосып едім екеуін.
Болып шықты он саусақ.
- Бекіту. Әрі - оқу,
Әрі - ойын.
Голова - бас,
Бровь - қас.
Ухо - құлақ,
Родник - бұлақ
Глаза - көз,
Быстро - тез.
Нога - аяқ,
Палочка - таяқ.
Осы ұйқастарды мұғалім интерактивті тақтадан оқиды, балалар бірнеше рет қайталайды.
- Сабақты қорытындылау