Электр тогы: тізбек бөлігі мен толық тізбек үшін Ом заңы

Сабақтың тақырыбы:
Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Толық тiзбек үшiн Ом заңы.
Сабақтың тақырыбы:: Сабақтың мақсаты:
Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Толық тiзбек үшiн Ом заңы.:
Сабақтың тақырыбы:: а) білімділік
Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Толық тiзбек үшiн Ом заңы.: Электр тогына түсініктеме беру. Тізбек бөлігі үшін және толық (тұйықталған) тізбек үшін Ом заңын сипаттау
Сабақтың тақырыбы:: б) дамытушылық
Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Толық тiзбек үшiн Ом заңы.: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту
Сабақтың тақырыбы:: в) тәрбиелілік
Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Толық тiзбек үшiн Ом заңы.: Адамгершілікке, отан сүюге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың тақырыбы:: Сабақтың түрі:
Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Толық тiзбек үшiн Ом заңы.: аралас
Сабақтың тақырыбы:: Сабақтың әдістері:
Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Толық тiзбек үшiн Ом заңы.: Жаңа материалды меңгерту, схемалармен жұмыс, кітаппен жұмыс, есептер шығару
Сабақтың тақырыбы:: Көрнекілігі:
Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Толық тiзбек үшiн Ом заңы.: Схемалар, карточкалар

Сабақтың мазмұны және барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

II Жаңа сабақты түсіндіру

Электр тогы деп электр зарядтарының кез-келген реттелген қозғалысы аталады.

Ток өткізетін орталарда (өткізгіш орта) еркін зарядтардың электр өрісі әрекетінен реттелген қозғалысынан пайда болатын электр тогы өткізгіш ток деп аталады.

Электр тогының пайда болу шарттары:

а) берілген ортада еркін ток тасымалдаушылардың, яғни ортада реттеліп қозғала алатын зарядталған бөлшектердің болуы;

б) берілген ортада энергиясы электр зарядтарының реттелген қозғалысына жұмсалатын сыртқы электр өрісінің болуы;

Бұл екі шартты орындауу үшін электр тізбегін құрады. Электр тізбегінің негізгі бөлігіне ток көзі, жалғағыш сымдар, тізбекті қосып, ажырататын элементтер, ток тұтынушылар жатады.

Токтың әрекетін бағалау үшін ток күші деп аталатын физикалық шама енгізілген. I ток күші деп өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай Δ q \mathrm{\Delta}q заряд өтетінін көрсететін физикалық шаманы айтады, яғни

I = Δ q Δ t I = \frac{\mathrm{\Delta}q}{\mathrm{\Delta}t}

Ток күші ампермен өлшенеді [ I ] = A \lbrack I\rbrack = A

Егер ток күші мен оның бағыты уақыт бойынша өзгеріссіз қалса, онда электр тогы тұрақты электр тогы деп аталады. Тұрақты ток үшін

I = q t I = \frac{q}{t}

Зарядтың ток көзінен алған электр энергиясының ток көзінің ішкі құрылысына тәуелділігін сипаттайтын шама ток көзінің электрқозғаушы күші деп аталады және ЭҚК болып белгіленеді. Ток көзінің электр қозғаушы күшін бірлік оң зарядты тасымалдау кезінде тосын күштердің атқаратын жқмысымен өлшейді:

ξ = A б q \xi = \frac{A_{б}}{q}

Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) ЭҚК-нің өлшем бірлігіне 1В (вольт) алынады: 1 В = 1 Д ж К л 1В = 1\frac{Дж}{Кл}

Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атайды. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы Георг Ом ашты.

Тізбек бөлігіндегі ток күші - оcы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал:

I = U R I = \frac{U}{R}

SI жүйесінде кедергіні Оммен өрнектейді:

1 О м = 1 В А 1\ Ом = 1\frac{В}{А}

1 Ом - ұштарының арасындағы кернеу 1 В болғанда, бойынан 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі.

Өткізгіштің кедергісі оның l ұзындығына, S көлденең қимасының ауданына және жасалынған материалдың қасиеттеріне тәуелді:

R = ρ l S R = \rho\frac{l}{S}

мұндағы, ρ - өткізгіш материалының меншікті кедергісі. Меншікті кедергі өткізгіштің бірлік ұзындығы және көлденең қимасының бірлік ауданымен анықталатын физикалық шама.


Ұқсас жұмыстар
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы, электр кедергісі және өткізгіштің меншікті кедергісі
Электр тогы, ЭҚК және тұйық тізбек үшін Ом заңы мен ішкі кедергі
8-сыныпқа арналған ашық сабақ: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Толық тізбек үшін Ом заңы және өткізгіштердің тізбектей және параллель қосылуы
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы және электр кедергісі
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы, электр кедергісі және меншікті кедергі
Сабақ жоспары: Іс-тәжірибе - Электр тізбек түрлері мен вольт-амперлік сипаттамасы
Сабақ жоспары: Электр тізбек түрлері және олардың вольт-амперлік сипаттамасы
Тұрақты электр тогы бойынша қорытынды станциялық-ізденістік сабақ: Ампер, Вольта және Ом заңдары
Металдардағы және электролиттердегі электр тогы. Электролиз заңы: 8-сынып ашық сабақ жоспары мен мұғалімнің өзіндік талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz