Сабақ жоспары :: Тарих
Файл қосу
Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. 7 сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
Сабақтың мақсаты:
❖ Білімділік:
Оқушыларға Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік,
экономикалық күш-қуаты жағынан әлем таныған, іргелі мемлекет
дәрежесіне жету себептерін түсіндіру, Қасым хан билік құрған
кезеңдегі Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайларымен таныстыру,
«Қасым ханның қасқа жолы» әдет-ғұрыптық заңы туралы түсінік
қалыптастыру.
❖ Дамытушылық:
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін және картамен
жұмыс жүргізу, топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
❖ Тәрбиелік:
Оқушыларды елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында
Қазақ хандығын нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген Қасым ханның
қоғамдық қызметіне баға беру.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, техникалық құрал (компьютер, интерактивті
тақта, электронды оқулық), тақырыптық әдебиеттер.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың әдісі: Өзара белсенділікті арттыру әдісі, ойын элементтері, СТО
стратегиялары.
І Қызығушылықты ояту.
І Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
(XV ғасырдың соңғы ширегі)
1-тапсырма. «Сиқырлы қоржын» ойыны арқылы қоржын ішіндегі сұрақтарға жауап
беру.
1. Хандықты басқару ісі кімдерге тиесілі болды? (Шыңғыс ұрпақтарына;
Керей хан таққа отырды.)
2. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалаларға неге құштар болды? (Саяси-
экономикалық және әскери-стратегиялық маңызы зор болды.)
3. XVғасырдың 70 жылдары Қазақ хандығы қай жерлерді басып алды? (Сырдария
бойы мен Қаратау өңірін)
4. XVғасырдың 80 жылдары Шайбани хан Қазақ хандығының қай қалаларын
басып алды? (Сауран, Сығанақ, Созақ)
5. 1470 жылы Керей мен Жәнібек қай қалаларға шабуыл жасады? (Түркістан
мен Созақ)
6. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ хандығының ішіндегі қандай
жағдайды тоқтатты? (Феодалдық қырқыстар мен талас-тартыстарды)
2-тапсырма.«Тарихи мозайка» ойыны. Тақтадағы қиылған сөздерді құрастыру.
1. басқару Жәнібекпен ойдағыдай келісе ісін Керей хан хандықтың
отырып жүргізген.
2. әлемге саяси беделін Қазақ хандығының Сығанақ қалалар Сауран, Созақ
Сыр бойындағы күш-қуатын нығайтып танытты.
3. шаруалардың дағдылы мал жайылымдарын Қазақ хандығының көшпелі
жыл мерзімдері тиімді нығаюы бұрыннан бойынша қалыптасқан
пайдалануға жасады жағдай.
Дұрыс жауабы.
1.Керей хан хандықтың басқару ісін Жәнібекпен келісе отырып ойдағыдай
жүргізген.
2. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-
қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты.
3. Қазақ хандығының нығаюы көшпелі шаруалардың бұрынан қалыптасқан дағдылы
мал жайылымдарын жыл мезгілдері бойынша тиімді пайдалануға жағдай жасады.
3-тапсырма. Картамен жұмыс. Оқушыларға картамен жұмысқа тапсырма
беріледі.
1.Қазақ хандығының алғашқы құрылған аумағын көрсет.
2. Қазақ хандары мен Шайбани ханның шайқастары болған жерлерді көрсет.
3.1470 жылы Керей мен Жәнібектің шабуыл жасаған қалаларын көрсет.
[pic]
ІІ. Мағынаны тану.
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
1. Қасым хан.
2. «Қасым ханның қасқа жолы»
3. Қасым ханның ішкі саясаты.
4. Қасым ханның сыртқы саясаты.
Қасым хан туралы бейне материал көру. «Қазақ елі. Қазақстан тарихы" 3-
бөлімнен үзінді.
Топтастыру.
«Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие
болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшілік сүйгіш
саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік сүйгіштігімен
Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды»
Әлихан
Бөкейханов.
1.Қасым хан. Қасым ханға сипаттама беру.
Қасым хан портреті. Тапсырмалар орындауға 3 минут уақыт.
1-тапсырма: «Автор орындығы». Қасым ханға сипаттама беріп өз әңгімесін оқу.
«Бағытталған оқу» стратегиясы.
1. Қасым ханның заңдары
«Қасым ханның қасқа жолы» сипаттама беру.
Екі жақты күнделік толтыру.
2. Қасым ханның ішкі саясаты. Топтастыру.
3. Қасым ханның сыртқы саясаты. Топтастыру.
Қасым хан туралы электронды оқулықтағы анимацияны көрсету.
ІІ. Толғаныс.
1-тапсырма. “Келісемін, Келіспеймін”
1. Жәнібек анның ұлы Қасым сұлтан 1511 жылдан бастап хандық билікті
қолына алды. +
2. Қ. Жалайыри деректерінде Қасым хан тұсында халықтың саны 1 миллионнан
астам болғандығы айтылды. -
3. Қасым хан тұсында Батыс Солтүстікте шекара Еділге дейін жетті. -
4. Қасым хан өмірінің соңында Сарайшықта отырып билік етті.+
5. Саид хан 1514 жылы Қасым ханнан ойраттарға қарсы күреске көмек беруін
сұрады. -
Үйге тапсырма:
§37. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
❖ “Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы” хронологиялық кесте құру.
❖ Қосымша әдебиетті пайдаланып Қасым хан туралы хабарлама дайындау.
❖ «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағы туралы хабарлама дайындау.
-----------------------
Қасым хан
Ол кім?
Ол не істеді?
Тарихта қандай істерімен аты қалды?
Менің ойым
Маңыздысы
Ішкі саясаты
Сыртқы саясаты
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz