Сабақ жоспары :: Алғашқы әскери дайындық

Файл қосу

Сап және оны басқару


Ақтөбе обылысы Байғанин ауданы №3 Қарауылеелді орта мектебі
Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы - ұйымдастырушысы
Мұхамбетов Ұзақ

АӘД пәні 10 сынып

Сабақтың тақырыбы : Сап және оны басқару.

Мақсаты : Оқушыларға саптың элементтерімен ,сапты басқару
ретімен таныстыру. Саптағы солдат
міндеттетін ұғындыру.

Әдісі : Түсіндіру, көрсету, жаттығу.
.
Қолданылған құралдар : АӘД кітабы, плакаттар.

Өтілетін жер : Сынып бөлмесі, саптық алаң.

Сабақ жоспары : Ұйымдастыру 5 минут Отыздық сардарынан
рапорт алғаннан
кейін оқушылардың киім
киісін, жинақтылығы тексеріледі.

Кіріспе бөлім : 10 минут. Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша
сұрақтар беремін

1. Қ Р Қ К қашан құрылды ?
7 мамыр 1992ж

2. К Рнын Президент Н Назарбаевтын
әскери іске катысты лауазымды
қызметі
Жогаргы бас колбасшы

3. КР мемлекеттік нышандары кашан
бекітілді
24 кантар 1996 ж

4. КР әскери Ант кашан бекітілді
25 тамыз 1992 ж

5. КР Президент тікелей багынышты әскер
Республикалык ұлан

6. Жалпыга бірдей әскери міндеттілік
делінген 1 бапка сәйкес запаста
Тұрған адамдарды қай санатқа
жатқызады

әскери міндеттілер

7. Әскери кызметке неше жастан неше
жаска дейін шакырылады
18-27

Сабақтың сұрақтары

1 Сап және оны басқару.
2 Пәрмендер және оны беру реті.
3 Сарбаздың саптануы және саптағы міндеттері.

Негізгі бөлім 25 минут

Тақырыппен таныстырып,сабақтың мақсатын түсіндіремін.
Саптық дайындық әскери қызметкерлерді үйрету мен тәрбиелеудің
негізгі принцип
терінің бірі болып табылады.
Саптық дайындық жөніндегі сабақтар әскери қызметкерлердің тәртібін
күшейтеді,
Оларда үздік саптық сымбатты үлгілі, сыртқы түрді,саптық әдістерді
нақты орындау
ды қалыптастырады,жауынгерлердің мұқияттылық, ептілік және
төзімділік қасиеттер-
ін дамытады.
Саптағы тәсілдер мен іс қимылдарды ойдағыдай орындауы үшін әскери
қызметкер-
лердің сап туралы түсінігі болуы керек, оның элементтерін,
пәрмендерді орындау
ретін, сап құру алдындағы және саптағы мінтеттерін білуі керек.
Сап және оны басқару

Сап әскери қызметкерлердің, бөлімшелердің және бөлімдердің өзара іс
қимыл жасау-
лары үшін орналасуы.
Қатар белгіленген бір сызық бойында әскери қызметкерлердің
біреуінің екіншісінің
қасына орналасуы.
Сап қапталдары саптың оң сол жақ шеті. Бұрылған кезде аттары
өзгермейді.
Маңдайшеп саптың әскери қызметкерлер тіке қарап тұрған жағы.Саптың
тыл жағы
маңдайшеп жағына қарама қарсы жақ. Аралық маңдайшеп әскери
қызметкерлердің
арасындағы аралығы.
Арақашықтық саптың тереңдігі бойынша әскери қызметкерлердің
арасындағы аралық
Сап ені қапталдар арасындағы қашықтық.
Саптың тереңдігі саптың бірінші қатарынан , саптың соңғы қатарына
дейінгі аралық.
Екі қатарлы сап бір қатардағы әскери қызметкердің ту сыртында бір
қадам арақашык-
тықта орналасқан сап.
Қатар екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі
әскери қызметші.
Бір қатарлы және екі қатарлы саптар жиналма немесе жайылма болуы
мүмкін.
Лек әскери қызметшілер бір бірінің ту сыртында орналасқан сап.
Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп қатарлы болуы
мүмкін.
Лектер бөлімшелерді жорық сапты орналастыру үшін қолданылады.
Жайылма сап бөлімшелер бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі
қатарлы
сапта белгіленген арақашықтықта орналасқан сап.
Жайылма сап тексерістер санақтар, байқаулар, парадтар жүргізу үшін
т.б, қажетті
жағдайда қолданады.
Жорық сабы бөлімше лекке бір бірінің артында белгіленген ара
қашықтықта орналас-
қан сап.
Жорық сабы марш жүргізудегі ән салып, салтанатты шерумен жүріп
өтудегі бөлім-
шелердің қозғалысы үшін қолданылады.
Бағыттаушы көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери
қызметші.
Тұйықтаушы лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші.
Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер
Пәрмендер алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді.
Мысалы
Оңға бұрыл, Солға бұрыл, Артқа бұрыл.
Тек орындалатын пәрмендер де болады. Мысалы Түзулен, Тіктел, Еркін
тұр, Саптал.
Алдын ала берілетін пәрмендер саптағылар командирдің олардан қандай
әрекеттерді
талап етіп тұрғанын түсіндіру үшін нық, қатты және сзылмалы дауыспен
беріледі.
Мысалы : Отыздық тоқта Қатардағы жауынгер Әлімов, бері кел,
қабылдауды жою
немесе орындауды тоқтату үшін Тоқтат пәрмені беріледі.
Осы пәрменді қабылдауды орындауға дейін болған жағдай қабылданады.

Әскери қызметшінің сапқа тұру алдындағы және саптағы
міндеттері
- өзінің қаруының, өзіне бекітіліп берілген қарудың және әскери
техниканың жеке
қорғаныс құралдардың түзулігін тексеруге,
-киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге, анықталған
кемшіліктерді
жою үшін жолдасына кемектесуге тиіс,
- саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға,
арақашықтықты сақтау
ға ,саптан рұқсатсыз шықпауға,
-сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге және темекі тартпауға, өзінің
командирінің бұйрықтары
мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, оларды жылдам және нақты
,басқаларға
бөгет жасамастан орындауға міндетті.

Қорытынды 5 минут.
Түсіндіріп болғаннан кейін, қысқаша талдау жасаймын. Сабақ мақсатына
қалай жеткенін
жіберілген қателіктерді айтамын.


Ұқсас жұмыстар
Сап және оларды басқару
Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны
Күзгі ағаш
Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары
Ата заңым
Дана Абай (Сайыс сабақ)
Ежелгі Македония
Ұшқыны Ұлы Жеңістің
Атыс бөлімшесін басқару
Оқушыларға сұрақтар қою
Пәндер