Махамбет - күрескер ақын. әдістемелік сабақ үлгісі

D:\-ДокуМенты-\Мам\ФЛЕШКА\фотоооо.jpg

Тақырыбы: Махамбет - күрескер ақын

«№23 ЖОББМ» КММ мұғалімі

Жакупова Анар Оразгалиевна

Сынып: 8

Мақсаты: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығын танып біледі

Міндеттер:

1) Білімділік: Ақын өлеңдерінің тақырыбын, идеясын ашады, көркемдік ерекшелігіне, өлең құрылысына талдау жасайды.

2) Дамытушылық: Ойлау, зерттеу, АКТ қолдану дағдылары артады

3) Тәрбиелік: Дүниетанымдары кеңейеді, елдік, ерлік қасиеттерді бойына сіңіреді.

Материалдар: Махамбет портреті, шығармалар жинағы, буклеттер, презентация, Б. Аманшин «Махамбеттің тағдыры» кітабы

Сабақтың типі: білім, білік дағдыны бекіту.

Сабақ түрі : кіріктірілген сабақ

Пәнаралық байланыс : Тарих, музыка, әдебиет теориясы

Сабақтың әдісі: Lesson Study әдістемелері

Сабақтың барысы:

Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Кезең:

І. Ой қозғау

(қызығушылықты ояту)

Кіріспе

. . . Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала

Әр адамда өз анасынан басқа да

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт ана,

Туған жері - түп қазығы, айбыны

Туған тілі - сатылмайтын байлығы

Туған дәстүр , салт-санасы, тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы , еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да

Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған

Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы

Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы!

М. Шаханов

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі ойнап тұрады

М. Шаханов өлеңі оқылады

Үй тапсырмасын сұрау, жоба қорғау

І топ. «Ақ сұңқар» Махамбет - ұлы тұлға (өмірі мен шығармашылығы)

ІІтоп. «Ақбозат»

Ерлік пен елдік (Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі)

ІІІтоп. «Мұрагер»

«Махамбет - ХХІ ғасырда»

Оқушының іс-әрекеті:

Жоба қорғау стратегиясы.

Әр топ мүшелері көшбасшыларымен бірге ақпараттар іздейді, жинайды, арнайы плакатқа түсіреді, немесе электронды презентация түрінде қорғайды.

Кезең:

ІІ. Ойды іске асыру (мағынаны ашу)

Ақын өлеңдерін жатқа айту, поэтикалық талдау

Сергіту сәті

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Жаңа сабақ

Махамбет - күрескер ақын

Ітоп. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін талдау

ІІтоп. «Мен - құстан туған құмаймын»

ІІІтоп. «Мұнар күн», «Жалғыздық» өлеңдері

«Қара жорға» биі

Оқушының іс-әрекеті: Әр топта өлеңді жатқа оқиды, өлең тақырыбы мен идеясы, өлең құрылысы, көркемдік ерекшелігіне (троп түрлеріне) талдау жасайды. Жеке-жеке қорғайды.
Кезең:

ІІІ. Қорытындылау

(кері байланыс)

Мұғалімнің іс-әрекеті:
  1. Поэзия минуты
  2. 5 жолды өлең құрастыру
  1. Махамбет
  2. Асқақ ойлы

3. Ұрандайды

4. Мен, мен едім, мен едім.

5. Ұлы тұлға

Оқушының іс-әрекеті:

Әр топта ақын өлеңдерін жатқа оқиды

Сабақта алған білімдерін жинақтап, тұжырымдайды

Үйге тапсырма: 1. Ақын өлеңдерін жаттау.

2. Әдеби-тарихи зерттеулерді іздеу, жинақтау

3. Б. Аманшин «Махамбеттің тағдыры» романын оқу


Ұқсас жұмыстар
Буырқанған даланың дауылпазы
Махамбет – күрескер ақын Махамбет Өтемісұлының өмірімен , халқына сіңірген қызметімен таныстыру
Махамбет оқуы
Махамбет Өтемісұлы өмірі, шығармашылығы
Махамбет өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы. 9-сынып
Шандор Петефи Ұлт өлеңі
Ерлік пен елдік - махамбет ұраны
Махамбет жауласқан хан
Махамбет-ерліктің жалынды жаршысы
Махамбет шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz