М. Әуезовтің Ақын қонақтар әңгімесіне арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Ақын қонақтар»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы, »Абай жолы» романы

туралы әңгімелей отырып, шығарма мазмұнымен таныстыру.

Әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге

сүйене отырып ашу. Портрет туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыру барысын да ақыл-ой,

дүниетанымдық қасиеттерін дамыту. Өзіндік көзқарасы мен пікірін

айтуға машықтандыру.

3. Тәрбиелік: Халық өнерін сүюге кісіге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың әдісі: сөздік әдістері, «сын тұрғысынан ойлау» технологиясының

түртіп алу жүйесі, топтық жұмыс әдәсі, пікір айту.

Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезовтің, Абайдың портреттері, »Абай жолы» романы,

оқулық, интерактивті тақта

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ақын қонақтар» әңгімесін өтеміз.

-М. Әуезов кім?

-Жазушы туралы не білесің?

Сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.

Интерактивті тақта арқылы жазушы өмірімен таныстырылады және «Абай жолы» романы туралы ұлы адамдардың пікірі көрсетіледі.

Көркем шығарманы мәнерлеп оқу, мазмұнын ұғыну.

Балалар қолына қалам алып, түртіп алу жүйесі бойынша өздері үшін түсініксіз сөздердің астын белгілеп отырады.

(мен үшін түсініксіз)

Тақтаға сөздікті жазу.

Реңі-өңі

Машығы-құлқы

Қажау-мазалау

Салғаннан-бірден

Қош алған-мақұлдаған

Бір алуан-бір түрлі

Ырым байладым-сыйға ас мінгіздім

Сүле науқас-ұзақ ауру

Мәтінмен жұмыс

Шығармадағы түйінді ойды тауып, жоспар құру.

Жоспар:

1. Аналар әңгімесі

2. Ақын қонақтар

3. Аабйдың тілегі

4. Ақындарға ризалық

Оқушылар мәтіндегі ойды әңгімелей отырып, осы үлгіде жоспар құрады.

Жақсы қатысып, сұрақтарға жауап беріп отырған оқушылар бағаланады.

Үйге әңгіменің мазмұнын айтып келуге, Аабйға және қонақтарға Топтастыру стратегиясы бойынша тапсырмалар орындауды тапсырып, сабақты аяқтау.


Ұқсас жұмыстар
М. Әуезовтің Ақын қонақтар әңгімесі бойынша аралас сабақ жоспары
М. Әуезовтің Ақын қонақтар үзіндісі бойынша 5-сыныпқа арналған ашық сабақ
5-сынып: М. Әуезовтің Ақын қонақтар әңгімесі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспары
Мұхтар Әуезовтің Ақын қонақтар үзіндісін талдау: сабақ жоспары
Мұхтар Әуезовтің Ақын қонақтар әңгімесі бойынша аралас сабақ жоспары
М. О. Әуезовтің Көксерек әңгімесіне арналған сын тұрғысынан ойлау сабағының жоспары
Мұхтар Әуезовтің Жетім әңгімесіне арналған ашық сабақ жоспары (4-сынып)
М. Әуезовтің Бала Абай шығармасы бойынша 2-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы: Абай тұлғасы (Ақын қонақтар әңгімесі негізінде)
12-сыныпқа арналған М. Әуезовтің Қарагөз драмасын тілдік және құндылықтық талдау сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz