Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

М.әуезов "аққулар ұйықтағанда". әдістемелік сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы.
Сабақтың мақсаты: Ақынның өміріне шолу жасау, сөзімен өлең өрген жыр пырағы - Мұқағали туралы дерек, поэмасының тақырыбы мен идеясы, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ақынның поэзиясының өміршеңдігін таныту, көркемдік тілін ашу.
Дамытушылық: Оқушының сөйлеу тілін дамыту,өз ойын еркін,жаттық жеткізе білуге,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Өз бетімен іздене білуге,ой қорытуға үйрету.
Тәрбиелік мәні: Туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, халықтық наным-сенімді (қасиет, кие) қадір тұтуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар поэманың мазмұнымен танысады.2. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере алады.3. Топта өз ойларын, көзқарастарын қорғай алады.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка, география, тарих, өзін-өзі тану т.б.
Сабақ көрнекілігі: ақын суреті, техникалық құралдар,компьютер,аққу туралы тақырыптық суреттер,көрініс,сызба- кестелер т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: интербелсенді әдіс-тәсілдер
1. Мәнерлеп өлең оқу.
2. Композициялық жоспар (сызба кесте) талдау.
3. Шығармашылық ізденіс
4. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Сабақ барысы.
Ұйымдастыру.
І. Үй тапсырмасын пысықтау (ой шақыру)
<<Микрофон>> әдісі. Оқушылар өткен сабақтағы ақын өмірі мен шығармашылығы алған білімдеріне қоса жаңа ақпараттарын топтастырады.
Жаңа сабақ. - Мұқағали мұрасы-жалпақ елдің жүрегінде, ой-парасатында, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап нұр беруде.Әр ғасырдың біртуар адамы болады. Мысалы: Абайда-ой, Мағжанда-махаббат, Қасымда-от, Мұқағалида тазалық (қасиет деген ұғым) басымырақ болады.Табиғат ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді.
Табиғат
Жанымды алсаң,
Алшы менің,
Бір түйір жерге түскен, тамшы едім.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің.
Артымда қалсын жерім,
Қалсын елім, - деген Мұқағали
барлық өлеңіне бойындағы сезімнің ағынымен барып таусыла жазды.Барлық шығармасын соңғы өлеңіндей жазды. Өйткені,
"Мұқағали-бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей ірі талант иесі".Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма "Аққулар ұйықтағанда>>- ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.
Мұқағали:
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген болатын. Бүгін сондай <<Сұмдық сыры бар>> жыры <<Аққулар ұйықтағанда>> поэмасынан ой толғаймыз.Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев ағаларың былай дейді.
М.Мақатаев шығар.жинағы 1991ж <<Мұқағали жайлы ойласам>> деген алғысөзден оқып беру\.
- Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегінде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан Жетімкөлдің ерке аққуы баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сен де аһ ұрасың.
ІІ. Поэманың әр тарауына ат қою:
* Жетімкөл аққулары
* Аққуға атылған оқ
* Аққулардың көлге оралмауы

ІІІ. Мәтінмен жұмыс.
Мәтіннің мазмұнын оқып, сатылай кешенді талдау (<<Жіптегі тізбектер>> әдісін қолдану)
1-топқа:
1.Поэманың І бөлімінен қандай әсер алдыңдар?
2.Туған жер, Жетімкөлдің сұлулығы,аққудың үні, қасиеті, айнала қоршаған ортамен үндестігі, ақынның сезімі өлеңде қалай берілген?
3.<<Сызат>>, <<Алау>> сөздерінің мағынасын түсіндір.

2- топқа:
1.Ананың психологиялық жай-күйін ақын қалай берген ?
2.Ананы қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген не?
3.Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып - деген өлең жолындағы <<күй>> сөзінің мағыналарын түсіндір.
3-топқа:
1.Осы бөлімдегі жылқышы мен ананың
диалогін екі оқушы кезекпен мәнерлеп оқыңдар.
2.Білмеймін сор аттың ба,бақ аттың ба ?
Аққуға кезенерде ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?-деген жылқышы
қарттың сөзінде не мән бар?
3. << Қасиет>>, <<Қасірет>> сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.

Поэманың композициялық құрылысына талдау:
Оқиға қалай басталуы
Оқиғаның дамуы.
Оқиғаның шиеленісуі
Оқиғаның шарықтау шегі
Оқиғаның шешімі
Оқиға соңы. Эпилог

IV. Сабақты бекіту. (<<Қар кесегі>> әдісін қолдану). Әр оқушы ақ параққа сұрақ жазып, бір-біріне қар кесегі етіп лақтырады. Сол сұрақтар бойынша пікір алмасады
V. Сергіту сәті: поэзия минуты (оқушылар поэмадан үзінділерді жатқа оқиды), Н.Тілендиевтің <<Аққу>> күйі ойнап тұрады
VI. <<Рольдік ойындар>> әдісі: поэманың үш тарауы бойынша оқушылардың дайындаған инценировкалары қойылады

VII. Рефлексия: Кері байланыс <<Бестармақ>> (Синквейн) әдісі. Поэмаға арқау болған тірек сөздерге бес тармақты өлең құрастыру
<<Аққу>>, <<Ана>>, <<Кие>>
Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағын толтыру, тапсыру

Оқушының аты-жөні
Мазмұнын оқу, жоспарлау
Сатылай-кешенді талдау
Үзінді жатқа оқу
Эссе жазу
Орташа баға
Мұғалім бағасы

Топ көшбасшысы:
VIII. Үйге тапсырма:
1."Аққу - киелі құс>> - эссе жазу, сурет салу
.

Ұқсас жұмыстар
Ананың аққуды атуы
Аққулар ұйықтағанда
Аққулар ұйықтағанда Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби - сазды кештің сценарийі
Баласының ана
«Аққулар ұйықтағанда» М.Мақатаев
Аққулар ұйықтағанда. 8 сынып
М.мақатаев «аққулар ұйықтағанда»
М.мақатаев. аққулар ұйықтағанда поэмасы
Анаға мінездеме
Ана әрекеті
Пәндер