Семей қаласы №22 жалпы орта білім беретін мектебінің Аяулы күз, Алтын күз мерекелік-сайыс бағдарламасы

Кумганбаева Жанар Муратовна

Семей қаласы, «№22 жалпы орта білім беретін мектеп»

«Аяулы күз, алтын күз» мерекесі

Мақсаты:

Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Көрнекілік: слайд, сахна безендірулер.

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! «Аяулы күз, алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз - жазтара даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық.

2 - жүргізуші:

Көбейді құт - береке,

Құтты болсын мереке,

Астық толы қоймамыз.

«Алтын күзді» тойламыз!

1 - жүргізуші:

Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуаныш күн, біліп қой!

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой!

2 - жүргізуші:

Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - дей келе бүгінгі «Аяулы күз, алтын күз» сайысын бастауға рұқсат етіңіз.

1 - жүргізуші:

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы кең дала,

Дариядай шалқар күз! - дей келе бүгінгі «Аяулы күз, алтын күз» сайысына қатысатын топтарды ортаға шақырайық. Қол соғып, хошеметпен қарсы алайық.

1- топ:

2- топ:

3- топ:

4- топ:

5- топ:

1 - жүргізуші:

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні боп келіп қапты гүлдер ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңызға, -дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін:

1 -

2 -

3 -

2 - жүргізуші:

- Бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. «Біз біргеміз» /топ таныстыруы, кеуде тағар, ұраны, әні/
2. «Өнерлі өрге жүзер» /өнер сайысы/
3. «Білгенге-маржан» /сұрақ жауап/
4. «Күз көркі» /сән үлгісі, әр топтан 1 оқушы/
5. «Көрме» /үйден жасап әкелінген салат/

1-2 жүріргізушілер: Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.

Ән шашу: 4 «Г» сынып оқушысы Турусбекова Адия «Ән шашу»

1- жүргізуші:
І - бөлім: «Біз біргеміз»
/топ таныстыруы, кеуде тағар, ұраны, әні/

Салқын тартып түз демі

Білдіреді күз нені?

Шым еткізер жүректі

Тырналардың тізбегі, - дей келе бірінші топты ортаға шаруға рұқсат етіңіздер!

2 - жүргізуші:

Ызғырықты жел өтіне

Шыдап баққан тербетіле.

Ағаш біткен шашып жатыр

Алтын теңге жер бетіне

Ортада екінші топ.

1- жүргізуші:
Тұратұғын құлап көктен,

Күн де салқын қыратты өпкен

Момақансып, сылдыр қақпай,

Жылтырайды бұлақ біткен.

Үшінші топты қошеметпен ортаға шақырайық.

2 - жүргізуші:

Құлақ түрсең аңдай қағып,

Күз кеткендей әнге айналып

Жел сынсытса, қобыз тартып

Қыр тыңдайды таңдай қағып

Төртінші топқа кезек берсек

1- жүргізуші:

Алма пісті бағымда

Пісті балдай қауын да

Жүзімдер тұр мөлдіреп, үзер шағың келді деп

Алтын дәнін сары дала

Құйып жатыр қамбаға

Күз еңкейе береді

Жер жемісін тереді - дей келе ортаға бесінші топты шақырайық.

Ән шашу: 4 «А» сынып

2 - жүргізуші:

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашанда нанымды

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден - деп, ІІ бөліміміз «Өнерлі өрге жүзер» /өнер сайысы/

1- топ:

2- топ:

3- топ:

4- топ:

5- топ:

Ән шашу: 4 «В» сынып оқушысы Мухаметханова Перизат өзбек биі

1 - жүргізуші:

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз! - ІІІ бөлім «Білгенге-маржан» /сұрақ жауап/

/Музыка қосып топтарды ортаға шығару/

1- топ:

2- топ:

3- топ:

4- топ:

5- топ:

Ән шашу: 4 «Б»

2 - жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр бала әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен - ІҮ бөлім «Күз көркі» /сән үлгісі, әр топтан 1 оқушы/

1- топ:

2- топ:

3- топ:

4- топ:

5- топ:

1 - жүргізуші:

Күзгі жеміс - жидектен

Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең! - деп, «Күзгі дастархан» көрмесі.


Ұқсас жұмыстар
№23 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сыныптары үшін Алтын күз мерекесінің сценарийі мен сайыс бағдарламасы
ЖББ №17 орта мектебінің Алтын күз мерекесінің сайыс бағдарламасы
Мектепішілік Аяулы күз, Алтын күз 2018 байқауының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы №3 орта мектебінің 2013-2014 оқу жылындағы Арайлы алтын күз мерекелік-сайыс бағдарламасы
Семей қаласы №26 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларымен қоштасу кешінің бағдарламасы
Астыққа бай - Алтын күз: балабақша мерекелік-білім беру сценарийі
Мектептік Алтын күз кешінің сценарийі мен сайыс бағдарламасы
Даярлық топтағы Берекелі күз мерекелік-сайыс бағдарламасы
Қарағанды облысы Октябрь ауданы №7 Жамбыл Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың Аяулы күз, Алтын күз тақырыбындағы күзгі мерекелік тәрбие сағаты
Семей қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектептің математикалық сайысын ұйымдастыру жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz