Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Отбасын ,ата-ананы қадірлеу үлкенді сыйлау

Сыныбы: 5 <<А>>
Пәні: Әдебиет
Пән мұғалімі: Алиякбарова Алмагүл
Сабақтың тақырыбы: Отбасын, ата-ананы қадірлеу, үлкенді сыйлау
Сабақтың мақсаты: Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Адамгершілік және жақсы-жаман мінез туралы мақал-мәтелдерді кірістіре отырып эссе жазу.
Сыныпты үш топқа бөліп аламын
1 топ Алғырлар 2 топ Тапқырлар 3 топ Білгірлер
Үй тапсырмасын бекіту:
Тақтадағы ұяшықтың артында сұрақтар жасырылған. Оқушылар ұяшықты таңдай отырып, сол сұраққа жауап беруі қажет. Әр топтан үш оқушыдан таңдатамын.
10 ұяшық
* Мақал дегеніміз не
* Мәтел дегеніміз не?
20 ұяшық
* Мақалға мысал келтір
* Мәтелге мысал келтір
30 ұяшық
Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
* Қарағайға қарап тал өсер,
---------------------------------.
* Сөз қуған бәлеге жолығар,
----------------------------------.
ІІІ. Жаңа сабақ
Отбасын, ата-ананы қадірлеу, үлкенді сыйлау туралы мақал-мәтелдер.
Мақал дегеніміз-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайтын түрін айтамыз. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.
Мәтел дегеніміз-ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болатын түрін айтамыз. Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.
Оқушылар енді бүгін біз отбасын, ата-ананы қадірлеу, үлкенді сыйлау туралы мақал-мәтелдермен танысамыз.
Үлкенді сыйласаң-қадірлі боларсың,
Кішіні сыйласаң-құрметті боларсың.
Ана алдында құрмет,
Әке алдында қызмет. т.б
Топтастыру әдісі
құрметтеу

Ата-ана
қадірлеу

мәпелеу
сыйлау

аялау

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
-Енді балалар біз суретпен жұмыс жасаймыз. 3 сурет беріледі.
Оқушылар суретке қарап өзінің ойын айтады. Әр тоқа 2 суреттен беремін.
<<Алғырлар>> тобы <<Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала>> деген мақалды ұстана отырып бірінші суретті баяндайды.
<<Білгірлер>> тобы <<Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер>>, <<Ұлдың ұяты-әкеге, қыздың ұяты-анаға>> деген мақалды ұстана отырып екінші суретті баяндайды.
<<Тапқырлар>> тобы <<Оқусыз білім жоқ, білімсізх күнің жоқ>> деген мақалды ұстана отырып үшінші суретті баяндайды. Оқушылар енді әдепті мен әдепсіздің айырмашылығы бар ма? Әдепті балаларға қандай балалар жатады? Әдепсіз балаларға қандай балалар жатады.
сыпайы
еріншек
ұятсыз
арам
жағымпаз
талапты
мақтаншақ
рақымсыз
тәртіпсіз
Әдепсіз бала
ізетті
ұятты
үлгілі
талапты
арлы
адал
тәртіпті
Әдепті бала



ұстаз

ана
ата
әке

Тәлім-тәрбие беретін жандар


әже

Ой толғау

Мақал-мәтелдер құрастырыңдар!
* Жеті
Сегіз
Отыз
Қырық
* Өнер
Ақыл
Білім
Сана
* Жау
Қас
Дос
Дұшпан

<<Кім тапқыр>>
* Ашу не? Ақыл не? (Ашу дұшпанғ ақыл дос)
* Балалы үй қандай? (Балалы үй базар)
* Қанша тал кессең, қанша тал егуге тиіссің? (Бір тал кессең, он тал ек) т.б

-Ал оқушылар отбасында, мектепте тәрбиені кім береді? Соны білдіңдер ме?
Қай топтың кімдерге қандай алғыстары бар? Әр топ өздерінің құрметтерін өлең жолдарымен жеткізеді.
Алғырлар тобы
Асыл Ұстаз-мектеп жүрегі
Шуақ шашар реңі
Ұстаз деген-ұлы тұлға есімді
Біз үшін өмір сүреді
Ұстаздарға мың алғыс!
Тапқырлар тобы
Аялаған баптаған,
Асыраған сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен.
Анамызға мың алғыс!
Білгірлер тобы
Атам менің әрқашан
Бол дейтұғын тіл алғыш
Үлкендерден сонда да
Алып жүрме кір алғыс.
Атамызға мың алғыс!

Ү. Қорытынды
р/с
Мақал-мәтел
Тақырып
1
Өткір сөз-жанға қас,
Өткір пышақ-қанға қас

-----------------------------
2
--------------------------------
Ас тағам
3
Көп ақымақтың ағасы болғанша,
Бір ақылдының інісі бол

----------------------------------
4
-------------------------------
Той
5
Кедейменен бай жолдас болмас,
Қасқырменен кедей жолдас болмас

------------------------------

ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: Отан, ата-ананы қадірлеу, үлкенді сыйлау мақал-мәтелдер жаттап келу.

Ұқсас жұмыстар
Тәрбие тал бесіктен басталады. 9 сынып
Отбасы берекесі
Отбасындағы бала
Оқушының құралын ата
Отбасының берекесі. 3 сынып дүниетану
Мемлекет отбасы
Шақырылған қонақтар
Менің әжем
Тәрбиенің тамаша мектебі - отбасы
Әдепті оқушы қандай
Пәндер