Футбол. 5 сынып

Мектеп: Павлодар қаласы, №11 мектеп үлгідегі жалпы орта білім беру бейіндік мектебі
Мұғалім: Қабышева Мадина Иренғайыпқызы
Тоқсан: ІІІ
Сынып: 5
Күні: 2. 02. 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Футбол
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Спорт» тарауы бойынша сөздердің қолдану аясын кеңейтіп, болған білімдерін тиянақтау, пысықтай отырып бекіту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорды молайту, ойлау қабілеттері дамытып, ойын толық жеткізуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Денсаулық, спорт туралы пайдалы кеңестер алып, спортқа сүйіспеншілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: презентация, түсіндіру, аудару, талдау, жеке жұмыстар, сұрақ жауап, сергіту ойыны, тест
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, презентация, деңгейлік тапсырмалар, футбол добы
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3. Кезекшінің сөзі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сөздерді жаттау
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Кел, бала, сабақ баста
Жаз, оқы, сөйле, тыңда,
Айт, зерте, тексер, сұра,
Шаршама да, демалма,
Қазақ тілін үйренсең,
Көп ұтасың сен ертең.
1 слайд - спортқа байланысты түрлі суреттер.
- Бүгін біз не туралы сөйлесеміз? Дұрыс, балалар, біз сендермен «Спорт» тақырыбын жалғастырамыз.
2-слайд - сәйкестігін табыңыз
- Спорттың бір неше түрі болады. Әр спортта өз құралдары болады. Сәйкестігін табыңыз.
теннис
хоккей
футбол
бокс
баскетбол
жүзу
3-слайд
- Ал бүгін біз спорттың бір түрімен танысамыз.
- Қалай ойлайсыңдар, бұл қандай спорт түрі?
- Дұрыс, балалар, бүгін біз футбол туралы сөйлесеміз.
- Футболды немен ойнайды?
Сергіту сәті
Добын, добын, домалақ,
Тоқтамайсың домалап,
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың,
Тентек болдың кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім геп.
4 - слайд
Жаңа сөздермен жұмыс
қақпашы - вратарь
төреші - судья
бақылау - наблюдать, проверять
ескерту - предупреждение
тыйым салу - запрешено
тәсіл - способ
5-слайд
Мәтінмен жұмыс
Футбол
Футбол - өте қызықты ойын. Осы ойынды екі команда ойнайды. Әр командада он бір адам болады. Бір қақпашы, он ойыншы. Ойында төреші болады. Төреші ойын барысын бақылайды. Төрешіден ескерту алған ойыншы - сары карточка алады. Ойында қызыл карточка алған ойыншы ойыннан шығады. Себебі, тыйым салынған тәсілмен ойнауға болмайды.
Сұрақтарға жауап беріңдер (ауызша) .
- Футбол қандай ойын?
- Футболды неше команда ойнайды?
- Әр командада неше адам болады?
- Олар кімдер?
- Төреші не істейді?
- Сары карточканы кім алады?
- Қызыл карточка алған ойыншы не істейді?
- Себебі неде?
- Біздің сабақта да осындай карточкалар болады. Кім сабаққа қатыспайды, жұмыс істемейді - сол сары карточка алады, ал одан да сабаққа қатыспаса, қызыл карточка алады. Ол екі деген бағаны алады деген сөз. Менің ойымша осындай оқушылар бізде болмайды.
6 - слайд
Дұрыс-бұрыс
Футбол - өте қызықты ойын.
Осы ойынды үш команда ойнайды.
Әр командада 10 адам боглады.
Футболда төреші болады.
Сары карточка алған ойыншы ойыннан шығады.
Тыйым салынған тәсілмен ойнауға болмайды.
*
*
*
*
*
*
7-слайд
Сөз тіркестерін құрастырыңыз
қызық
екі
сары
төреші
ойыннан
шебер
шығады
карточка
болады
команда
ойын
қақпашы
Дұрыс жауап: қызық ойын, екі команда, сары карточка, төреші болады, ойыннан шығады, шебер қақпашы
- Сендер футболдың ойыншылар боласыңдар. Ойыншы не істейді? Қақпаға допты қағады. Кім қақпаға көп допты қақса, сол футболдың үздік ойыншы деп, атаққа ие болады.
ІІ-деңгей
І-деңгей
ІІІ-деңгей
- Қазір сендер деңгейлік тапсырмаларды орындайсыңдар. Орындағаннан кейін қақпаға саласыңдар (әр оқушының партасында қалташа, ол қақпаның рөлін атқарады) . Тапсырмалар доптың теріс жағында жазылған.



ІІІ-деңгей
1. Берілген сөздерді аударыңыз: ойын, ойнайды, адам, қақпашы, шығады
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Футбол қандай ойын?
- Осы ойынды неше команда ойнайды?
- Әр командада неше адам болады?
ІІ-деңгей
1. Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз: футбол
2. Берілген сөзді тәуелдеңіз: футбол
І-деңгей
«Футбол» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Тапсырмалардың орындалуын тексеру.
Тест
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz