Логика әлемі

Тақырыбы: Логика әлемі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, алған білімін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылық ізденістерін ұштау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеу. Оқушылардың алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі: ребустар, слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі:
Топтық сайыс
Сабақ типі:
Ойын түрінде
Жоспары:
1-кезең. Ойлы болсаң озып көр (логикалық сұрақтар)
2-кезең. Білімпаздар еліне саяхат (сөзжұмбақтар шешу)
3-кезең. Бәйге (үй тапсырмасы)
4-кезең. Кім тапқыр? (әр сөйлемнен артық сөзді сызу)
5-кезең. Кім жылдам? ( берілген есептерді есептеп, сөз құрастыру)
6-кезең. Шешуін тап (ребус шешу)
- Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Логика әлемі» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. 1-топ «Тапқырлар», 2- топ «Алғырлар»)
Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт, - деп
алғашқы сайысымыз ойлы болсаң озып көр (логикалық сұрақтар)
1-топ «Тапқырлар»
- Үстел үстіндегі балықтардың үйі -аквариум
- Онсыз тамақтың дәмі жоқ - тұз
- Қыс мезгілінің үшінші айы - ақпан
- 4 тышқанның құлағы нешеу - 8
- Ұшатын көлік қалай аталады - ұшақ
- 1 жылда неше ай бар - 12 ай
2- топ «Алғырлар»
- Ас атасы - нан
- Аулада жүрген қаздардың аяқтарының саны 8. Аулада неше қаз жүр - 4 қаз
- Аяқ киімнен жолда қалған таңба - із
- Пияз аршысаң көзіңнен не ағады - жас
- Сенбіден кейін үш күн өтті. Ол қай күн - бейсенбі
- Екі пілдің құлағы нешеу - 4
2-кезең. Білімпаздар еліне саяхат (сөзжұмбақтар шешу)
1-топ «Тапқырлар»
- Түбір сөзге жалғанған бөлік?
- Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал?
- «Ата-ананы құрметтеу туралы» әңгімесінің авторы?
- Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура?
- Аспан әлемі?
- «Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі?
- Есептеу қай саннан басталады?
- Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік?
2-топ «Алғырлар»
- Судың қатты күйі?
- Қосуға кері амал?
- Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?
- «Жылу» кімнің өлеңі?
- Жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат?
- «Сенің атың кім» - бұл қандай сөйлем?
- Екі ұшы шектелген (түйінделген) түзу сызық?
- «Апаның тілін алса егер . . . » өлеңінің авторы?
3-кезең. Бәйге (үй тапсырмасы)
- М. Мақатаев кім?
- Ол қай жылдар арасында өмір сүрді? (1931-1976 жж)
- Анасының есімі - Нағима
- Әкесінің есімі - Сүлеймен
- Мұқағали Мақатаевтің қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
(Оқушылар жатқа білетін өлеңдерін айтады)
4-кезең. Кім тапқыр? (әр сөйлемнен артық сөзді сызу)
1-топ «Алғырлар»
- Анар сорпаны тұзбен тұздады.
- Жомарттың жас күшігі бар.
- Бөлмеге күннің күн сәулесі түсіп тұр.
- Жазира қорыққанынан сыбырмен сыбырлап сөйлейді.
2-топ «Тапқырлар»
- Раушан жазумен хат жазды.
- Айдын күшігінің атын атап атымен шақырды.
- Аян апасымен әңгімелесіп әңгіме айтты.
- Айдана шайға қасықпен қант қосты.
5-кезең. Кім жылдам? ( берілген есептерді есептеп, сөз құрастыру)
25+15 (А) 38+18(Н) 54+37(Ш) 100-33(Д)
70-16(Ы) 80-41(Қ) 65-18(Р) 24+28 (А)
6-кезең. Шешуін тап (ребус шешу)
Жауабы: дуниетану
Қорытынды: Әділ қазы алқаларының шешімі жарияланып, оқушыларға мақтау грамоталары таратылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz