Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
"біз мектепке барамыз" акциясы
Қостанай облысы Амангелді ауданы Ә.Боранбаев орта мектебінің әлеуметтік педагогы Әбдікова Әсем Серікқызы
Тақырыбы: "Біз мектепке барамыз " акциясы.
Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Санжар:
Құрметті ата - аналар, қонақтар, ұстаздар және оқушылар. Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1 - сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп - тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектеп алды даярлықпен қоштасқалы отыр. Мектеп алды даярлықпен бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырайық.
Томирис:
Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа енді жеттіңдер
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Айналайын балалар,
Алда мектеп - ана бар.
Өздеріңнен өседі
Өнерпаздар даналар.
Санжар:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық.
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы.
Өтсін солай, әрбір күнің, әр айың.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры: Төлегенов Бағдат Ағыбайұлына беріледі.
Ән:
1 - бала:
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
2 - бала:
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз
Апайға келіп тұрамыз.
3 - бала:
Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы.
Тәрбиеші апайға
Ырза шеше әке де,
Бізде мұнда әрдайым.
Бәрі, бәрі дап - дайын.
Қамымызды ойлаған.
Тәрбиешіге мың алғыс.
4 - бала:
Талай, талай баспалдақты аттармыз,
Ата - ананың үмітін де ақтармыз,
Тәрбиеші сізден алған ақылды.
Есімізде өмір бойы сақтармыз.
5- бала
Даярлықтағы күндерді
Есімізде сақтаймыз,
Апай берген білімді.
Еңбегіңізді ақтаймыз.
6-бала:
Баулып, баптап өсірген.
Балалық істі кешірген.
Тәрбиелі сөздерді,
Ұмытпаймыз өзіңізді.
7-бала:
Күннен - күнге біздер өсіп барамыз,
Үлкен болып қиындықты жеңеміз.
Сіздердің біздер үшін сіңірген.
Еңбектеріңіз еш болмайды деп сенеміз.
Санжар:
Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп,
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер.
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
Томирис:
Жақсылық жасау - имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. "Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса" - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол үшін созбасқа? ! Бүгінгі "Біз мектепке барамыз" акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын созып атсалысып отырған демеушілерімізге мың алғыс.
Ән:
Санжар:
Имандылық - адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс - әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін, ішкі рухани реттеуіш, қадір - қасиет адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Адамның тіршілік етуі, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік, жомарттық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер, имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Ендеше бүгінгі акциямызда осындай жүрегіне нұр, өңінен жылу кетпей әрдайым жақсылық жолын ойлайтын мырзалар мен ханымдарға сөз кезегін берелік..........................................................................................
Ән:
Томирис:
Бүгінгі оқушы Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның тұлғасы болар, білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шығуына қарлығаш көмектеріңізді бергендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз.
Сөз кезегі мектеп ұстаздарында.
Би:
Санжар:
Жомарттық - адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Олай болса, шын жүректен жасаған жомарттық сыйлықтарыңызды , арнайы қайырымдылық бұрышына қойылған......................................................................................................................................................................................................
Ән:
Томирис:
Көрмей өскен өмірдің дала мұңын,
Бақыт деген балдәурен балалығын
Бақыт деген ата - анам қуандырған,
Жеңістерім, табысты әр адымым.
Санжар:
Сүйкімділер, періштелер сендерсің,
Қандай бейне өздеріңе тең келсін,
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да.
Ең алдымен балалықты меңгерген.
Сендер дағы өздеріңше күрессең,
Өздеріңше сендерде өмір сүресің,
Болашақты жалғау үшін болашақ.
Бола жатар сендердің де үлесің.
Томирис:
Осымен өткізілген қайырымдылық акциямызды аяқтай келе, баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
Санжар:
Бала - бауыр етіміз, сондықтан да балаларың өмірі жарқын болып, аман болсын.
Қош сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz