Сабақ жоспары :: Математика
Файл қосу
Математика. Тапқырлар сайысы
Тапқырлар сайысы.
Д. м. Алимбаева
Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Мақсаты:
1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық
ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу
дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой
белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін
кеңейту.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап,
қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер:
Математикадан сабақтан тыс қолданылатын әдебиеттер көрмесі, сайысқа қажет
форматтағы математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар, үлестірме
карточкалар, мультимедиялық проектор, компьютер
Математикалық сайыстың барысы:
І: Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
ІІ: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов
« Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны
оқу керек, »- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты,
математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар.
Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі
екендігіне көз жеткізесіңдер.
І: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
ІІ: Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте
ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп
сақталғаны жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:
1) Топтардың таныстыруы.
2) Топ мүшелерінің сайысы.
3) Топ жетекшілерінің сайысы.
4) Математикалық ойындар.
5) Ребус шешу.
6) Жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
7) Қорытындылау.
І. « Алғырлар » тобы:
Шақырып жарыстарға сан-салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
Әні: Бір сыныпта оқимыз бәріміз де,
Достың сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұртың таңырқасын бәрі бізге.
( « Асыл жарым » әнінің әуенімен)
« Тапқырлар » тобы:
Осындай алғыр достар кез-келгенде,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
Құрметтеп алғырларды ой-саналы
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
Әні: Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
ІІ. 1) Қай топ шапшаң және дұрыс есептейді
8-4-3=1 (8+4):3=4 8:4+3=5
8:4*3=6 8-4+3=7 8+4-3=9
(8-4)*3=12 8+4+3=15 8*4-3=29
8*4+3=35 (8+4)*3=36 8*4*3=96
2) Әр дөңгелекшеге 30 секунд ішінде бір-бір нүктеден қойып
шығу керек.
3) Әр үшбұрышқа бір минут ішінде екі нүктеден қойып шығу
қажет.
4) Түйе, бота маң басқан Түйе, бота маң басқан
Төр аяғын тең басқан Төрт аяғын тең басқан
Бие бар құлын емізген Шұнақ құлақ бір ешкі
Қос ешкі туған егізден Қос лақты қос ешкі
Үш қозы мен екі қой Төрт қозылы екі қой
Бәрі қанша ойлап қой. (15) Бәрін бірге санап қой. (15)
5) Класта біздің балалар.
6) Есен бір күн жаяулап.
ІІІ. Мақалды тап: « Жақсыдан қалма,
Жаманға баспа! »
ІV. Әр топтан 3 оқушыдан.
1) «Жаңылмаймын».
30-ға дейін санау керек, 3-ке еселік және 3-пен аяқталатын сан
орнына «жаңылмаймын» деп айту керек. Қателескен
оқушылар шығып қалады.
2) «Көңілді санау». (кесте бойынша 700-ден 940-қа дейін)
3) «Телефон».
«Алғырларға» 4+2=6-5=1+6=7+4=11-9=2+3=5-2=3
«Тапқырларға» 6+2=8-5=3+6=9+4=13-9=4+3=7-2=5
V. 1) Еріншектің ертеңі бітпес.
2) Бір минутта 60 секунд бар.
VІ . 1) Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап.
2) Күшіне сенген бір мықты
Жығып алып сегізді
Барайын қайда дегізді.
3) Шекер жейтін аққұтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Ол қазықты айналды.
4) Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса,
соншалық цифр бар? (жүз-100)
VІІ. Әділқазыларға сөз беріп, жеңімпаздар анықталып,
марапатталады.
1 м ’ ’ 21 ’
6тп с 8’’’ үу д 1іа
ш 2’ ‘‘7 ң
= ‘1’ 1’ тп ‘5
Амалдарды орындап, мақалды тап:
1/ 1,476:0,3-0,2+256,3*0,05
2/ 76+15,75:0,9-(45:0,9+35,8)+3,21
3/ (732-32:0,8)*0,6-124,32*1,5
4/ (0,7:1,4-0,2):0,12+1,6*(0,548-0,023)
Арымас 13,107
Жаманға 228,72
Ақыл 17,715
Алтын 55,98
Баспа 3,34
Шірімес 132,87
Тозақ 127,2
Жақсыдан 17,535
Адам 180,552
Тура 124
Қалма 10,91
Алмас 39,16
БҚО, Сырым ауданы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz