Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

«екі жұлдыз» апталық қорытынды кеші


Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебі

Өткізгендер: Физика пәнінің мұғалімі Мухамбетжанов Қайрат
Сағидоллаұлы
Информатика пәнінің мұғалімі Мухамбетжанов Бейбіт
Қайратұлы
Информатика пәнінің мұғалімі Мухамбетжанова
Бағдагүл Қайратқызы

«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» апталық қорытынды кеші

Мақсаты:
1)Оқушылардың пәедерге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін дамыту,
алған білімдерін жүйелеу.
2)Оқушылардың белсенділігін арттыру.
3)Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, шығармашылық іс-әрекеттерін
ізденімпаздылықтарын дамыту.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, ямаха, геометриялық фигуралар, физикалық
құралдар, компьютер.
Түрі: Музыкалық топтық сайыс сағаты
Жоспары:
І.Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;
ІІ.Кешті өткізуге бағыттама және оның мақсаты (ойының түрі, ережесі т.б.
хабарландыру).
а)Кешке 10-11 сынып оқушылары қатысады.
1-үстел /11а сынып – 2 оқушы – Жонысова Әсия, Куанышов Еркебұлан/
2-үстел /11б сынып – 2 оқушы – Галиева Перизат, Амангелдин Жайболат/
3-үстел /10а сынып – 2 оқушы – Аленова Айша-Бибі, Көпжасаров Төрехан/
4-үстел /10в сынып – 2 оқушы – Шағманова Гүлден, Хамидуллина Гүлжүзім/
5-үстел /10б сынып – 2 оқушы – Есқалиева Мөлдір, Кішібекова Мөдір/

б)Кештің шартымен таныстыру.
Кештің барысында:
1 – 5 аралықта балдық жүйемен бағаланады.
ІІІ.Кеш барысы.

1-ж. Кеш жарық қымбатты, ханымдар мен мырзалар!
2-ж. Армысыздар, көңілі көктемдей, ән сүйер ардақты ағайын!
1-ж. Армысыздар ма, ұстаздар мен оқушылар!
2-ж. Бармысыздар ма, жанкүйер әз қауымдас!
1-ж. Уа, халайық, халайық!
2-ж. Бәріне жар салайық
1-ж. Бүгінгі ойын төрінде
2-ж. Есеп шешіп жырысып
1-ж. Жұмбақ шешіп аңдысып
2-ж. Шабыт тасып шалқысып
1-ж. «Екі жұлдыз» бағдарламасына қош келдіңіздер!
2-ж. «Жұлдызды сағат» атты музыкалық-әдеби-білім кешіне қош келдіңіздер!
1-ж. Көңілді ойын жасайық
2-ж. Жұмбақ шеруен шашайық
1-ж. Мұнда қызық табылар
2-ж. Жұмбақ есеп бәрі бар
1-ж. Бүгінгі кеште біз бастайық,
2-ж. Сайыста көңілменен қол соғайық.
1-жүр.: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің қоғамдық арқалап жүрген жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
2-жүр.: Бүгінгі «Екі жұлдыз» бағдарламасының кейіпкерлерін қошеметпен
ортаға шақырайық!
1-жүр.: №1 жұп - 11а сынып жұлдыздары – Жонысова Әсия, Куанышев Еркебұлан.
2-жүр.: №5 жұп - 11б сынып жұлдыздары – Галиева Перизат, Амангелдин
Жайболат.
1-жүр.: №4 жұп - 10а сынып жұлдыздары – Аленова Айша-Бибі, Көпжасаров
Төрехан.
2-жүр.: №2 жұп - 10в сынып жұлдыздары – Шағманова Гүлден, Хамидуллина
Гүлжүзім.
1-жүр.: №3 жұп – 10б сынып жұлдыздары – Есқалиева Мөлдір, Кішібекова
Мөлдір.
2-жүр.: Құрметті «Екі жұлдыз» бағдарламасының кейіпкерлері, біздің
шайханамызға
жайғасуларыңызға болады.

1-жүр.: Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика, Физика, Информатика жайында
Сайысты біз бастауға,
Әділ – қазы сайлаймыз.
2-жүр.: Қымбатты әділ-қазылар!
Әділет пен шындықтың,
Туын тіккен пенделер
Сәлем сізге біздерден.
Сайыскерлер сәленім,
Қабылдашы ағайын.
Сайысқа келді олар,
Жанкүйерлер қолдасын.
1.Математика пәнінің мұғалімі Тажбаева Света Бақтыгерейқызы.
2.Физика пәнінің мұғалімі Кансултанова Құралай Бұзаубакқызы.
3.Информатика пәнінің мұғалімі Бекжанов Аман Бақытұлы.
1-жүр.: Топ алдында шыққан басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер оқушыларымыз
Сәтті келіп қалғандай танысатын.
/Әр топ өздерін таныстырады. Таныстыру шарты: 80-жылғы әндердің нақышына
келтіріп, екі шумақты және бір қайырмасымен ән шырқайды. Әннің сөзі
математика, физика және информатикаға байланысты болуы керек/.
2-жүр.: Күйші айтар барлық ойын күйменен,
Адам болмас өз өнерін сүймеген.
Бар өнерге куә болсын көпшілік,
Өзімізді дәлелдейміз өнерімен – дей келе бүгінгі «Екі жұлдыз»
бағдарламасын бірінші болып, 11а сынып жұлдыздары ашады.
10б сынып жұлдыздары.
10в сынып жұлдыздары.
10а сынып жұлдыздары.
11б сынып жұлдыздары.

Әділ-қазылардан І турдың бағасын сұраймыз. Ескертіп кетейін, баға 1-5
аралығындағы балдық жүйемен қойылады.
1-жүр.: «Математика - ғылымдар патшасы» - деп,
Мойындаған бар ғалым жер шарында.
Математика, математика қандай қиын,
Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін – деп «Математикалық ноталар» атты
ІІ турымызды бастаймыз. /Берілген денелердің көлемін және ауданын табу. Әр
бір жұпқа бір-бір дене беріледі/.
Әділ-қазылардан ІІ турдың бағасын сұраймыз.

2-жүр.: Физика жақын туыс мына бізге,
Қозғалыс, энергия, қуат, күш те.
Біздерсіз есептелу мүмкін емес,
Жария ғып айтайықшы мұны бізде – деп «Физикалық күй сандық» атты
ІІІ турымызды бастаймыз. /Күй сандықтың ішінде приборлар берілген. Сол
құралдар арқылы демонстрациялық тәжірибені түсіндіру. Және әр жұпқа бір
сапалық есеп беріледі, сол есепті түсіндіру қажет/.
№1 тапсырма.
1.Неге су отты сөндіреді? /Түсіндіру қажет/
2.Айран шынысының ішіне қағаз жағып салып, оның ауызына аршылған /піскен/
жұмыртқаны тез қоя салсақ, бірте-бірте шынының ішіне тартылып барып, түсіп
кететіндігіне тәжірибе жасаңдар. Мұның себебін анықтаңдар. /11а/
№2 тапсырма.
1.Судан алынған балықты неге қолда ұстау қиын? /Түсіндіру қажет/
2.Неліктен үрілген шар су түбіне батпайды? /10б/
№3 тапсырма.
1.Қардан жасалынған аяз атаға тон кигізсе, ол еріп кетеді ме? Неге?
/Түсіндіру қажет/
2.Жалпақ тарелкаға тиын салып, оның беттік деңгейінен сәл ғана асатындай су
құйылады /тәжірибені жасаңдар/. Тарелкадағы су астындағы тиынды қолды
ылғалдамай алуға бола ма? /11б/
№4 тапсырма.
1.Қаз неге судан құрғақ шығады? /Түсіндіру қажет/
2.Суы бар ыдысқа қасық салынған. Жарықтың сыну құбылысын түсіндір
/тәжірибені жасаңдар/. /10в/
№5 тапсырма.
1.Қатты жолға қарағанда неге құмды жермен жүру қиын? /Түсіндіру қажет/
2.Шырақ су тібінде жана ма? /тәжірибені жасаңдар/. /10а/
Әділ-қазылардан ІІІ турдың бағасын сұраймыз.

1-жүр.: Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға – деп «Информатикалық әуендер» атты IV турымызды
бастаймыз. /5-6 слайдтық призентация жасау. Тақырыбы: «Ғалымдармен
жүздесу». Математика, физика және информатика ғалымдары туралы қызықты
мәлімет беру. Берілетін уақыты 7 минут/.

2-жүр.: Биші қыз өнеріне сеніңіздер,
Меніменен кәнекей еріңіздер.
Әлемді қыдырғандай сезінесіз
Өнерді жүрекпенен көріңіздер – дей келе біздің жұлдызды жұптарымыз
дайындалғанша Сыған елінен келген қонақтарды өнерімен қарсы алайық.
/10в сынып оқушылары – Сыған биімен/.
- Біздің жұптарымыз дайын болса, ортаға шақырайық.
Әділ-қазылардан ІV турдың бағасын сұраймыз.
1-жүр.: «Асыл тастан, өнер жастан» шығады, - деп дарында халық айтса, халық
сөзі әрқашанда нанымды» .... дегендей «Екі жұлдыз» бағдарламасында өткен
«Жұлдызды сағат» атты білім сайысында өнер көрсетіп білім додасына түскен
жұлдыздардың өнеріне баға беріп, бүгінгі «Екі жұлдызды» анықтау үшін сөз
кезегін әділ-қазыларға береміз.
2-жүр.: Әділ-қазыларымыз бағасын дайындап болғанша, шайханаға барып бүгінгі
кейіпкерлермен сұхбаттасайық.
1-жүр.: Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады
Кеш қызығын талай адам тыңдады
Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңілді жақын тыңдады.
1-жүр.: Бүгінгі кеш қызықты кеш,
Көрермендер халайық.
Ой-түйсікті қозғап небір
Көрініске назар салайық.
2-жүр.: Бүгінгі «Екі жұлдыз» бағдарламасының кейіпкерлерін қошеметпен
ортаға шақырамыз.
/Әділ-қазылар қорытындысы бойынша «Екі жұлдызды» анықтап, марапаттау
дипломын және «Екі жұлдыз» кубыгін табыстау/.

1-жүр.: Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемемен,
Тылсым сырлар ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрінде
Математика – ғылым бұл.
Сондықтан да, сондықтан
Сол ғылымның тілін біл!
2-жүр.: Жүзген кеме тұманда,
Неге адасып кетпейді?
Немесес ол бір маңда,
Неге төмен шөкпейді?
Оны сақтап қалатын
Физика ғылым бұл.
Сондықтан да, сондықтан
Сол ғылымның тілін біл!
1-жүр.: Болам десең, теңіщші, не ұшқыш қаласаң,
Дәрігерлікте жақсы ғой,
Қызметке жарасаң.
Ал сол үшін біздерге
Информатика керек қой!
Сондықтан да, сондықтан
Сол ғылымның тілін біл!
2-жүр.: Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет!
Шын сезінген көрермендерге,
Мың рахмет, мың рахмет!
/«Екі жұлдыз» әні орындалады/.


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие сағаттарын бекіту
Инфомашка информатикадан викторина
«сұрыптау» тарауын қайталау
Апталықты өткізу жоспары
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар
Аяулы түлектер
Апталық шығын кестесі
Математика, физика және информатика апталығы
Қолданылған нақыл сөздер
Топ басшысы ның бағалауы
Пәндер