Орыс халқының қолөнері - гжель

Бейнелеу өнері. 6- сынып.

Тақырыбы: Орыс халқының қолөнері -Гжель

Сабақтың мақсаты: Гжель өнері туралы толық мағлұмат алу, ерекшеліктерінің мәнін түсіну, эстетикалық талғамды арттырып, мәдени дүниетанымды кеңейту, өнерге бет бұру.

Міндеттері: Гжель өнерінің қыр-сырларымен таныса отырып, оның басты принциптерін білуге, өрнектерін салуда ізденімпаздық, талғампаздық, шығармашылық, іскерлік, шапшаңдық қабілеттерді жаттықтырып, дамыту.

Нәтижесі: Оқушылардың өнерге деген қызығушылықтары, белсенділіктері, эстетикалық талғамдары артып, өнерді жоғары бағалауға, өнер туындыларын қадірлеуге көз қарастары артады, таным қабілеттері кеңейеді.

Әдісі: Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебі бірлікте ұсынған жаңа технология - 7 модуль бойынша: білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, білім беру үшін бағалау мен оқуды бағалау, білім беру АКТ ны қолдану, СТО әдісі, көшбасшылық, дарынды балаларды оқыту, топтық жұмыс, сұрақ-жауап арқылы диалог орнату, проблемалық жағдаяттарды шешу, практикалық кезең.

Пайдаланған ресурстары: АКТ, тірек-сызба, бояулар, қылқаламдар, қағаздар, иллюстрациялар, сөзжұмбақ, тақырып аясындағы слайдтар.

Түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: әр түрлі өсімдіктердің гүлдері арқылы 3 топқа бөлу, топтарды ережемен таныстыру, бағалау парағымен және оның критерийлерімен таныстыру.

1-слайд. Ереже:

1. Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;

2. Бір-бірімізді тыңдаймыз;

3. Бір ғана адам сөйлейді;

4. Өз ойларымызбен бөлісеміз;

5. Бос сұрақтар болмайды;

6. уақытты үнемді пайдаланамыз.

2- слайд.

ІІ. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында, психолгиялық көңіл-күй сыйлау:

Мұғалім сөзі : - Құрметті оқушылар, қонақтар! Табиғатта керемет күш - күн бар, ол өзінің нұрын шашып, барлығымызға жылу сыйлайды. Бүгін де күннің арай шашқан әр бір сәулесі біздің сыныбымызға түсіп, сабаққа деген ынтамызды арттырып, бойымызға күш-қуатын берсін, жақсы көңіл-күй сыйласын! Олай болса, барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілегімізді білдіріп, сәттілік тілейік. (Қол соғу )

ІІІ. Мұғалім сөзі: - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың э пиграфымен танысайық.

3- слайд. « Еңбек - өнер өрісі, өнер - өмір жемісі»

(Тақтадағы мақалды балаларға оқытып, мағынасын сұрау. )

1 - топ: Осы мақалда не туралы айтылған? ( еңбек және өнер туралы)

2- топ: Өнердің өрісі не арқылы кеңейеді? ( еңбек арқылы)

3- топ : Өмір жемісі дегенді қалай түсінесіздер? ( өнерлі болсаң, өмірде таршылық көрмейсің)

( Топ бойынша формативті бағалау)

ІҮ . 4- слайд. Ой қозғау мақсатында өткен тақырыптарға шолу жасау:

1 - топ: 1. Үйлестіру, орналастыру қалай аталады? (Композиция)

2. Аспан мен жердің қиылысқан сызығын не дейміз? ( Көкжиек)

2- топ: 3. Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (Портрет)

4. Су әлемін бейнелейтін жанрды не дейміз? ( Моринист)

3- топ: 5. Табиғат көрінісін бейнелейтін өнерді не дейді ? ( Пейзаж)

6. Қалам мен тушьпен бейнелейтін өнерді не дейміз? ( Графика)

( Топ бойынша формативті бағалау)

Ү. Жаңа тақырыпты және мағынаны ашу.

Мұғалім сөзі: Балалар, енді назарларыңызды интербелсенді тақтаға аударыңыздар. Мұнда сөзжұмбақ жазылған, соның дұрыс жауабын табайық:

5-слайд. Сөзжұмбақ шешу ( Оқушылар сөзжұмбақтың негізгі сөзі -кілті «Гжель» арқылы жаңа тақырыпты анықтайды)

( Топ бойынша формативті бағалау)

6- слайд. Кластер арқылы жаңа сабақты, өнердің шығу тарихын және қазақ халқының күзешілік қолөнерімен ұқсастығын түсіндіру.

7, 8, 9- слайд. Гжель өнерінің негізгі элементтері .

10, 11-слайд . Гжель өнерінің салу тәсілдерін слайд арқылы көрсету

ҮІ. Топтық жұмыс орындау: №1 тапсырма

12- слайд.

  1. топ: Бұлбұл құстың бейнесін өрнектеп салып, түспен бояу;
  2. топ: Гүл бейнелі өрнек салып, түспен бояу;
  3. топ: Әтеш бейнесін өрнектеп салып, түспен бояу.
  1. 2.3.

( Топ бойынша формативті бағалау)

13 - слайд №2 тапсырма. «Өнер жайлы мақалдың жалғасын тап»

  1. топ: Өнегелі елден . . . бала туар. ( өнерлі)
  2. топ: Ойсыздан . . . шықпайды. (оюшы)
  3. топ : Ақыл көпке жеткізер, өнер . . . ( көкке)

( Топ бойынша формативті бағалау)

ҮІІ. 14- слайд. Сергіту сәті: «Қамажай» әуені аясында дене жаттығуын жасау

ҮІІІ. 15 -слайд. Шығармашылық жұмыс : Гжель элементтерін пайдаланып, ыдыстардың сыртын әшекейлеу: (Жәй әуен ойнап тұрады)

1- топ: Табақ C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\Новая папка\gzhel1-5.jpg 2-топ: Құмыра; C:\Users\admin\Desktop\гжель\img735_41436_big.jpg 3-топ:Тақтайша C:\Users\admin\Desktop\гжель\images (5).jpg

( Топ бойынша формативті бағалау)

ІХ. 16- слайд : Жаңа сабақты Венн диаграммасымен пысықтау. ( Оқушылар орыс және қазақ халықтарының қолөнерінің ортақ ұқсастықтарын салыстырады: қыштан жасалады, өсімдік өрнегін қолданады, күзешілік өнер, формалары ықшамдалған, көне дәуірден келе жатқан қолөнері )

17- слайд: Қорытындылау:


Ұқсас жұмыстар
Көркемдік жазба
Сабақ кезеңдері
Құрақ туралы мағлұмат. құрақ түрлері
Сәндік - қолданбалы өнердің қоғамда алатын орны
Қазақ халқының қолөнері - ұзақ тарихы бар ежелгі өнер
Ою - өрнек сыр шертеді
Қазақ халқының қолөнері
Қазақ халқының қолөнері. дүниетану 3 сынып
Ұлттық салт – дәстүрді сабақ үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін тарттыру
Қамшы өру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz