Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Өсімдік-тірі организм. дүниетану, 2-сынып
БЕКІТЕМІН:
Күні: 15 желтоқсан 2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік – тірі организм
Сабақтың мақсаты:
1.Өсімдік өсу үшін жарық, жылу, ауа, су керек екенін, өсімдіктің тірі ағза
екенін меңгерту. Оқушыларды өсімдіктердің алуан түрлілігімен таныстыру,
өсімдіктерді топқа бөлуді үйрету.
2.Топпен жұмыс істей білуге және шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып,
өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын көбейту.
3. Өсімдіктердің пайдасын біліп, оларды күтіп баптауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: бақылау, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, «Табиғат және еңбек» күнтізбесі, слайд
Пәнаралық байланыс: математика, еңбекке баулу, әдебиеттік оқу, ағылшын
тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ. (7 мин)
Бақылау күнделігімен жұмыс
Қазір қай жыл мезгілі?
Қыс айларын атайықшы.
Қазір қай ай? Қыстың нешінші айы?
Бүгін нешесі? Ауа райы қандай?
Қыстың келгенін біз қайдан білеміз? Қыстың қандай белгілері бар?
Әр жыл мезгілінің өзінің белгілері бар. Сол белгілерді тауып, артындағы
тапсырмасын орындайық.
Тақырыпты ашу
|ө |с |і |м |д |і |к |
|10+20 |40-20 |50+50 |80-40 |20+30 |70-10 |10+0 |
|Қар |Ашық күн |Ала |Тұтас |-20 -30 |Қалың мұз|Жел |
| | |бұлтты |бұлтты | | | |
К=60 Ө=30 І=10 Д=50 С=20 І=100
М=40
Ой толғау:
Өсімдік дегеніміз не?
Өсімдік өсу үшін не қажет?
Өсімдіктің қандай түрлері бар?
Оқушыларды топқа бөлу: ағаштар, бұталар, шөптектес өсімдіктер
МАҒЫНАНЫ ТАНУ (23 мин)
Жаңа сабақты түсіндіру.
(тірек-сызбамен жұмыс) - слайд
| | |Табиғат | | |
| | | | | |
| |Тірі табиғат | |Өлі табиғат | |
| | | | | |
|Адамдар |Жануарлар |Өсімдіктер | | |
| | | | | |
| | |ағаштар |бұталар |шөптектес |
Өсімдік – тірі организм.
(слайд көрсету)
Дәлелдеу:
1.Тірі организмдер өседі, дамиды және өледі. Өсімдіктер тұқымнан өседі.
Тірі организмдер өскен сайын өзгереді.
2.Тірі организмдер Күн көзінің жарығын, жылуын пайдаланады. Өсімдік Күннің
қуатын пайдаланып, өзіне қоректік заттар өндіреді.
3.Тірі организмдер көбейеді. Көбею – бұл тіршіліктің өзіне ұқсас ағзалар
шығаруы.
4.Тірі организмдер жасушалардан тұрады. Жасушаларды микроскоппен көруге
болады. Жасушаларда организмнің тіршілігіне барлық заттар болады.
Микроскоп – жай көзге көріне қоймаған заттарды үлкейтіп көрсететін шыны
құрал.
5.Тірі организмдер өзін қоршаған табиғи жағдайда бейімделеді. Мысалы,
ағаштар қыста үсіп кетпеу үшін күз кезінде жапырағын түсіреді.
Сергіту сәті:
Қысқы аязға қарамай,
Көгеріп тұр қарағай.
Сол секілді төзімді
Болсам деймін өзімді.
Топтастыру: Өсімдік туралы не білдік? (оқушылар тақтаға жазады)
ТОЛҒАНЫС. (15 мин)
Топпен жұмыс:
1-топ: Бес жол өлең: «ЖУСАН»
2-топ: Венн диаграммасы: «БҰТА - АҒАШ»
3-топ: Куббизм
Қызғалдақты сипаттаңыз.
Алма мен картопты салыстырыңыз.
«Көкөністер» топтастыр
Талдау жасаңыз: Ағаш – емен, бұта – итмұрын, шөптектес өсімдік – көкнәр.
Ұсыныңыз. «Өсімдікті қорғау үшін не істеу керек?»
Дәлелдеңіз. «Өсімдік – тірі организм»
Сонымен, бүгінгі сабағымыз не туралы болды?
Адам өсімдіксіз өмір сүре ала ма?
Егер жер бетінде өсімдіктер болмаса, не болар еді?
Адам мен өсімдік бірі-бірінсіз тіршілік ете ала ма? Жұмбақ шешу.
Қызыл, сары, ақ түсті
Бұл не екен хош иісті? (гүл)
Гүлдің үш тілдік баламасын айту. (цветок, flower)
Балалар, гүл бізге не үшін керек? (бір-бірімізге сыйлаймыз)
Гүлді бір-бірімізге қай уақытта сыйлаймыз? (мейрамдарда, туған күнде)
Ертең, 16-желтоқсан қандай мейрам? (Тәуелсіздік күні)
Дұрыс, балалар, Тәуелсіздікке біздер Қайрат, Ляззат сынды аға-апаларымыздың
арқасында жеттік. Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 23 жыл толып отыр. Құрбан
болған аға-апарымыздың құрметіне елімізде сол адамдардың ескерткіштерінің
жанына гүл шоқтарын қояды. Сондықтан балалар, қазір бәріміз гүл жасап,
сыныбымыздың атынан да батыр аға-апаларымыздың ескерткіштеріне қоятын гүл
шоғын әзірлейік!
Оқушыларды мадақтау, бағалау.
Үйге тапсырма. 46-48-беттерді оқып, түсінгенін айту.
Ендеше, табиғатқа ризашылығымызды сөзбен жеткізейік.
- Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!
- Таза ауа, саған рахмет!
- Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
- Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!
- Жер, саған жомарттығың үшін рахмет!
- Табиғат, сұлулығың үшін рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz