Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
Денелердін электрленуі, электр заряды, электр зарядының сақталу заңы. электроскоп. электрөткізгіштер және электр тоғын өткізбейтіндер. 8 сынып
Физика пәнінен ашық сабақ (8 сынып)
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Электр өткізгіштер және электр тоғын өткізбейтіндер.
Орындаған: физика пәнінің
мұғалімі - Сариева Б.К.
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Мерей ауылы А.С.Макаренко атындағы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Денелердің электрленуі. Электр заряды, электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Электр өткізгіштер және электр тоғын өткізбейтіндер.
Сабақтың мақсаты:
* Денелердің электрленуін, электр зарядын сақталуын, электроскоптың қолдануын, электр өткізгіштер және электр тоғын өткізбейтін заттар туралы тұжырым беру және табиғаттағы электрленуді түсіндіру.
* Оқушылардың қызығушылығын, білім дағдысын арттыру.
* Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі:
Іштен жанатын қозғалтқыш моделі, плакат, эбонит, шыны, металл таяқшалар , резина шарлар, электроскоп, электроскоп, электрофор машинасы, <<электр сұлтандар>>, іштен жану қозғалтқышының электрондық оқулық.
Сабақтың барысының жоспары: Ұйымдастыру кезеңі.
І. <<Біліміңді байқап көр>> - үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында оқушылардың әр - қайсысына жеке - жеке үлестірмелі карточка немесе жалпылама есептер беріледі:
А) Іштен жанатын қозғалтқыш деп қандай қозғалтқышты айтады? Олар қайда қолданылады?
Б) Іштен жанатын қозғалтқыштың 1 жұмыстық циклінде қанща жүріс немесе такті болады?
В) Қозғалтқыштағы 4 тактінің әр - қайсысында қандай процесстер жүреді? Бұл тактілер қалай аталады?
Г) Іштен жанатын қозғалтқышта маховик қандай қызмет атқарады?
Д) Автөкөліктерде көбіне қандай іштен жанатын қозғалтқыштар пайдаланылады?
Е) Бу турбинасының құрылымы, оның пайдалану мақсаты?
Ж) Жылу машиналарын қолдану қоршаған ортаға қандай кері нәтижелерге алып келеді?
З) Жылу қозғалтқыштардың пайдасы және зияны.
К) Оқушылардың әзірлеген баяндамаларын,презентацияларын тындау,талқылау. Тақырыптары: Іштен жану қозғалтқыштарының түрлері, жылу қозғалтқыштардың түрлері (реактивті ,турбо компрессорлы , бу және газ турбиналары).
Сұрақтардың жауаптарын талқылау, жұмыстард ы бағалау.
І.І. <<Теңге алу>> - формулалардың физикалық мағынасын, өлшем бірліктерін айту:
Q = mc (t2 - t1)
Q = mq
ŋ = Aп / Ат ˟ 100 %
І.ІІ. <<Білмекке құмарлық>> - оқушылардың теориялық білімдерін есепте шығаруда қолдану:
1 есеп. Автокөліктің қозғалтқышы 55 кВт қуат өндіреді. Егер оның ПӘК - і 27 % болса, онда ол 2 сағат ішінде қанша бензин жағады? (31,8 немесе 32 кг).
2 есеп. Машинаның қозғалтқышында 23 МДж пайдалы жұмыс өндіру үшін 2 кг бензин жұмсалады. Осы қозғалтқыштың ПӘК-ін табындар? Бензиннің меншікті жану мөлшері - 46 х 106 Дж/кг. (25 %).
3 есеп. 60 МДж жылу бөліп шығару үшін массасы қанша тас көмір жағу қажет? Тас көмірдің меншікті жану мөлшері 30х106 Дж/ кг. (2 кг).
4 есеп. Массасы 300 г суды 100 С-ден 180 С - ге қыздыру үшін қандай жылу мөлшері керек? Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/кг0 С. (10,08 кДж).
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Неліктен киімге шаң - тозаң жабысады?
Пластмасса тарақты немесе қаламды киімге үйкелесендер, оның ұсақ қағаздармен әсерлесуін байқаймыз. Мысалы: мысықты жүнінен сипалағанда, шатырлаған дыбысты естиміз, немесе үстімізден синтетикалық киімді шешкен кезде шытырлаған дыбысты естиміз. Оқулықпен жұмыс - 108 - ші бет: 600 жыл бұрын гректер - янтарьды <<Құрғақ шайырды электрон деп атаған, себебі, янтарь - жүн талшықтарын өзіне тартқан>>.
Электрон - заряд - электр күштер.
Үйкелесу, жанасу, ажырасу, соқтығысу, жарылыс кезінде пайда болатын электрлік заряд, өзара әрекеттесу қабілеті - электр деген физикалық шамамен сипатталады.
q1 + q2 + q3 + qn = const - Электр зарядының сақталу заңы.
Электр зарядттарын байқау үшін қолданылатын аспап - электроскоп. Оның құрылымы: металл корпус, пластмасса тығын, металл таяқша, кішкене жапырақшылар және таған. Заттар - электр әсерлесу - электр заряд өткізетіндер: су, жер, бензин, металлдар, тұз бен судың қоспасы. Электр зарядын өткізбейтін заттар: диэлектриктер немесе оқшалауғыштар (пластмасса, резина, ағаш). Электронды оқулықтан тәжірибелерге түсінік беру.
Тәжірибе көрсету:
* Пластмасса сызғышты қағазға үйкелеп, газетке жақындату.
* Екі кішкене үрілген резинка шарларды бір - біріне жақын, бірақ өзара жанаспайтындай етіп іліп, екі шарды былғарымен немесе ұлпа мен үйкелеп, тәжірибеге түсінік беру.
* Қағаз қиықшаларына (электрлік сұлтандарға) зарядталған таяқшаларды жақындату, тәжірибелерге түсінік беру.
* Эбонит таяқшаны жібекке немесе қағазға үйкелеп, теріс таңбалы заряд алу, құбылыстарына түсінік беру.
* Электрофор машинасы көмегімен зарядтардың пайда болуын байқау.
* Электроскопқа шыны, эбонит, фарфор таяқшаларын тиғізу және оқушылардың түсініктерін ортаға салу.
ІІІ. Бекіту кезеңі. Физикалық диктант:
* Гректер янтарьды қалай атаған? (электрон).
* Электрлену әсерін сипаттайтын шама қалай аталады? (электр заряды).
* Аттас зарядтар қалай әсерлеседі? (тебіледі).
* Қарама - қарсы зарядтар қалай әсерлеседі? (тартылады).
* Электр зарядтарды қандай аспаппен байқауға болады? (Электроскоп).
* Зарядтарды өткізбейтін заттар қалай аталады? (изолятор немесе диэлектриктер).
ІV.Сергіту (жұмбақтар):
* Суға салсан батпайды, отқа салсан жанбайды. (мұз).
* Аяғы жоқ, қолы жоқ. Бірақ үйге кіреді. (Жылу мен суық).
* Жай көзге көрінбейді, қозғалуға ерінбейді. (моллекула).
№ 383, 384, 385 ауызша есептері, есептер жинағынан.
V.Үй тапсырмасы : §28, 29. № 13 (5). №5 эксперименттік тапсырмаға түсінік беру.
Оқушылардың жауаптары мен орындаған тапсырмаларын бағалау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz